Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

«Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчері»

еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5; СБШ бойынша – 4-5;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - моторвагонды жылжымалы құрамды ағымдық жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне уақытылы қойылуына жағдай жасау;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Вагон депосы диспетчері, вагон депосының аға диспетчерінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.

«Вагон депосы операторы»

Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4133 «Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметкерлер»3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон депосы операторы

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жөндеу жұмыстары түрлері бойынша және вагон депосындағы вагон типтері бойынша жарамсыз вагондардың бар болу есебін жүргізу;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

«Вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы» еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондарға қызмет көрсету және жөндеу (аға) операторы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагондарына станцияның мамандандырылған жолдарында техникалық қызмет көрсету процесін жағдай жасауды, сонымен қатар жылжымалы құрамды деподағы автоматты және толассыз жолда жөндеу жұмыстарын басқару;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон депосы операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.

Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

СТО келетін және жөнелтетін поездарға жүк құжаттарын өңдейді және таңдайды, станциядағы вагондарға құжаттарды сақтайды, локомотивтік бригадалардан құжаттарды қабылдайды және тапсырады. СТО қызметкерлері станция жолындағы вагондардың болуы мен орналасуына үздіксіз нөмірлік есепке алу жүргізеді, есептілік құрайды, сонымен бірге станция жолдарында вагондарды дер кезінде жөнелтуді бақылайды, поездар мен вагондар туралы ақпаратты қабылдайды және жібереді. СТО-да вагон парктерінің болуы және қолданылуы туралы есептілікті, вагондардың жолдан жолға және бөлімшеден бөлімшеге өтуін жасайды. СТО құру жоспарының сақталуын, толық салмақты және толық құрамды поездарды жөнелтуді бақылайды.

Құрамаларды өңдеуді жеделдету үшін станция аумағында СТО дұрыс орналастырудың мәні үлкен. СТО-ны учаскелік станцияда ИЦ мен маневрлік диспетчер орналасады. Ол оң жағынан қайта өңдеу паркі мен сұрыптау паркінің арасында орналасады. Осы жерде сол жағынан сұрыптау паркінің шыға берісінде шығынға жазудың телетайпты посттарымен СТО филиалы ұйымдастырылған. Олар үлкен диаметрлі пневмопочтамен қосылған. СТО штаты аға оператордан және станциядағы жұмыс көлеміне байланысты бір, екі ауысым операторынан құралады.

СТО операторы немесе поезды келгеннен соң өңдейтін ИЦ операторы кезекті ТГНЛ алады, берілген әрбір вагонның қарсы жағына құру жоспарының міндеттері немесе СП жолының нөмірін қоя отырып, айырады. Жүгі бар вагондардың міндетін бірыңғай желілік таңбалау кодтары бойынша, бос вагондар үшін вагондардың түрі бойынша анықтайды. Одан әрі топтағы вагондардың массасы мен санын есептейді: сұрыптау парағы үшін құру (ағыту) жоспары бойынша бірдей міндеттегі. Осыдан соң оператор әрбіреуі үшін қорытынды деректердің міндеті – вагондар массасы мен санын көрсете отырып, құру жоспарының міндеті бойынша барлық вагондарды бөлу кестесін құрайды. Өңделген ТГНЛ екі данасын станция жұмысын жоспарлау үшін маневрлік диспетчерге жібереді: жақын уақытқа поездарды қабылдау, тарату және құру үшін, поезды қабылдау жолдарын таңдау үшін. Диспетчер, поездың құрамы және қалыптасатын міндеттері туралы қорытынды деректерді басшылыққа ала отырып, құрамаларды тарату кезектілігін анықтайды. ДСЦ ТГНЛ бір данасын келгеннен соң поездарды өңдеумен айналысатын СТО операторына береді. Құрама мен тасымалдау құжаттарын тексерген соң, осы дананы төбешіктегі кезекшіге құраманы тарату кезінде сұрыптау табағы ретінде қолдануға береді. Екінші данасын вагондардың жинақталуын есепке алу жөніндегі операторға, белгіленген ТГНЛ үшінші данасы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің операторына жіберіледі. Жергілікті вагондар поездының құрамында күтілетін келуі туралы ақпаратты жүкті қабылдап алушыларға және жергілікті жұмыс жөніндегі диспетчерге жібереді.

Егер поездға ТГНЛ алынбаса, онда анықтама қағазды шынында келген құраммен салыстыру үшін телетайп немесе радионың көмегімен шығынға жазуды ұйымдастырады. Егер келу паркте құжаттарды жеткізу үшін тасымалдаушы құрылғылар болса, локомотивтік бригада пакетті (анықтама қағаздағы деректердің салыстырып түзетілгенмен сәйкестігін тексереді) қабылдау бункеріне тастайды. Егер мұндай құрылғылар болмаса, құжаттарды локомотив машинисті немесе оның көмекшісі СТО-ға тапсырады. Келген поездға құжаттарды алып, СТО операторы пакетті ашып, анықтама қағаздың деректерінің салыстырып түзетілген ТГНЛ-ға және вагонның құжаттарына сәйкестігін тексереді.

Салыстырып түзетілген ТГНЛ және таңбаланғанды маневрлік диспетчер орындаған, СП жолдары бойынша жеке вагондардың міндеттерінің өзгерістерін ескере отыырп, сұрыптау қағазын түзету үшін қолданады. Құрама мен құжаттарды өңдеуді аяқтаған соң, таңбаланған ТГНЛ данасын және транзитті вагондардың құжаттарын СТО операторы жөнелтуге жібереді. Вагондардың жолдан жолға ауысуын ескеретін пункттерде вагондардың тапсыруға жататын құжаттарын штампылайды. Таңбаланған және салыстырып түзетілген ТГНЛ бір данасын станция жолдарында вагондардың болуын үздіксіз нөмірлік есепке алу үшін қолданады.

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации