Пәнді оқытудың міндеттері

Бекітемін

академиялық қызметтер жөніндегі

проректор профессор М.А.Камалиев

_______________

«___» «______» 2017ж.

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Элективтік пән: Фармациядағы менеджмент және маркетинг негіздері.

Мамандығы: 5В051103 – «Фармация»

Курс: 5 Семестр: 9

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 сағат

Барлық аудиторлық: 44сағат

Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СРС): 46 сағат

Оқу сағатының көлемі : 90сағат (2 кредит)

Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша )

Алматы, 2017 ж.

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланды

Хаттама № _____ «______» ___________ 2017 ж.

Фармацияның басқарылуы және экономикасы және

клиникалық фармация курсының меңгерушісі, профессор А.Р. Шопабаева

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖОО-ның аты С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Курс Фармацияның басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация
Пән Фармациядағы менеджмент және маркетинг негіздері
Мамандық 5В051103 - «Фармация»
Оқу сағатының көлемі 2 кредит (90 сағат)
Курс және оқу семестрі 5 курс; 9 семестр

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Менеджмент және маркетинг пәні фармацевткалық нарықта қызмет жасайтын мамандарға кәсіптік білімді, дағдыларды (шеберлікті) қалыптастыратын фармацевтикалық пәндердін ішінде негізгі пән болып саналад. Бұл пән «Фармацевтикалық қызмет негіздері» және «Фармацияның басқарылуы және экономикасы» пәндерінің логикалық жалғасы болып саналады және басқа оқу пәндерінің негізінде дәрілік заттардын айналыуымен шұғылданатын мекемелердің басқару және нарықтық қызметтерін зерттейді.

Мерчандайзинг – бөлшек сауда желісінде жүзеге асырылатын маркетингтік технология. Мерчандайзинг – бұл сату орындарында сату көлемін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Мерчандайзинг – тұтынушы психологиясын білуге негізделген маркетинг арсеналының салыстырмалы түрде жаңа бағыты. Мерчандайзинг әдістерінің кеңінен қолданылуы дәріхана ассортиментіндегі тауарларды дәстүрлі жарнама кампаниясымен салыстырғанда аз шығын жұмсай отырып сату бойынша іс-шараларды жүргізумен байланысты, және бұл жағдайда тауарларды сатудың жоғары тиімділігі сақталады Мерчандайзингті дұрыс қолдану тауарларды жылжыту процесінде ақшалық заттарды көп мөлшерде үнемдеуге мүмкіндік береді. Фармацевтикалық ғылымдармен бірге маркетинг белгілі бір жалпы білімдік және тәрбиелік роль атқарады, өйткені ол ғылыми зерттеу дағдыларын, нақты анықталған жағдайларда зерттеуді мұқият жүргізу, алынған нәтижелерден шығатын қорытындыны логикалық дұрыс құрастыру, сонымен бірге оларды құжаттық ресімдеу дағдыларын үйретеді.

Бағдарламаға заманауи менеджмент пен маркетинг және мерчандайзингтің әртүрлі бағыттарын, олардың міндеттері мен функцияларын зерттеу кіреді. Атап айтқанда мерчандайзингтің келесі құралдар қарастырылады: сауда кеңістігін жоспарлау, сыртқы түрі, интерьер; жобалау (бөлімдерді, жұмыс орындарын және олардың дизайнын бөлу); сауда орындарын жабдықтау және құрал-жабдықтары; сауданың жеке принциптерін жүзеге асыру; мамандарды сату дағдыларына үйрету.

Пәннің мақсаты

Студенттердін фармацевтика бизнесін ұйымдастыру және фармацевтикалық нарықты басқарудағы білімін қалыптастыру.

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың айналым сферасында сауда операцияларын жүргізу үшін қажетті теориялық білімдерді, практикалық дағдыларды білім алушыларда қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері

Студенттерді фармацевтикалық менеджмент және маркетинг негіздерімен таныстыру.

Фармациядағы менеджмент және маркетинг жүйесіндегі дәрілік заттармен, камтамасыз ететін субъектілермен таныстыру (түсінік беру).

Үйрету:

· фармацевтикалық қызметті басқару әдістеріне;

· басқару шешімдерін қабылдау тәсілдеріне;

· маркетингті басқару әдістеріне;

· маркетингтік ортаны зерттеу әдістеріне;

· маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістеріне;

· қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес студенттерге мерчандайзингті ұйымдастыру тәртібі, мақсаты мен міндеттері, негізгі принциптері;

· ҚР дәріхананың сауда қызметін реттеу;

· Алматы қаласының дәріхана желісін мысалға алып, дәріханадағы мерчандайзинг методолгиясы - туралы білім беру;

· дәріханадағы сатуды басқаруды жетілдіру және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тиімді сату әдістері бойынша студенттерде білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Наши рекомендации