Бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi

бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi

Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы,
құрылымы және құрамы

1. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".
2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.
Ескерту. Жаңа 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi

1. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.
Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
3. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды.
Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 379, 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi

1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
2. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен
Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату

1. Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

7-бап.
Ескерту. 7-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

8-бап. Республика Үкiметiнiң құрамында болуға
байланысты шектеулер

Республика Үкiметi мүшелерiнiң:
1) өкiлдi органның депутаттары болуға;
2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
4) Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

Наши рекомендации