Материалдық емес активтер, олардың түрлеріне және есебін ұйымдастыру тәртіптеріне сипаттама беріңіз

МЕА - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын, физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауға болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.

МЕА физикалық негізсіз және оларды материалды не материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.

Мысалы, кәсіпорын жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге НҚ құрамына енеді ме не МЕА құрамына енеді ме, ол принципиалды түрде анықталуы керек.

МЕАге: лицензиялық келісім, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру, патенттер, авторлық құқық, басқа жақтардан алынған тауар белгісі, фирмалық атаулар, ноу-хау, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және т.б.

МЕА есебін жүргізу үшін 2700 бөлімшесіндегі мына шоттар пайдаланылады:

2710 Гудвилл

2730 Басқа да МЕА

МЕА ұйымға мынадай жағдайда келіп түсуі мүмкін:

- ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың

- салымы ретінде енгізілген жағдайда

- заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған жағдайда

- заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік ақысыз негізде алынған жағдайда

- ұқсас активтермен алмастырылған жағдайда

- ұйым өзі жасаған жағдайда

Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

МЕА келіп түсуі «МЕА қабылдау, өткізу актісімен» рәсімделеді. Онда МЕА атауы, оның қысқаша сипаттамасы, қабылдаған және өткізген тұлғаның аттары, сатып алынған мерзімі, бастапқы құны, амортизация нормасы және жинақталған тозу сомасы көрсетіледі. Актіге МЕА қабылдап алған материалды жауапты тұлға қол қояды және осы құжаттармен бірге ұйым бухгалтериясына тапсырылады. Ұйым бухгалтериясында МЕА-ді кіріске алу бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымы ретінде енгізілген жағдайда

Дт 2730 Кт 5110

заңды тұлғалардан төлем арқылы кірістелген МЕА үшін

Дт 2730 Кт 3310, 3390

Қосылған құн салығына: Дт 1420 Кт 3310, 3390

алынған МЕА үшін жабдықтаушылардың шот-фактураларын төлеген кезде

Дт 3310, 3390 Кт 1010, 1030

бюджетке төленетін төлемдерді азайту үшін есепке алынған ҚҚС сомасына

Дт 3130 Кт 1420

МЕА бухгалтерлік баланстан оның шығысталуы кезінде не оларды пайд.н ешқандай экономикалық пайда алу күтілмеген жағдайда есептен шығарылады. МЕА шығысталуына мынадай себептер әсер етуі мүмкін:

- олардың басқа тұлғаларға сатылуы

- моральдық тозуы әсерінен

- басқа ұйымдарға ақысыз берілу әсерінен

- басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым ретінде салынуымен байланысты

МЕА шығысталуы алардың себептеріне байланысты «МЕА қабылдау, өткізу актісімен» не «МЕА істен шығару актісімен» рәсімделеді. МЕА сату кезінде мынадай бух.жазбалар жасалады:

Сатылған МЕА баланстық құнына

Дт 7410 Кт 2730

МЕА сату кезінде жинақталған амортизация сомасына

Дт 2740 Кт 2730

төлем құжаттарына сәйкес, ҚҚС-сыз сатылған МЕА келісім құнына

Дт 1210 Кт 6210

МЕА ҚҚС сомасына

Дт 1210 Кт 3130

банк көшірмесіне сәйкес МЕА сатқаны үшін сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түскен жағдайда:

Дт 1030 Кт 1210

МЕА моральдық жағынан тозуына байланысты есептен шығарылуы мүмкін:

Дт 7410 Кт 2730

Істен шығару кезінде жинақталған амортизация сомасына:

Дт 2740 Кт 2730

Есептен шығарылған МЕА құнынан есептелген ҚҚС сомасына:

Дт 7410 Кт 3130

Жыл соңында МЕА сатудан алынған табыс және шығыс сомасы 6240, 7410 шоттарынан келесі бух.жазу арқ жылдық жиынтық табыс шотына апарылады:

табыс сомасына: Дт 6240 Кт 5610

шығын сомасына: Дт 5610 Кт 7410

Ұйым капиталының есебін ұйымдастыру тәртіптеріне тоқталыңыз

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салым- дары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса ал- ғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдар- дың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі ке- рек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылар- дың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке са- лым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең бо- лады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жар- ғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жина- лыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мер- зімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзі- нің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жар- ғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атау- лы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акция- ларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акцио- нерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған саны- ның шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесі- нің шешімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шыға- рылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған жә- не жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған ак- цияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгілен- ген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орна- ластырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жария- ланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредитор- лар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттан- дырады:

- дивиденттер алуын;

- қоғамды басқаруына қатысуын;

- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазу- лы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізі- мінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай ак- циялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операция- ларын қарастырайық.

5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» шот- тарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салы- натын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номинал- дық құны төленсе, онда ол: 1030;1010 дебеті бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730;2410;1310;1320;1330;1350 және 5110 шоты кредит- теледі.

31. Есеп

Наши рекомендации