Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар

Өндірістік қәуіпті және зиянды факторларды талдау

Технологиялық үрдісті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері.

Үрдісті қауіпсіз жүргізудің басты шарты техника қауіпсіздігі, өртке қарсы шаралар, технологиялық үрдісті пайдалану және нормалары бойынша тағайындалған ережелер мен нұсқауларды орындау болып табылады.

Жұмыста негізгі қауіпті көмірсутекті газ құрайды, өйткені аумақтық және өндірістік бөлмелердің газдануынан улану, жарылу, өртену қауіпі туындауы мүмкін. Газдану газды саңылаусыздандырылмаған қосылыстар, сальниктік тығыздатқыштар, ақауы бар тығындау арматурасы арқылы өткізген кезде пайда болады.

Қызмет етуші жұмысшылар барлық жүйенің саңылаусыздығына әрдайым бақылау жүргізіп, жүйедегі қысымның рұқсат етілген қысымнан асып кетуіне жол бермей, анықталған саңылауларды уақытылы жоюлары тиіс.

Мұнайды дайындау және тасымалдау цехы өрт шығу қаупі бар өндіріс. Өндірістің қауіптілігі, айтарлықтай көп көлемде өрт шығу қаупі бар өнімдерді өңдеумен және шығарумен, отпен жылытудың қолданылуымен, өте жоғары өндірістік көрсеткіштермен (температура, қысым), улы реагент-деэмульгатордың болуымен, қызмет көрсетушілердің шикізат және өнім буымен улану мүмкіндігімен сипатталады. Мұнай дайындау және айдау цехы(ЦППН) объектілеріндегі жұмыс істеуші адамдар міндетті түде олардың сұлбасын және барлық түрлі тораптардың, құбырлардың, арматуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының атқаратын қызметтерін білулері тиіс.

Жұмыстарды жүргізу кезінде «Мұнай-газ өндірісіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелерін» РК-10-98ж сақтау керек.

Үрдісті қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі шаралар:

1. Технологиялық режимді үрдістің технологиялық картасы мен тағайындалған көрсеткіштерге (қысым, температура, резервуарлардағы деңгей және т.б.) байланысты жүргізу.

2. Мұнай дайындау және айдау цехының (ЦППН-ның) объектілерін және қондырғылардың жеке түрлерін УПН және ПО-ның бас инженерімен бекітілген пайдалану ережелерін сақтау

3. Барлық тораптардың, қондырғылардың және КИП аспаптарының іске жарамдылығын жұйелі түрде тексеру.

4. ППР графиктерін сақтау, барлық тораптарды, қондырғыларды және КИП аспаптарын, құбырларды жұйелі түрде тексеру және оларды дер кезінде жөндеу.

5. Жеке тұлғаны қорғау құралдарын жөндеулі күйде сақтау және дұрыс пайдалану

6. Жұмыс істеп, қысым астында тұрған жабдықтар мен тораптарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

Электорлық құрылғының аумағына, оны пайдалануға жауапты адамның рұқсатынсыз жұмысшыларды жіберуге тыйым салынады.

ЦППН-ның ең қауіпті жерлері болып келесілер табылады:

-ПТБ-10/64 мұнайды жылыту пештерінің аумағы;

-Резервуарлар паркінің аумағы;

-Соңғы айыру қондырғысының аумағы (КСУ).

- ПТБ-10/64 мұнайды жылыту пештерін қолдану кезінде үрдісті қауіпсіз жүргізудің шаралары

1. Құбырлардың, змеевиктердің құбырларды асқыштардың халіне бақылау қамтамасыз етілуі керек;

2. Шығыңқы жерлері бар құбырлармен жұмыс істеуге тыйым салынады;

3. пештердің жоғарғы жағындағы қалыпты жану режимін сақтау керек, барлық форсункалар бірқалыпты жүктелуі және мұржалардың ұзындығы бірдей болуы керек;

4. Алдын-ала жану камерасын бумен желдетпей пештердің форсункаларын жандыруға рұқсат етілмейді;

5. Пештердің форсункаларын тек қана факель немесе запальникпен (тұтатқышпен) жандыруға рұқсат етіледі;

– Резервуарлар паркін пайдалану кезінде үрдісті қауіпсіз жүргізудің шаралары

1. Қызмет көрсетушілер құбырлардың және барлық тығын арматурасының орналасу сұлбасын және атқаратын қызметтерін білулері тиіс. Барлық резервуарларда сұлбаға байланысты реттік сандар белгіленуі керек;

Резервуарлар парктерінің аумағында орналасқан барлық өрт сөндіру құралдары әрдайым өздеріне арналған жерлерде болуы керек және толығымен іске жарамды болуы керек;

Резервуарлар парктерінің аймағындағы обвалование және өту-сатылары таза және іске жарамды күйде сақталуы керек;

Резервуар арматурасы мұздап, қатып қалған жағдайда да, оны отпен жылытып алуға тыйым салынады. Бұл мақсатта тек қана су буы немесе ыстық су қолданылуы мүмкін.

