Азақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері
Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 2013 жылы маусым айының 7-нші жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарт-тар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы камтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстык негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджет-тен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.
Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекетгік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың отемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқыктарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:
• барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
• әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
• білім берудің діннен тыс сипаты;
• тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
• білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестілігі;
• білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
• білім беру, ғылым және ендірістің шоғырлануы;
• оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
• білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - ол үлттық және жалпы-адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:
• білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
• түлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өнегелілік пен аман тұрмыс нүсқасының мығым негІзін қалыптастыру;
• азаматтык пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздер құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-кайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
• тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениетгік өміріне қатынасуының кажеттілігін қалыптастыру;
• әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру,
қазак және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
• білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
• оқытудың жаңа тсхнологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;
• еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайьгадау;
• әр түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын аныктайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосынша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беру бағдарламалары түлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандыкты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіи пен білік-тіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.
Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектеп-ке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекет-тік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру - үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты - жалпы бастауыш білім беру; 2-саты - негізгі жалпы білім беру; 3-саты - жалпы орта білім беру.
Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалык және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта бі лім беру жүйесінің құрамдас бөлігі бо лып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні туралы да мәлімденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білімнен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында камтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсштік білім беру мен кадрлар-ды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқык, экология, медицина, ақпаратхық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.
Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары бі-лім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптіқ, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.
Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағ-дарламаға сәйкес оқу процесін үйымдастыру технологиясының дәстүрлі жүйесінің орнына окытудың кредштік жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жүмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне танылуына әсер етеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады - жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім беру - ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмүны біріздендірілген болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойын-ша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Магистратурада дайындық 1-2 жылдык мезімде және екі бағыттажүргізіледі - ол тереңдетілген және ғылыми-псдагогикалык даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистр атты академиялық дәрежесі беріліп, олар докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналасуға құқығы бар,
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білік-ті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (РҺ.Б) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураиы игерген кезде - бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техни-калық және кәсіптік білім алуына мемлекетгік кепіл негізі бо-лып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың - мемлекетгік білім беру гранттары табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджетгік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.