Тақырып | Талқыланатын сұрақтар | Мақсат | Сабақтың нысаны |
І. Мемлекет және құқықтың пайда болуы | Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы. Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы. | Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету. | Сабақ дисскусиялық әдісі ретінде жүргізіледі. Онда студенттерге аудиторияда қосымша сұрақтар қойылады. Әр бір студент өзінің тақырыбы бойынша ой пікірін айта алады. |
ІІ. Құқықтық норма және құқық қатынасының түсінігі және құрылысы. | Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері. Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері. | Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау. | Студент доклад түрінде жазбаша реферат жазып оны семинар сабақ кезінде өзінің әріптестеріне бұл тақырыпты толық ашып көрсету керек. Студенттер яғни докладты айтып беріп жатқан студентке қосымша сұрақтар қойып отыруы керек. |
ІІІ.Конститу-циялық құқық негіздері. | Конституциялық құқықтың маңызы. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау. | Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау. | Студенттерден сабақ сұрап болғаннан кейін олардан жазбаша бақылау алынуы керек. Студент тек қана ауызша емес сонымен қатар жазбаша да жауап беруі тиіс. |
ІV. Әкімшілік құқық негіздері. | Әкімшілік құқықтың пәні. Мемлекеттік басқару органдары. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады. | Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау. | Студенттер семинар сабағында жауап беріп жатқан кезде тек қана біздің мемлекеттің әкімшілік құқық негіздерін ғана емес, сонымен қатар басқа елдер мен салыстырып оған жалпы сараптама жасап кетуі керек. |
V. Еңбек құқығының негіздері. | Еңбек құқығының маңызы. Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері. Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері. | Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау. | Сабақтың жүргізу әдісін практикалық тұрғыда өткізу. Студенттер сабақтың мәнін және маңыздылығын тек теориялық жүйеде емес сонымен қатар практикалық жүйеде де білуі керек. |
VІ. Азаматтық құқық негіздері. | Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау. Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы. Мәміленің түрлерін анықтау. Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі. | Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау. | Семинар сабағында тек қана студенттен сабақ сұрап қана қоймай, оның сабақтың қаншалықты түсінгенің анықтау үшін тестік тұрғыда жазбаша бақылау жүргізу керек. |
VІІ. Қылмыстық құқық негіздері. | Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі. Қылмыс құрамы мен элементтері. Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы. | Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп, Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек. | Семинар сабақ кезінде студенттен жазбаша немесе ауызша бақылау алынып олардың білімінің дәрежесін анықтап бағалануы керек. |
VІІІ. Отбасы құқығының негіздері. | Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары. Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау. | Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау. | Студент семинар сабағында сабақты тек қана теориялық тұрғыда ғана айтып қоймай оларға мысал келтіріп немесе өзінің қосатын ой пікірлері бар болатын болса оны аудиторияда айтып көрсету |
ІХ. Қазақстан Республикасы-ның бюджет құқығы. | Бюджет құқығының жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы. Бюджеттің құқықтық реттелуі. | Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету. | Студенттер семинар сабаққа белсенді қатысып отыру үшін олар сабақ жауап беріп жатқан студентке міндетті түрде сұрақтар қойып отыру керек. |
Х. Қазақстан Республикасы-ның салық құқығы. | 1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері. 2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 3) Салық қызметінің органдары. | Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу. | Студент семинар сабағында сабақтың мазмұнын тек қана берілген сұрақтар бойынша ғана шектеліп қоймай олардың жүйесінің маңыздылығын ашып білу керек |
ХІ. Қаржы құқығының түсінігі. | Қаржы құқығының маңызы. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер. Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі. | Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу. | Студент қосымша тапсырма ретінде бұл тақырып бойынша реферат жазып оны семинар сабағында айтып және студенттердің берген сұрақтарына жауап беруі керек. |
ХІІ. Мемлекеттің нысаны. | Мемлекет нысанының мазмұны. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы. Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері. Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны. | Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау. | Сабақты жүргізу барысында тек қана біздің мемлекеттің нысанын айтып қана қоймай, сонымен қатар басқа елдерінің нысандарын көрсетіп салыстыру. Студентке қосымша сұрақтар қою арқылы оның жауабына баға беру. |
ХІІІ. Жер құқығы. | Жер құқығының пәні. Жер құқығының қағидалары. Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету. | Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. | Сабақ тек қана ауызша түрде ғана емес сонымен қатар студенттен жазбаша бақылау алу арқылы жүргізіледі. |
ХІV. Банк құқығының негіздері. | Банк құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары. Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы. | Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу. | Сабақтың жүргізу барысында студент бұл тақырыпқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар өзінің қосатың ой пікірін айта алуы керек. |
ХV. Сақтандыру құқығының негіздері. | Сақтандыру құқығына түсінік беру. Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету. Сақтандыру құқығының субъектілері. Сақтандыру шарты. | Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету. | Бұл тақырып бойынша студенттерден тек қана теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғысындағы маңыздылығын ашып сұрақтар қою арқылы жүргізіледі. |