Азақстан экономикасын жедел түрлендіру туралы. ҚР Президентінің 28.01.2011

жылғы халыққа жолдауынан. 1991 жылдың желтоқсанында, өзі­міз­дің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таң­дап ала отырып, біз әр жаңа ке­зең­нің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.Ел ілгерілеуінің шоғырланған көр­сет­кішін ғана келтірейін.1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің ал­ғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққан­дағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.2010 жылдың қаңтарында ел хал­қына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.Қазірдің өзінде оны жүзеге асы­ру­дың алғашқы жылының нақты қо­ры­тындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұ­рақты жұмыспен қамтамасыз еттік.Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құ­рылды.Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен да­мы­ту үдерісін бастадық, ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трил­лион теңгені құрайтын 294 ин­вестициялық жобаны жүзеге асыру жос­парланып отыр.161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есеп­телген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжыл­дық­тың алғашқы жылының басты қо­рытындысы – экономиканың нақты­лы секторының есебінен экономика­лық өсуде елеулі құрылымдық өзге­рістердің басталуы.Таяу онжылдықтағы Стратегия­лық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.Ішкі жалпы өнімдегі шағын және ор­та бизнестің үлесі 40 пайызды құ­райды.Халықтың саны 18 миллион адам­ға жақындайды.Білікті мамандардың үлесі 40 пай­ыз­ды құрайды.Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.Ауыл шаруашылығындағы еңбек­тің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.Аграрлық секторда етті мал ша­руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осы­нау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азай­ту­ды қамтамасыз ететін тиімді тех­нологияларға негізделуі керек.Шикізаттық емес секторларды да­мы­ту мақсатында Үкіметке Қуат тиім­ділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.Индустрияландыру өңірлік саясат­тың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.Мұның барлығы – біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.Біз әлі жол басында тұрмыз.Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты ат­қаруға тиіспіз.Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақ­тау­шымын.

Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабыл­дадық.Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидат­тары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қа­былданды.

Меншікті қорғаудың құқықтық те­тіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойын­ша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қа­мауға алуға балама жазаларды қол­да­нудың аясы кеңейтілді. Осының ар­қа­сында биылғы жылдың өзінде ауыр­лығы азын-аулақ және орташа қыл­мыс­тары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орында­ры­нан шығарылады.

Құқық қорғау органдары аппарат­тарының саны 15 пайызға қысқар­тыл­ды. Олардың құрылымдары оңтайлан­ды­рылды.

Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.

Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.

Қазіргі таңда халықаралық сарап­шы­лардың бағасы бойынша Қазақ­стан­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам рес­пуб­ликалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олар­дың орынбасарлары бар.Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жө­ніндегі агенттік төрайымының, тө­тен­ше жағдайлар және қорғаныс вице-ми­нистр­лерінің, «Қазақстан темір жолы» компа­ния­сы басқарма төрағасының, «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қазатомпром» ком­па­ния­лары президенттерінің үстінен қыл­мыс­тық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлем­дік антикоррупциялық рейтингтегі көр­сеткішін бірден 45 сатыға жақ­сарт­ты.Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүд­десі үшін реформа жүргізуде көш­басшы деп танылған.Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.Тұтастай алғанда мемлекеттік ор­ган­дардың шаруашылық жүргізуші субъек­тілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.2010 жылдың 10 айының нәтиже­сінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталан­дырады.

Наши рекомендации