ТӘжірибеніҢ Әдістемелік Қамтамасыз етілуі

Азақ гуманитарлық инновациялық заң университеті

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Аржы және есеп» кафедрасы

Бекітемін

кафедра меңгерушісі м.а.

________ э.ғ.к. Турдиева З.М.

«_____»_______2016 жыл

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУГЕ АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

(Тәжірибе өту объектісі – банк, кәсіпорын, мемлекеттік кірістер басқармасы)

Мамандық: 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит»

Курс 2,3,4

Семей 2016 жыл

«Қаржы және есеп» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № ____ «___»______ 20___ ж.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Тәжірибенің әдістемелік қамтамасыз етілуі

3. Жетекшілікке алынатын үлгілер

4. Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасы шаруашылық жүргізудің нарықтық негіздерін құру мақсаттарында радикалды реформалардың барысымен байланысты үздіксіз өзгеріске ұшырап отырады. Экономикадағы құрылымдық өзгерістермен қатар республика экономикасының қаржылық секторында үлкен өзгерістер орын алуда. Қаржы секторындағы радикалды реформалардың негізгі мақсаты болып заманауи экономикалық шындықтың жоғары талаптарына толықтай жауап беруге қабілетті жоғары дамыған қаржы жүйесін құру табылады. Алайда қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт мұқият еңбек етуді қажет етеді. Қаржыгер мамандығы қазіргі кезде қаржы жүйесінің тиімді қызмет етуін жоғарылатудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан нарық жоғары білімді кәсіпқой маман кадрларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін теориялық білімді практикамен тиімді ұштастыра білу керек. Сәйкесінше студенттердің диплом алдындағы тәжірибеден өтуі оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Диплом алдындағы тәжірибе жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің оқу үрдісінің міндетті бөлігі болып табылады және жоғары дәрежелі мамандар дайындауда өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орынында оқу барысында алған теориялық білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдылануға және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.

Оқу жоспарына сәйкес диплом алдындағы тәжірибені өту мерзімі кешкі оқу бөлімінің студенттері үшін 5 аптаны (25 жұмыс күні) және күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін 5 аптаны (25 жұмыс күні) құрайды.

Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты болып студенттердің кәсіби білімдерін тереңдету және болашақ кәсіби қызметке қажетті дағдылар мен ептілікті қалыптастыру.

Тәжірибенің негізгі мақсаты – таңдалған тақырып бойынша дипломдық жұмыс дайындау үшін материалдар жинау.

Тәжірибеден өту барысында дипломдық жұмыстың берілген тақырыбы бойынша қажетті материал жинақтау үшін тәжірибеден өтуді бастағанға дейін студент дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдайды, яғни ақпарат көздерін анықтап алу қажет, олардың ішінде негізгілер болып бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп табылады. Студентке аталған есептерді талдау әдістемесін түсіндіру қажет.

ТӘЖІРИБЕНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

2.1 Тәжірибені ұйымдастыру.

Бітіруші курстағы диплом алдындағы тәжірибе теориялық оқытуды толық аяқтағаннан кейін және өндірістік тәжірибені өтуден кейін ұйымдастырылады.

Таңдалған мамандықтарына сәйкес студенттер тәжірибеден өндірістік кәсіпорындарда немесе ұйымдарда өтеді.

5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің диплом алдындағы тәжірибесі дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес меншік нысаны мен қызметінің ұйымдастырылуы әр түрлі кәсіпорындарда (АҚ, ЖШС, ӨК, холдингтерде және т.б.); түрлі қаржылық құрылымдарда (банктер, сақтандыру ұйымдары және т.б.) өткізілуі мүмкін.

Кәсіпорындардың (ұйымдардың) қаржы-шаруашылық қызметімен танысу және зерттеу тәжірибелік қаржы-экономикалық білімдердің маңызды кешенінің негізін қалайды.

Студенттер университет келісімшарт жасаған кәсіпорындарға немесе студент өзі келісімшарт жасаған кәсіпорындарға бағытталады. Келісімшарт келесі ақпараттарды қамтуы тиіс: кәсіпорынның толық атауы, кәсіпорын басшысының Т.А.Ә., студент Т.А.Ә., мамандығы, курс, бөлімі, тәжірибеден өту мерзімдері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, тараптардың қолдары мен мөрлері.

Диплом алдындағы тәжірибеге оқу-әдістемелік жетекшілікті «Қаржы және есеп» кафедрасы жүзеге асырады. Тәжірибе басталғанға дейін бір апта бұрын кафедрада кафедра оқытушылары мен студент-практиканттардың қатысуымен ұйымдастырушылық-әдістемелік кеңес өткізіледі. Кафедра студенттерді тәжірибеден өту орындары бойынша бөледі, мақсаттар мен міндеттерді, тәжірибеден өту тәртібін түсіндіреді, тәжірибе бағдарламасын және басқа қажетті құжаттарды береді, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамынан тәжірибе жетекшілерін бекітеді. Студенттерді тәжірибеге бағыттау университет бойынша бұйрықпен рәсімделеді.

Диплом алдындағы тәжірибенің мерзімдері мен мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарына сәйкес 5В050900 «Қаржы» мамандығының оқу жұмыс бағдарламасымен және университеттің тәжірибелер бойынша бағдарламасымен анықталады. Оқу жоспарына сәйкес 5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі және кешкі оқу нысанының студенттері үшін диплом алдындағы тәжірибенің ұзақтығы 5 аптаны құрайды.

Кәсіпорында студент тәжірибесіне күнделікті жетекшілік университет басшылығымен келісім негізінде кәсіпорынның экономисіне немесе бас бухгалтеріне жүктеледі. Диплом алдындағы тәжірибенің бағдарламасының орындалуына жетекшілік пен бақылауды және оны өту бойынша кеңес беруді студент тіркелген бітіруші кафедраның оқытушысы (кафедра жетекшісі) жүзеге асырады.

Наши рекомендации