Информация: құрылымы формасы, өлшемі

Информацияның маңызды сипаттамасына оның құрылымы мен фориасы жатады. Информация құрылымы-бұл оның құрамдық элементтерінің арасындағы өзара байланысты анықтап беруші. Информацияның басқа жағына-оны көрсетудің формассы жатады. Негізгі формалардың арасынан мыналарды атауға болады:

мәтіндік (текст)-символ (әріп, сан, белгі және т.б. жиынтығымен берілетін информация);

графикалық (кескіндемелік және т.б.);

дыбыстық.

«Информация» терминін анықтайтын ғылыми тәсілдеменің іс-тәжірибедегі мәні информацияны өлшеу проблемаларын шешумен байланысты. Информацияның жалпы теориясының ережесіне сәйкес оған (ол үшін) шаралар эталоны ретінде екі жағдайдың біреуінен табылатын біршама абстрактілі объект (мысалы, қосылды (оталдыру) немесе ажыратылды (сөндірілді), иә/жоқ, 0/1 және т.б.), басқаша айтқанда, бинарлық объект таңдап алынады. Мұндай объект 1 биттегі информацияны қамтиды. Бір бит информацияны адам мыналарды білгенде ғана ала алады: өзіне қажетті пойыз кешігіп келді ме, жоқ па, түнде аяз болды ма, жоқ, болған жоқ па, лекцияға Байжұманов қатысты ма немесе қатыспады ма және т.б.

Информацияның әлдеқайда ірі бірлігі-байт, ол 8 битке тең болады.

Информацияның өзгешелігі

Информацияның бірталай әр түрлі өзгешеліктерін келтіруге болады. Әрбір ғылыми пән өзіне ең маңызды болып табылатын өзгешеліктерін қарастырады.

Экономикалық информатика тұрғысынан алғанда оған мына өзгешеліктің маңызы зор: информацияның оперативтігі, шындыққа жанасымдығы (шынайылығы), нақтылығы (дәлдігі), түзетушілігі (корректность), құндылығы, өзектілігі (көкейтестілігі), жеткіліктілігі.

Информацияны түзету оны тұтынушылардың бір мәнде қабылдауын қамтамасыз етеді. Информацияның құндылығы (пайдасы), егер ол тұтынушылардың алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізетін болса ғана информация құнды деп есептеледі. Информацияның құнды болуы салыстырмалы өзгешелік: бір ғана инфориацияның әр қилы тұтынушылар үшін әр түрлі құны бар, яғни, түсінікті тілмен таратып айтқанда, ол (информация) тұтынушылардың ең алдымен мақсаттарына, содан кейін талғамдары мен танымына және т.б. қарай құнды болмақ. Уақыт өткен сайын информацияның құндылығы деген ұғым өз мәнінен айырылып барады. Алайда информация уақыт ағымына қарай ескіріп отырған жоқ, ол қолдағы бар информацияны толықтай немесе оның бір бөлігін жоққа шығарумен, яғни ескіріп, жарамсыз болып қалғанын анықтап, оның орнына жаңа информациялар үсті-үстіне пайда болады. Жаңа информация қосымша тиімділікке қол жеткізуге бағытталған мынадай әрекеттерді тудырады: ол (информация) нақтылай түседі, толықтырады және деректерді басқаша ұштастырады.

Ал, оперативтілік қажетті есептер үшін және өзгерген жағдайда шешім қабылдау үшін информацияның өзектілігін білдіреді.

Нақтылық (дәлме-дәлдігі) жүйенің тиімді жұмыс істеуіне әлі де жарайтын бастапқы информацияның да, нәтижелі информацияның да ұйғаруға келетін бұрмалану деңгейін анықтайды.

Шынайылық аса қажетті дәлдікпен объектіні нақты бейнелейтін информацияның өзгншелігімен анықталады. Оның (информацияның) шынайылығы былайша өлшенеді: инфориация бейнеленген параметрдің мәні қажетті дәлдік шегінде осы параметрлердің шынайы мәнінен айырмашылығы болмайды.

Информацияның тұрақтылығы оның қажетті дәлдікті бұзбай-ақ бастапқы деректердің өзгерісіне қарай жауап қататын қабілетін бейнелейді. Информацияның тұрақтылығы оны іріктеу мен қалыптастырудың таңдап алынған әдістемесінен анықталады.

Информацияның жеткіліктілігі (толықтығы) оның дұрыс шешім қабылдауға қажетті деректердің ең аз шамадағы көлемін білдіреді. Толық емес информация пайдаланушылар қабылдаған шешімнің тиімділігін кемітеді. Ал, информацияның мөлшерден көп болуы, керісінше, оперативтілікті кемітіп, шешім қабылдауды қиындатады, есесіне информацияны әлдеқайда тұрақты етеді.

Информацияның іргелі, үлкен өзгешелігіне жүйелігі жатады. Белгілі болғандай, оған кіретін элементтердің әрбіреуі жеке алғанда мұндай өзгешелікке ие бола алмайтын өзгешеліктердің жиынтығы жүйе деп аталады. Әрбір бір жолғы информациялық сигналдардың өзара бірігуі әлдеқайда жоғары құндылықты қамтитын сапалы жүйені тудыратыны туралы көп мысалдарды еш қиындықсыз келтіруге болады.

Наши рекомендации