Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?

Ол:

-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

-Оқырмандарды ақпараттандыру;

-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

-Іс-әрекетке түрткі болу.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек. Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.

Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.

Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.

Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.

Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.

Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.

Қорытындыға тілдік клише:

• Осылайша, жоғары баяндалғандар негізінде қорытынды жасауға болады …

• Қорыта отырып, айтқым келеді …

• Жоғары баяндалғандар негізі келесіге тіркеледі …

• оқылған мәтіннің негізінде тұжырым жасауға болады…

• Айтылғандарды қортыа отырып, айтуға болады … Бұдан … шығады

• Мен мәтін нің авторына шынымен ризашыцлығымды білдіремін, өйткені ол мені ... ойландырып тастады

• Бұл мәтін мен тағы да ... екеніне сендірді

• Қортындыда мен автордың тырысқаны бекер кетпегенін айтамын, олар менің ішкі дүниемді мәселелерді жақсы түсінуге үйретті.

• Бұл мәтін мәселеге терең үңілуге, біздің өміріміздегі маңызды нәрселерді қайта бағалауға үйретті

Ақырында эссе жазу барысында қажет болатын бірнеше кеңестер береміз: 1. Мәтіннің жанрын анықтауда сақ болыңыз: оны әңгіме немес статья деп атауға асықпаңыз, өйткені сіз қате жіберіп алуыңыз мүмкін. Мәтін, фрагмент, үзінді сөздерін қолданған дұрыс.

2. Егер сіз авторлық неологизмді қолдансаңыз, оны міндетті түрде тырнақшаға алыңыз, әйтпесе мәтінде бұл сөз грамматикалыө қате болып есептелінеді.

3. Этикалық нормалады сақтаңыз: дөрекі, балағат сөздерді қолданбаңыз

Эссені келесі жоспармен жазу керек:

● Қарастырылатын мәселемен байланысты берілген мәтіннен цитата

Өмірлік тәжірбиені қолдана отырып:

• Менің қарапайым өмірлік тәжірбиеме қарамай, осыған ұқсас жағдайды есіме түсіремін (менің досым, сыныптасым, жерлесім) …

● автор өмірбаянының, көзқарастарының,сенім-нанымының деректеріне көз салу

II. Мәселені тұжырымдау:

Наши рекомендации