Конституция және конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.

Конституция деген (термин) ұғым латынның (соnstututio- жарлық, жарғы деген сөзінен шыққан. Қазақстан республикасының қазіргі қолданып жүрген ата заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған 30 тамыз конституция күні деп жарияланды. Бұл күнді біз жылда дәстүрлі түрде конституция күні ретінде атап өтеміз. Бұл конституция 9 бөлімінен, 98 баптан тұрады.

Конституциялық құқық Қ.Р- сы құқық жүйесі салаларының бір түрі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесінен тұрады. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға мемлекет пен қоғам құрылымының негізі және мемлекеттік биліктің жүзеге асуы жатады. Ал бұл конституциялық қатынастардың аясын кең түрде қарастырар болсақ ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салалары яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларын қамтиды. Ал осы аталған салаларды конституциялық құқықтық нормалар жан-жақты реттемейді тек осы аталған салалардың базалық қабаттарын ғана жасауға көмектеседі.

Сондай- ақ конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету және тану әдістері арқылы жүзеге асады.

Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі бастауы бұл- Конституция. Конституцияның негізінде конституциялық құқық өзінің теориялық ережелерін қалыптастырады. Конституциямен бірге, конституциялық заңдар , жай заңдар, президенттің нормативтік жарлықтары , үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері жинақтала келіп заңдылықты құрайтын қайнар көздерге жатады. Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Және бұл нормалар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады.

конституциялық құқықтық нормалардың басқа құқық салаларының нормаларының өзіндік ерекшелігі:

Біріншіден конституциялық құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Яғни, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін бекітуге, конституциялық құрылыс негіздерін нығайтуға, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттейді.

Екіншіден бұл конституциялық құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Ол дегеніміз басқа құқықтық нормалар конституцияға қарсы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер конституция негізінде Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық кеңеске және прокуратураға берілген.

Үшіншіден, материалдық іс жүргізуші конституциялық нормалар. Бұл нормалардың басқа азаматтық, қылмыстық және т. б.іс- жүргізу құқық салаларынан өзгешелігі конституциялық нормаларды жүзеге асырудың біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Бірақ бұл мәселені конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деп түсінбеу керек.

Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардағы әрбір мемлекеттік органдардың өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Мысалы. Парламенттік заңдар, қабылдаудың өзіндік тәртібі, парламент депутаттары сайлауын өткізу тәртібі, референдум өткізу тәртібі, президент импичменті және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.

Жалпы конституция 9-бөлімнен ,

98 баптан тұрады ал

конституция нысанына қарай екіге бөлінеді.Олар жазбаша және ауызша .

Сондай-ақ конституция субьектілер басшылыққа алатын нормалар мен принциптерден және басқа қолдану санаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді .

Оларға мыналар жатады:

- Конституциялық кеңестік.

- Конституциялық заңдылық.

- Конституциялық тәртіп.

- Конституциялық бастама.

- Конституциялық мәртебе.

- Конституциялық органдар.

- Конституциялық іс жүргізу.

- Конституциялық өкілеттік.

- Конституциялық шектеу.

- Конституциялық жауапкершілік.

- Конституциялық принциптер.

- Конституциялық құрлыс.

- Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міндеттері және т.б.

Қ.Р-ның 1995 жылғы Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Қ.Р- сы конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міндеттері бекітіліп көрсетілген.

Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік- әкономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді.

Наши рекомендации