Азақстан Республикасындағы саяси процесстер.

Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы — тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.

Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.

Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостаңдық әкеледі, өділдікті, де-мократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылы-ми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті оміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы-мызды айнада көргендей боламыз дейді. Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға-лау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыс-пен байланысты. Оған дәлел — діні, мәдениеті, бүрынғы жа-зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, үжымдастық, туы-стық жакын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақ-сы жақтарын кабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлту-малығын жоғалтпайды. Үлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жүмсап, жүмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп кал-ған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақ-саттардың бірі болуға тиіс. Олар өз қүқықтарын, бостандықта-рын қорғай білулері керек. Бүл жолда алдымен Конституцияда керсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта-рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.

Тақырып. 16. Саяси шиеленіс

1) Саяси жанжалдар

2) Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері.

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Саяси жанжалдар табиғатында әлеуметтік факторлар басым рөл атқарады. Саяси егесу негізінде жатқан үш негізгі себептер:

Саяси жанжалдардың екінші көзіне саяси құбылыстар (тарихи оқиғалардың саяси мұраттары, құндылықтары, бағалануы) туралы адамдардың субъективті мәнді түсініктеріндегі алшақтықтарды жатқызады.

Жанжалдардың үшінші көзі ретінде азаматтарды ұқсастыру, олардың өздерінің әлеуметтік, этникалық, діни және басқа да қауымдарға және бірлестіктерге жататынын мойындау процестері қарастырылады, мұның өзі олардың әлеуметтік және саяси жүйеде өзінің орнын түсінуін анықтайды.

Саяси жанжалдардың түрлері:

а) әрекет ету уақытына қарай — ұзаққа созылатын және тез өтетін жанжалдар;

б) әрекет көлеміне қарай — жергілікті немесе аймақтық жанжалдар;

в) көріну нысандарына қарай — бейбіт және, бейбіт емес жанжалдар;

г) қатысушылардың санына қарай — көпсубъектілі, немесе көпжақты қарама-қарсы, сондай-ақ екіжақты, немесе екіұдай қарама-қарсы жанжалдар;

д) нормативтік реттеудің деңгейі мен сипатына қарай — жүйелі немесе жүйелі емес, институалданған немесе институалданбаған жанжалдар; е) өзінің салдарына қарай — оң немесе теріс, сындарлы немесе іріткі салатын жанжалдар; ж) басқару тәртібін ұйымдастыру бағыныстылығы сатысына қарай — тікелей бағыныс сатысындағы (биліктің әртүрлі деңгейіне жататын субъектілердің өзара қатынастарын сипаттайтын) және жанама бағыныс сатысындағы (биліктің бірқатарлы субъектілері мен иеленушілерінің байланысын ашатын) жанжалдар. Саяси жанжалдарды басқару. Саяси жанжалдарды басқарудың қазіргі технологияларын талдау оларды реттеуге арналған бірнеше міндеттерді атап көрсетеді.

Біріншіден, жанжалдың туындауына жол бермеу керек, ал егер ал айқын көрінетін болса, онда мүмкіндігінше оны реттеу үшін бағытталған әлеуметтік бағаны арттыра түсетін кезеңді ұласуына жол бермеу қажет. Екіншіден, бағынбайтын процестер-аймағын азайту мақсатында барлық көлеңкелі, жасырын жанжалдарды ашық түріне көшіру керек. Үшіншіден, саяси жанжалдың ағымымен туындайтын әлеуметтік өршуді ең төменгі деңгейге жеткізу керек.

2 сұрақ. Саяси жанжалдарды шешу әдістері.

Мәселен, Е.Нордлинжер саяси жанжалдарды ойдағыдай реттеу үшін алты принцииті негіздеді:

а) тұрақты бірлік; б) тепе-теңдік принципі; в) саясатсыздандыру; г) тыйым салу құқығының өзара ортақтығы; д) ымыраға келу; е) шарт, яғни үшінші тарапқа жанжалды реттеу құқығын беру. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бірегей құбылыс ретінде жанжал көпқырлы құбылыс болып табылады және осыған орай оны шешудің көп нұсқалығы пайда болады. Осы жағдайда кейбір ғалымдар мына факторларды есепке алуды ұсынады:

а) институциалдық фактор – қоғам ауқымында жанжалдарды шешу үшін әлеуметтік институттар: келісу комиссиялары, конституциялық сот, төрелік сот және т.т. болуға тиіс;

б) күштердің тепе-теңдігі факторы — екі тараптың да жанжал жағдайын шешуге тең құқығы мен өкілеттігі болуға тиіс;

в) топтық фактор — жанжалға қатысушылар саны неғұрлым аз болса, оны біліммен реттеу мүмкіңдігі соғұрлым ықтимал болады;

г) психологиялық фактор — жанжалға қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін есепке алу.

Саяси жанжалды шешу үшін мыналар қажет:

а) жанжалдың шекарасын айқын анықтау, яғни оны шектен шығармау және оған қосымша факторларды қоспауға — қатысушылардың, себептерінің, көлемдерінің артуына және т.т. жол бермеу керек.

б) жанжалдың негізіндегі проблемаларды оңайлатудан, оларды екіұдай түсіндіруден аулақ болған жөн;

в)сындарлы шешімдер қабылдауды кешеуілдетуге жол бермеу қажет өйткені жанжалды шешу уақыты — бұл жанжалдың өзінең де қауіптірек соғатын салдарды туғызуға себепші фактор;

г) ұлттық ерекшелік көзқарас арқылы жанжалды реттеудің әмбебап (жалпы адамзаттық) тәжірибесін пайдалану керек.

Саяси жанжалдың даму сатылары: бастапқы, жасырын нысаны ашық нысаны (қарсы тұру) жанжалдан кейінгі кезең. Жанжалдың бастапқы (жасырын) сатысы үшін туындаған жанжал жағдайын түсіну, өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа тараптың кедергілері мен ықтимал қарсы іс-әрекшеліктерін түсіну сипаты болады.

Екінші — ашық сатыда іс жүзіндегі шабуыл іс-әрекеттері: ұрандар, шақырулар, қоқан-лоққы жасаулар көрінеді, содан соң осылардың салдары ретінде кедергілер жасау, жанама зиян келтіру (БАҚ-та жария ету және т.с.с), Даулы заттарды басып алуға, ұстауға бағытталған әрекеттерге, күш қолдануға ұласады.

Жанжалдарды шешудің тәжірибесі саясатта жанжалдарды дамыту нысаны мен оларды шешу нұсқалары мейлінше көп ретте субъективті факторларға байланысты болады. Саяси ерік-жігер жанжалдың қарулы күреске өршуін болдырмауға, оның әлеуметтік қауыртылығы мен шашпандығын төмендетуге, келісім мен мәмілеге келу негізінде оны бәсеңдету жолдарын табуға қабілетті болады.

Наши рекомендации