Азаматтық іс жүргізу заңдары.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерімі көрсетілмесе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚРАІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе№ Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық iс жүргiзу заңдары
1-бап. Азаматтық iс жүргiзу заңдарымен
реттелетiн қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқаруы кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн
жүргiзу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық iстер бойынша сот iсiн жүргiзу тәртiбi конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары азаматтық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкiмшiлiк, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша iстердi, сондай-ақ ерекше жүргiзiлетiн iстердi қарау тәртiбiн белгiлейдi.
4. Егер азаматтық iстер бойынша iс жүргiзу барысында әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiс мәселенi қарау қажет болса, ол осы Кодекстiң 26-бабының ережелерiне сәйкес азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
3-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар
құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және ол Республиканың бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекстiң нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiледi деп көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.