Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорының» қор құрылымы

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы » Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013жылғы 25 мамырдағы №516 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013жылғы 22 мамырдағы №571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сай құрылды.

Холдинг міндетері шикізаттық емес секторды қаржылық-инвестициялық қолдау, ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен әртараптандыруды қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес мекемелеріндегі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.

Холдинг даму институттары арқылы 2010–2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қолжетімді тұрғынүй – 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру жолымен мемлекеттің стратегиялық және әлеуметтік міндеттерін шешуге белсенді қатысады.

Холдингтің еншілес мекемелері активтерінің жиынтық құны 12 млрд АҚШ долларынан асады. Оның бір ғана акционері Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.

Корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі жанында келесі Комитеттер құрылды:

  • Аудит жөніндегі комитет;
  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет;
  • Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті.

Комитет жұмысының мақсаты «Даму» Қоры қызметінің жеке салаларын терең зерттеу және осы мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне кеңес беру болып табылады.

Аудит жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізудің тиімді жүйесін орнату, ішкі, сыртқы бақылау жүйелерінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне және тәуекелдердің басқарылуына бақылау жүргізу, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуы бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Басқарма мен Директорлар кеңесінің құрамына жоғары білікті мамандарды тарту; Жалғыз акционерге, Директорлар кеңесіне берілетін сыйақыларды белгілеу және Директоралар кеңесіне, Басқарма мен Корпоративтік хатшыға берілетін сыйақыларды белгілеу туралы ұсыныс дайындау мәселелері бойынша кепілдеме әзірлеу және беру мақсатында құрылған.

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті Қордың даму стратегиясын әзірлеу және оның іске асырылуына қатысты мәселелер бойынша кепілдеме мен ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ Директорлар кеңесіне «Даму» Қорының бюджетт-еу және дивидендтік саясат жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Қор жұмыстары тікелей басшылыққа байланысты болғасын, «Даму» қоры ең білікті мамандарды өз қатарына қосты. Сондықтан қор өзінің белгілі мамандар иесінің басқаруымен белгіленген бөлімдер мен бөлімшелер қатарынан тұрады. Еліміздің экономикасын дамыту үшін халқымыз үшін Қазақстан Республикасының әр облысы мен қаласында қор филиалдары ашылды. Филиалдарда міндетті түрде басшылық, субсидия және ішінара кепілдік беру жөнінде көмек көрсету, қаржы менеджерлері және де кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімшелерімен жабдықтанған.

Кесте №1. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорының» қор құрылымы

Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорының» қор құрылымы - student2.ru

Наши рекомендации