Тақырып. экономикалық өсу

1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.

2.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

2.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

- жұмыс күшінің санының өсуі;

- капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. - Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. - Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. - Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. - Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. - Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз,

Негізгі әдебиеттер

1. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2008.

2. Ғабит Ж.Х. Экономиялық теория. Оқу-әдістемелік кешен. / Ж.Х. Астана, 2006ж.- 248бет.

3. Экономикалық теория: Оқу құралы / Мәуленова С-Ж.С., Бекмолдин С.Қ.,Құдайбергенов Е.Қ. – Алматы: Экономика, 2003.-194б

4. Экономикалық теория. Оқу құралы / В. Ж. Крымова.- Алматы: Бастау, 2009.-196 б.

5. Экономикалық теория. Оқу құралы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика,2008. - 276 б.

Осымша әдебиеттер

6. Экономикалық теориядан тапсырмалар жинағы: Оқу құралы / Л. А. Бимендиева. -Алматы : Қазақ университеті, 2006. - 100 б.

7. Микроэкономика. Учебное пособие / Г.С. Вечканова, Г.Р. Вечканова.- СПб: Питер, 2004.- 368с.

8. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы/ Шеденов Қ.Қ., Ядгаров Я.С.,Досқалиев С.Ә./- Алматы, Қазақ ун-ті , 2003.-347б

9. Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат. Оқу құралы / Б.Н. Жаналинов.- Алматы: Экономика, 2007.- 224бет.

10. Микроэкономика. В 2-х томах: Т.1 / В.М. Гальперин.- СПб.: Экономическая школа, 2004.- 349с.

11. Менеджмент негіздері: Оқулық / Б.Қ. Жакенова, Қ.Б. Тәмпішева, Л.М. Мақсатова.- Астана: Фолиант, 2007.- 260 бет.

12. Экономическая теория: Учебное пособие / П.Г. Ким, Г.А., Капекова, М.А. Катыкбаев.- Алматы, 2001.- 600с.

13. Салық және салық салу: Оқулық / Т. Крамаренко, А. Қомбарова.- Астана: Фолиант, 2007.- 344бет.

14. Нарықтық экономиканың анықтамалығы / Ғ.А Қалиев, Е.Т , Теміров.- Алматы: Бастау, 1993.- 316б.

15. История экономических учений: Учебник / С.А. Бартенев.- М: Экономистъ, 2004.- 456 с.

16. Айнабек К.С. Теория рыночной экономики: Учебное пособие / - Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 376с.

17. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы ред. басқарған Сейітқасымов Ғ.С.- Алматы: Экономика, 2005.- 416бет.

18. Есімжанова С.Р. Маркетинг Оқу құралы /- Алматы: Экономика, 2003.- 466б.

19. Құлпыбаев С. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық /.- Алматы: LEM, 2007.- 668 б.

20. E. Borensztein, J. De Gregorio, J-W. Lee. How does foreign direct investment affect economic growth? // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199697000330

21. Sharachchandra M. Lélé.. Sustainable development: A critical review // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/0305750X9190197P

22. Takumi Naito. A Ricardian model of trade and growth with endogenous trade status // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199611001450

23. Gary Gereffi. International trade and industrial upgrading in the apparel commodity chain // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199698000750

24. Scott L. Baier,, Jeffrey H. Bergstrandc. Do free trade agreements actually increase members' international trade? // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199606000596

25. Holger Breinlich, Chiara Criscuolo.International trade in services: A portrait of importers and exporters // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199611000328

26. David Hummelsa, Jun Ishiib, Kei-Mu Yic, The nature and growth of vertical specialization in world trade // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199600000933

27. Kristian Behrens, Yasusada Murata., Trade, competition, and efficiency // http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022199611001310

Наши рекомендации