Аккредитивпен есеп айырысу

Аккредитив – банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредитивте көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.

Аккредитивтік операция- банктің күрделі делдалдық операциясы. Банктер аккредитивтік операцияларды жүргізумен қатар аккредитивті ақшаны және/немесе жүргізген үшін клиенттерден комиссиялық ақы алады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады.

Ақшалай аккредитив – бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын құжат және осы банктің бір немесе бірнеше банкке аккредитив ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.

Құжаттық аккредитив- клиент өтініші және нұсқауы бойынша немесе жеке өз қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүргізуге банктің міндеттемесін қарастыратын құжаттық есеп айырысу нысаны, сондай-ақ бенфициар қойған аудармалы вексель акцепті мен төлемін немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төлейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен екпіл операцияларын өткізуге

лицензиясы болған жағдайда ғана банк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке келесі деректемелерден тұратын өтінішті ұсынады:

- бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;

- бенефициардың аты және мекен-жайы, оны банктік деректемелері;

- эмитдент банктің аты;

- аккредитивтің түрі;

- аккредитив сомасы;

- аккредитивтің орындалу шарттары;

- аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі;

- аккредитивтің әрекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері;

- аккредитив бойынша банктік шығындарды жататын талаптар аты.

Сонымен қатар аккредитивтер жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін.

Жабылған аккредитив – клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив.

Жабылмаған аккредитив – банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын аккредитив.

Эмитент – банк ақшаны қалпына келтіру міндеттемесін оындаушы банктен басқа банкке белгілей алады (рамбурстаушы банк). Мұндай жағдайда рамбурстаушы банк ұсынылған рамбурстық талаптар негізінде ақшаны қалпына келтіру құқын алады, ол кезде эмитент –банк рамбурстаушы банкке уақытылы рамбурстық нұсқау жасалуы тиіс.

Аккредетив алу үшін төлеуші өзінің банкіне шарттары көрсетілеген өтініш береді. Оны орындаған кезде жөнелтілген тауарлар немесе орындалған қызметтер үшін жеткізушілердің есептік құжаттары төленуі мүмкін. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шамасында белгілейді. Қажет болған кейбір жағдайларда жеткізудің шарты бойынша жеткізушінің банктегі аккредитивтің әрекет мерзімі алушының банктік рұқсатымен 45 күнге дейін ұзартылып белгіленуі мүмкін. Мерзімді, әдетте, жеткізуші мен төлеуші белгілейді. Шоттар бойынша төлем тауар үшін тізілім көрсетілген бойда жеткізушінің банкіне төленеді. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасауға рұқсат етілмейді. Жеткізушінің банктегі аккредитивті жабу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін.

2. Жеткізуші аккредитивті одан әрі пайдаланудан бас тартқан кезде.

3. Алушының өз банкі арқылы жасаған өкімі бойынша. Аккредитивпен есеп айырысудың есебі активтік 1070 – «Аккредитивтегі ақша» шотында жүргізіледі.

1. Аккредитивке қаражат есептеу:

а) меншікті қаражаттар есебінен Дт 1050 Кт 1040,1010;

ә) банк несиелері есебінен Дт 1070 Кт 3010.

2. Өнімдер мен қызметтер үшін жеткізушілердің, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу Дт 3310 Кт 1070.

3. Ағымдағы жал бойынша берешекті аккредитивпен жабу Дт 3390 Кт 1070.

4. Пайдаланылмаған аккредитив қаражаттары сол үшін аударым жасалған шотты қалпына келтіреді Дт 1050, 1040, 3010 Кт 1070.

Тәжірибиеден өткен банк . «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ТӨФ болғандықтан филиалында аккредитивтік операрациялар,яғни есеп айрысулар жүргізілмейді. Ал «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бас кеңсесінде аккредитив қолданылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бас кеңсесінде аккредитив ашуға өтініш қабылдау арқылы аккредитив ашады Сонымен қатар,аккредитивтің ашылғаны жөнінде хабарлама-хат жазылады. Және де ақша салынғаны жөнінде де хабарлама-хат толтырылады. Сонымен қатар,құжаттың акцептелгені туралы да хабарлама хат жазылады. Аккредитивтің төленгені туралы да хабарлама хат толтырылады. Аккредитивке өзгеріс енгізілгені туралы меморендум жазылады. Және де аккредитив бойынша әр түрлі клиенттерден қолхаттар толтырылады.

Наши рекомендации