Есие қатынастары қалай қалыптасады ?

Адамзаттың өз өрісінде несиеақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, кәсіпорындар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құқығы бар.

Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Әдетте, несиенің өріс алуын өнім өндіру саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен анықтау керек. Өйткені тауар айырбасы оның бір қолдан екінші қолға өтуін бейнелейді. Сондықтан бұл құн қозғалысы болумен қатар несие қозғалысының өзегі болып саналады. Сонан несие қатнастары қаржы-қаражат айналысына қарай қалыптасады. Мәселенки, құн түрінде көрініс табатын еңбек құралдары мен шикізаттар кәсіпорындарында ақша, өндіріс, тауар тұрғысында болуы мүмкін. Бірақ бұлардың әр қайсысының игілікке жаратылуы түрліше.

Өйткені еңбек құралдары өндірісте ұзақ мерзім бойы пайдаланылады, олардың құны шығарылатын тауар құнына біртіндеп, бөлік-бөлік қосылады. Осындай жолмен негізгі капиталдың құны қайта қалпына келтіріледі. Бұл қор өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға, одан артылған, кәсіпорынның өз есеп шотында қалған ақша қаражаты басқа қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.

Ақша түріндегі капиталдар нарығында ұзақ мерзімдік құрылыс несиелері, банктердің коммерциялық займдары, тұтушынылық займдар, фермерлік және сауда займдары айналымда болады.

Құнды қағаздардың маңызы неде ?

Құнды қағаздардың мәні мен мазмұнын құнды қағаздар нарығының қызмет атқару механизмінен шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде, құнды қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады. Құнды қағаздар нарығы қаржы-қаражат (капитал) нарығының қүрамдас бөлігі болып, ұзақ мерзімдік қарыздар айналымына жатады (қайтарым мерзімі бір жылдан артық)

Құнды қағаздар дегеніміз – мемлекет немесе корпорациялар шығаратын коммерциялық ақшалай құжат. Құнды қағаздар, біріншіден, капиталдың нендей бір түріне деген меншіктік иелік құқығын куәландырады, екіншіден, құнды қағаздар арқылы оның иелері келтіреді.

Құнды қағаздар тұңғыш рет сауда және өсімқорлық саладағы алыс-беріс қызметіне байланысты өмірге келген. Алғаш құнды қағаздар вексель, коносамент түрінде пайда болды. Кейін мемлекеттік эмиссиялық қызмет пен акционерлік қоғамдар өріс алуына қарай құнды қығаздар жөніндегі қажеттілік құлаш жайды. Сөйтіп, капиталды құнды қағаздарға инвестицияландыру ХІХ ғасырдың орта шенінде кеңінен тарала бастады. Өйткені ақша қаражаттарын құнды қағаздарға айналдыру мақсаты – көбірек кіріс-пайда табу, капиталдың тұрақтығын сақтау, капиталдың өсімін күшейту еді.

Жалпы құнды қағаздар екі топқа бөлінген. Олар негізгі және туынды деп аталады. Негізгі топқа жататын құнды қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер, мемлекеттік қазналық міндеттемелер.Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға – ең алдымен опциондар, фьючерстер жатады.

Сонымен бірге, құнды қағаздар нарықтық және нарықтық емес деген топтарға бөлінеді. Нарыққа қатысты құнды қағаздарды айналысқа қатыстырылатын құнды қағаздар тобы құрайды. Ал нарықтық емес құнды қағаздар тобын әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың дамуы жағдайында өиірге келген әрі өзіндік ерекшелігі бар қағаздардан тұрады. Ондай қағаздар қатарында сақтық облигациялар, зейнеткерлік қорлардың облигациялары, депозиттік облигациялар бар. Бұл қағаздар өз иелеріне капиталға деген иелік құқығын қамтамасыз етеді.

Нарыққа қатыса алатын құнды қағаздар сауда-саттық айналысына қатыса алады. Дәлірек айтқанда, оларды сатуға, сатып алуға, иелік құқығын ауыстыруға болады.

Қорыта келгенде, құнды қағаздар өз иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз ету еді, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық даму процесінде елеулі рөл атқарады.

Наши рекомендации