Франшиза түсінігі, типтері

Франшиза дегеніміз - ол тұтыну тауарларын және қызметтерін тікелей өткізуге арналған маркетингтік жүйе. Мұнда бір фирма екінші фирмамен нақты бизнесі шектелген аумақта белгілі шарттар бойынша нақты таңбалы тауарға байланысты ұзақ мерзімге бағытталған келісімді қарым-қатынас жүргізу құқығын алады.

Франшизаның төрт түрі болады:

1. Өндірушібөлшек сауда арасындағы франшиза;

2. Өндіруші мен көтерме сауда арасындағы франшиза;

3. Көтерме жөне бөлшек сауда араларындағы франшиза;

4. Қызмет көрсететін фирмамен дистрибьютор араларындағы франшиза.

Франшиза сатушыға да, сатып алушыға да әр түрлі ұтымды жағдай жасайды. Франшизердің ұтатын жағы мыналар:

■ маркетинг жүйесін бақылау ісін кемітпей сақтап, капитал көзіне қол жеткізеді;

• тұрақты шығындардан құтылады;

• жергілікті тұтынушы тұрғындарымен әрекет жасайды;

• сатудың көлемін тез арада ұлғайтады.

Ал франшизаны сатып алушының ұтатын жері мыналар:

• франшизер қолданыстағы, өтімді таңба бейнесін пайдаланады;

• франшизердің жақсы атағын, тәжірибесін, кепілдемесін пайдаланады;

• бастапқы жұмысты аз капиталмен бастауға мүмкіндік алады;

• үлкен ұйым құрамына кірумен бірге өзінің жеке бизнесін бастауға мүмкіндік алады;

• франшизер бастапқы және одан кейінгі ағынды (үздіксіз) әрекетте көмек көрсетеді.

Бастапқы әрекет дегеніміз: нарықты зерттеу, сауда орнын, түрін айқындау, жұмысқа қызметкерлерді қабылдау сәттері. Ал ағынды әрекетке жұмыс жүргізуді бақылау, жарнамалық материалдарды әзірлеу, тауар сапасын тексеру, маркетингтік ақпаратты сараптау арқылы көмек беру жұмыстары жатады.

Ткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті, эксклюзивті. Өткізу стратегияларының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Фирма нарықта қанша делдалды пайдаланатынын шешіп, төмендегі көрсетілген өткізу стратегияларының бірін таңдап алады. Жалпы алғанда маркетингте келесі өткізу стратегиялары қолданылады:

• қарқынды өткізу;

• іріктеу стратегиясы;

• эксклюзивті өткізу.

Қарқынды өткізу стратегиясында фирма нарықты максималды қамту үшін және сату көлемін молынан көбейту үшін мүмкіндіктері ең жоғары сауда орындарын таңдайды. Бұл стратегия әдетте күнделікті сұраныстағы тауарларды, шикізаттарды өткізу үшін көбірек қолданылады .

Іріктеп өткізу жүйесінде өндіруші іске қосатын барлық делдалдарды қолданбайды. Бұл стратегияда баға мен тауар қасиеттерін салыстыра отырып, тұтынушының таңдамалы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай туғызады.Мұнда бірнеше таңдау өлшемдері қолданылады:

• сату көлемі арқылы белгіленетін фирма мөлшері;

• өткізу қызметінің сапасы;

• өткізушінің техника жағынан құзыреттілігі және жабдықталуы.

Эксклюзивті өткізу стратегиясы іріктеп өткізудің бір түрі болады. Тауар таңбасын белгілеу аумағында тек бір сатушыға ғана әрекет жасауға рұқсат беріледі. Бұл стратегияның ұтымды болуы тауардың жоғары деңгейде сапалы болуына және соған сәйкес өндіруші саясат

жүргізіп, тауарды саралауына байланысты болады. Эксклюзивті өткізудің ерекше түрі франшиза болады.

Логистика. Логистика түрлері. Маркетинг-логистиканың үдерісі.

Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.

Логистиканыңнегізгімақсаттары

Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістікқуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.

Логистика салалары

Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:

· Қамтамыз ету логистикасы

· Өндірістік логистика

· Тарату логистикасы

· Сатудан кейінгі (after sales) логистика

· Шығарып тастау (disposal) логистикасы

Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.

Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.

Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.

Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

Наши рекомендации