Мемлекет қаржысының түсінігі мен құрамы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекет, бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс әрекеті қолайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды. Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен байланысты қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының ұдайыөндірістік функциясы іс әрекет етеді. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, нарықтық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін. Түрлі фискалдық құралдар арасында қайта бөлгіштік көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады: 1)табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық трансферттік тәсімі арқылы; 2) баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін; 3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін. Саясаттың баламалы құралдарын таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Қосалқы функция қаржының ұдайыөндірістік функциясына барып тіркеледі және мемлекет жұмылдырған қаржылық ресуртарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін. Мемлекеттің қаржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктердегі бақылау функциясын орындайды. Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды. Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын біріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымыныңарқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық) және жергілікті ( муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді. Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың арасында мемлекет аумақтық, сондай ақ салалық аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік процестерге ықпал жасай алады. Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері-республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады. ҚР-сы аумағында жалпы жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған. бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады: 1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері; 2. шығындар; 3. таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; 4. қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер; 5. бюджет тапшылығы (профициті); 6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары. Кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды.

Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар. Қаржылық активтерді сатып алу – заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін. Қаржылық активтермен операциялар: 1. қаржылық активтерді сатып алуды; 2. мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді. Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.

Наши рекомендации