Фирманың экономикалық тепе-теңдігі.

Фирма өзінің іс-әрекетін үнемі өзгермелі экономикалық жағдайда жүргізеді. Фирма өндірістің көлемі шекті шығындардың шекті табыстардан төмен болғанынша көбейте береді.Фирманың тепе-теңдік жағдайы қалыптасады МС=MR=P.Бұл кезде шекті шығын мен шекті табыс сәйкестендіріледі.Кәсіпкер шекті шығындардың көлемін алдына ала біліп алады, ол шығындардың қандай өсім мен байланысты екенін анықтайды.Жетілген бәсеке жағдайында фирма жалпы шығындарын қайтарып, қалыпты пайда табады.Жетілген бәсеке кезінде өнімнің бағасын рынок анықтайды. Тауардың бағасы бір өнімге жұмсалған орташа шығынға тең болады. Ұзақ мерзімдегі фирманың тепе-теңдігі:

MC=MR=P=AC ға тең.

Монополиялық рынокта фирма өз тауарының бағасына әсер ете алады. Монополиялық рынокта сату көлемінің көбеюі бағаны төмендетеді, олай болса қосымша , яғни шекті шығын да өнім көлемін төмендетеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында максималды пайда табу үшін өндіріс сату көлемдерін, өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндірумен байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан алған шекті табыстан кем болып отыратындай жағдайға дейін арттыру керек: Егер MR>MC,өндірісті ұлғайту керек, егер МR<MC өндірісті қысқарту керек, егер MR=MCболса, фирма максималды пайда табады.

Фирма максимум пайда табу үшін 2жағдайды қарастырады.

1.уақыт факторымен (қысқа және ұзақ мерзімді).

2.бәсеке түрімен (жетілген және жетілмеген.).

Қысқа мерзімде, егер өндіріс көлемін ұлғайту керек болса, фирма оған айнымалы факторларды өзгерту арқылы ғана жетеді.(еңбек, материалдар, шикізат) тұрақты шығындарды өзгертіп үлгіре алмайды. Ұзақ мерзімде фирма барлық факторларды өзгертеді.Жұмыс күшінің орнына техника пайдаланып минимум шығын жұмсауға ұмтылады. Бәсекенің түрлерінде фирманың мінез құлқына әсер ете алмайды. Фирма максимум пайда табу үшін өнімнің санын көбейтіп отырады.

Жалпы пайданың максимумына баға мен шекті шығындар тең болған фирма жетеді:

Тақырып.Рыноктық экономикадағы табыстар.

Табыстардың қалыптасуының рыноктық механизмі.

Пайда –кәсіпкерлік қызметке тиесілі сыйақы. Процент – қарыз капиталын пайдаланған үшін төлем.Рента – кәсіпкерлік әрекетсіз, белгілі бір мүліктен тұрақты алынатын табыс.

Табыстардың түрлері: еңбекпен табылған табыс (жалақы,кәсіпкерлік іс-әрекет),еңбексіз табылған табыс (рента,дивидент,пайыз және т.б.),заңсыз табыстар (көлеңкелі экономикадағы табыстар,сауда марканы жалған пайдалану,рэкет,наркобизнес,ұрлық және т.б.)

Капиталдың түрлері
КАПИТАЛ – кез келген табыс әкелетін құндылық.

                   
    Фирманың экономикалық тепе-теңдігі. - student2.ru
    Фирманың экономикалық тепе-теңдігі. - student2.ru
 
 
  Фирманың экономикалық тепе-теңдігі. - student2.ru
   
Адам капиталы: Тұлғаның үйрену немесе оқу арқылы игерген интелектуал дық және кәсіби қабілеттіліктері.
 
 
   
Құнды қағаздар: акциялар, облигациялар т.б.

Наши рекомендации