Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі-натуралды шаруашылық.

Натуралды депадамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды. Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автаркия саясаты мысал бола алады.

Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.

Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.

Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.

Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.

Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.

Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.

Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.

Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;

2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

4 Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

5 бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.

II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:

а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;

б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.

Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік) экономика деп атайды.

III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.

Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.

Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.

Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше үлгілері бар:

1. Әлеуметтік нарық;

2. Аралас экономика;

3. Корпоративтік экономика.

Олар мемлекеттік бағдарламаның нысанды мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

Әлеуметтік нарық шаруашылығының басты мақсаты - адамзаттың мүдделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты - кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты - ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі -Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшіншісі - Жапония мен Швецияға тән.

IV. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне жататын әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер: жетілген қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі; ірі машина өндірісі, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықтық қатынастарға тосқауыл қою. Әкімшіл-әміршіл экономика жоспарлы нұсқаулық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.

Жоспарлы әкімшілдік жүйе – ресурстарды пайдалану және бағаларды белгілеу жөнінде шаруашылық қызметтерін түгелімен бір орталыққа бағындыруға негізделген.

Нормативтік үлгі - өндірушілердің дербестігін нығайтуға кедергі жасайды: әрбір кәсіпорын өздері орындауға міндетті жоспар – нұсқау орнына, нормативтер мен бағдарламалар жүйесін жетекшілікке алады.

Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау дегеніміз бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік жүйеден (қазіргі заманға лайық) нарықтық әдістерге негізделген шаруашылыққа өту болып табылады. Осыған орай, біз қандай экономика құрудамыз және қандай үлгіні таңдадық деген орынды сұрақтар туындайды.

Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.

Еркін кәсіпкерлік экономикасында (АҚШ) қаржы жүйелері арқылы нарыққа ықпал жасайтын монитарлық құралдар басым болады.

Әлеуметтік нысаналы нарықты экономикада фискальді саясатты жүзеге асыратын әдістердің маңызы зор.

Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан ұлттық нарыққа үлкен қолдау жасалатын және қаржыны қайта бөлу процестерін зор сенімділікпен жүзеге асыратын әлеуметтік нысаналы нарықтық экономика, жұрттың бәріне де ұнайды.

Тауар өндірісінің даму кезеңдеріне жасалған мұндай қысқаша шолу, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында айырмашылықтар бар екендігін білдіреді.

Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.

Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.

Демек, "тауар өндірісі" категориясының тарихи шежіресі "нарықтық экономика" категориясымен салыстырғанда көп терең екендігін мойындаған жөн.

Наши рекомендации