Стратегиялық жоспардың мәні, міндеттері

Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның алдағы ұзақ мерзім кезеңіндегі даму деңгейі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау үдерісі келесі өзара байланысты қызметтерді жүзеге асырады:

- Ұзақ мерзімді стратегияны, кәсіпорын дамуының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

- Кәсіпорында стратегиялық шаруашылық бөлімшелерді құру.

- Нарыкты маркетингтік зертгеу жүргізудің негізгі мақсаттарын негіздеу және нақтылау.

- Фирманың экономикалық өсімінің бағыттарын таңдау және жағдайына байланысты талдау.

- Негізгі маркетинг стратегиясын әзірлеу және өнім өндірісінің жоспарын құру.

- Тактиканы таңдау және қойылған міндеттерге жетудің құралдары мен әдістерін нақтылау.

- Негізгі нәтижелерді бақылау және бағалау, таңдалған стратегияға түзету енгізу және оларды жүзеге асыру әдістерін өзгерту.

Ұйымның даму стратегиясын зерттелмеген нарықтық жағдайларды есепке ала отырып, сыртқы орта мен оның қызметінің мүмкін ішкі перспективаларын зерттеу нәтижелерінде анықталады.

Стратегияларды таңдау инновациялық қызметтің табысқа жету кепілі болып табылады. Фирма өзгермелі жағдайларды алдын ала болжай алмаса және дер кезінде осы жағдайларға орай әрекет етпесе, дағдарысты жағдайға душар болады. Бұл жағдайда, кәсіпорында жоспарлы қызметті ұтымды үйымдастыру қажеттігін айта кеткен жөн. Себебі жоспарлау ұйымның стратегиясын таңдауға, кәсіпорынның келешектегі қызмет ету жағдайын алдын ала болжауға өзіндік ыкпалын тигізеді.

Стратегияны таңдау стратегиялық менеджмент пен контроллингтің маңызды құраушысы болып табылады.

Стратегияның басты мақсаты - ұйымның колданыстағы нақты жағдайын келешекте қалаған жағдайға ауыстыру. Ұйымдағы кез келген өзгерістер фирманың даму мәселелерін аныктап, оның келешектегі жағдайын көре білуге байланысты. Ал бұл кәсіпорынның әлеуетін бағалаусыз мүмкін емес. Кәсіпорынның әлеуетін, яғни оның максатына жету үшін пайдаланылған; барлық ресурстарды бағалау ұйымның барлық салалары (өндірістік, ғылыми-техникалық, маркетингтік, ресурстық ұйымдастырушылық т.б.) бойынша жүзеге асырылады.

Стратегиялық жоспар кұру және жүзеге асыру контролинг әдісін пайдалану кезінде едәуір жемісті жүргізіледі. Контроллингтің негізгі қызметі ғылыми негізделген әдістемені қолдануды талап ететін әр түрлі өзара байланысты операциялар кешенін орындау. Стратегиялық жоспардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде (мониторинг түрінде ең тиімді болып былатын) контроллингтің рөлі зор.

Стратегиялық жоспарлауда экономикалық саясатты мемлекеттік реттеу, барлық нарықтық жүйенің дамуының ұзақ мерзімді бағыттарын негіздеу маңызды рөл атқарады.

Қазақстан дамуының алдағы уақыттағы тұғырнамасы (платформа) ретінде ұзақ мерзімді кезеңде еліміздің әлеуметті экономикалык өзгерістерінің кезендері мен бағыттарын анықтайтын, сол арқылы елдің экономикалык өсімін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін сапалы көрсеткіштерге жетеге болатын «Қазақстан-2050» стратегиясын атап өткен жөн.

Фирма дамуының біртұтас стратегиясы ретінде қазіргі таңда «7С» үлгісі қолданылады. Ол құрылым (структура), жүйе (система), қызметкерлер (сотрудники), стиль, біріккен қүндылықты (совместные ценности) және қабілеттіліктер (способности) жиынын білдіретін сөздерден құралған әлеуметтік-экономикалық факторлардың өзара әрекет ету механизмін сипаттайды.

Стратегиялық жоспардың ерекшеліктері.

Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесінде оның келесі ерекшеліктері бөліп карастырылған:

- Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды.

- Жоспарда фирманың әлсіз және күшті жақтары бағаланады.

- Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар көрсетіледі.

- Біркатар жоспарларда тәуекел бағаланбайды, бірақ әр түрлі мүмкін болатын іс әрекет нұскаларын қарастырғанда ескеріледі.

- Барлық жоспарлар фирманың қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады.

- Ұзак мерзімді жоспарда қажетті инвестицияның көлемі, күтілетін табыстар мен шығыстар, ұзақ мерзімде төленетін дивидендтер туралы мәліметтер бейнеленеді.

- Жоспарда мүмкін болатын фирмалардың бірігуі нәтижесіндегі әртараптандыру бағасы беріледі.

Наши рекомендации