Резервуарлар парктеріндегі ағып кету салдарынан туындайтын шығындарды болдырмау үшін келесі шараларды орындау қажет:

Резервуарлардың толық техникалық іске жарамдылығын және саңылаусыздығын қамтамасыз ету;

Резервуардың барлық жабдықтарын (ысырмалар, деңгей өлшегіштер, люктер және т.б.) пайдалануға жарамды етіп ұстау;

Клапандарда, сальниктерде, фланецті және муфталы қосылыстарда жүйелі түрде саңылаусыздандыруды жүргізу;

Іске қосулы резервуардың пісірілген тігістерінде немесе түбінің негізгі металлында жарықшақ пайда болған болса, онда ол тезарада босатылып, тазартылып, жөндеу жұмыстарына әзірленуі тиіс;

Резервуарларды толтыру немесе босату жұмыстарының дұрыс жүрісі бұзылған болса, онда тезарада бұзылу салдарын анықтап, оны жөндеуге шара қолдану. Қажет болған жағдайда операциялар тоқтатылуы керек.;

Резервуарды толтыру немесе босату жұмыстарын бастау тек қызмет көрсетушілер тасымалдаумен байланысты ысырмалардың дұрыс ашылғандығына қанағаттанса ғана рұқсат етіледі;

Жұмыс істеп тұрған резервуарларды сөндіретін және бос тұрған резервуарларды іске қосатын ысырмалармен жасалатын операцияларды бір мезгілде атқаруға тыйым салынады;

Резервуардың жұмысын өзгерту кезінде, алдымен резервуардағы оны толтыруды қарастыратын ысырманы ашу, содан соң толтырылуы тоқтатылатын резервуардағы ысырманы жабу;

Резервуарды дренаждау кезінде мұнайдың ағып кетуіне жол бермей, стоктарды бақылау керек;

Өніммен толтырылып жатқан резервуарларда «соғу» құралдары қолданылатын қандай да бір жұмыстың жүргізілуіне жол берілмейді;

Тексеру, жөндеу жұмыстарынан кейін резервуарды іске қосу шаралары, резервуарлар паркінің басшылығында жүрген адамның жазбаша рұқсат етуіне байланысты жүргізілуі керек;

– Деэмульгатормен жұмыс істеу кезінде, улы заттармен жұмыс істеу қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар

1. Ішінде деэмульгаторы бар ыдыстарды күн сәулесінің әсерінен және жылыту аспаптарынан қорғау қажет. Бұл ыдыстарды ашқан кезде, жұмысшылар рәзеңке қолғаппен және құрамында рәзеңкесі бар алжапқышпен жұмыс істеулері міндетті;

2. Ыдыстардың саңылаусыздығын жүйелі түрде және өте тиянақты, ұқыпты тексеру керек. Тесігі бар ыдыс тезарада босатылуы тиіс;

3. Ыдыстарды ұшқын шығармайтын құралдармен ашу керек;

4. Деэмульгаторды ағызғанға және тасымалдағанға дейін ақаулардың бар, жоқтығын тексеру және ақаулар тезарада жойылуы керек;

5. құбырларды, сораптарды, шлангаларды басқа өнімдерді тасымалдау үшін қолдануға тыйым салынады;

6. Деэмульгаторларды пипеткаларға және сифондарға ауызбен сорып тартуға, сонымен қатар онымен қол және кір жууға тыйым салынады;

7. Деэмульгаторлармен жұмыс істеу кезінде келесі іс-әрекеттер жіберілмеуі тиіс:

Деэмульгатормен жанасу мүмкіндігі бар қолмен істелетін жұмыстар;

Оны жерге және қондырғыға төгіп алу, денеге және киімге тигізу;

Өндірістік жұмыстар жүретін жерлерде киім сақтау;

Алдын-ала қолды сабынмен жумай тамақ ішуге отыру.

4.1-кете-Деэмульгаторлармен жұмыс істеу кезінде және метеорологиялық факторлардан қорғану мақсатында әрбір объектідегі адам басына берілуі тиіс заттар тізімі

Наши рекомендации