СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ орындау барысында Студенттер эссе, аннотация, презентация, ситуациялық есептер құрастыру, шағын топтармен жұмыс, слайдтар немесе блок – сызба құрастырулары бойынша тапсырмалар алады. Бұл жұмыстарды орындаудың сипаттамалары төменде берілген.

1. Эссе –белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру.Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтарықарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында «Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелі » тақырыбында эссе жазу қарастырылған. 1 не 2 беттен тұрады (А 4).

2. Аннотация –қандай да бірмақалаға(сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау.Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелі » (тақырып 2) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбы «Бюджет түсімдері». Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

3. Шағын топтардағы жұмыс.Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі(4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

4. Презентация –бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) жәнеауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі үшінші тапсырма – Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелітақырыбындағы презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.

Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

5. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір инвестиция түрі бойыншабелгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру. Тапсырма көлемі: жазбашаА4 бетке,көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

6. Слайдтар немесе блок – сызба құрастыру –нақты бір инвестицияның түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді.Кейбір бағыттары: Бюджет түсімдері қалыптасу және даму кезеңдері (реформа жүргізілген кезеңдер) объекісі мен төлеушісі, жеңілдіктерінің түрі (бар болса), есептеу механизміжәне т.б.

Наши рекомендации