Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Кесте-1.4 - Техникалық конфигурация талаптары.

Компьютерлік фирма атауы Физикалық модуль Сипаттамалары
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Перне тақтасы Тышқан Іntel, 2.4MHz 512Mb 80Gb 19 дюймдік 105 батырмалы 2 баспалы
Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Ақпарттық жабдықтау – бұл менеджер ақпараттық жүйесінде қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттық ауқымның үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық жабдықтауды жобалау- бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Математикалық жабдықтау – бұл ең озық есептеу техникасының көмегімен менеджер есеп ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдерінің жиынтығы.

Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланылатын тілдік құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешендерінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын жүзеге асыратын программалр жиынтығы. Программалық жабдықтау математикалық жабдықтау негізінде жасалады және оның нақты «іскер» формасы болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнайы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпаратты өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын программалық жабдықтау бөлімі. Оған мына негізгі компоненттер кіреді: Операциялық жүйе, программалық өнім.

Операциялық жүйе есептеу үрдісін тиімді ұйымдастыруды және сонымен бірге есептеу жүйелеріне қорларды тиімді жүктеуді орындайды. Операциялық жүйеге программал мен операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін программал жатады.

Арнайы программалық жабдықтауға әртүрлі атқарымдылық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар кіреді.

Кесте-1.5 - Жалпы программалық жабдықтау

Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
ОЖ Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау

4.1- кестенің жалғасы

  Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0 MS Offіce XP Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphі 7 Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
МББЖ Paradox 7 Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.

Программалық жабдықтау дегеніміз – экономикалық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.

Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Эргономикалық жабдықтау – бұл, жұмыстын әртүрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы.

Менеджердің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

Жұмыс орындарына, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптардың іске асыру мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын іске асыру;

Жұмыскерлерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық құқықтық жабдықтау – бұл, фирма менджерінің ұйымдастырылуын, оның мақспты мен мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.

АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.

Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:

- ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;

- ақпараттың құрамы қандай;

- ақпаратты іздеу уақытының азаюы.
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, құрамы «корпоративті клиенттерге қызмет көрсету» АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;

- мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;

- басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;

- ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.

Машинадан тыс ақпараттық база

Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.

Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.

Машина ішіндегі ақпараттық база

Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.

Наши рекомендации