Тақырып 5. Шетел инвестицііялармен кэсіпорын кьізметін реттеу
Мақсаты:шетел инвестициялармен пайда болған кәсіпорындардың құрылу эдістерін зерттеу, шетел кэсіпорындары түрлерін зерттеу, оларды тіркеу негізін зерттеу.
20 Шетел инвестицияларымен кэсіпорындардың құрылу жолдары
21 Кәсіпорындарды тіркеу
І.Шетел инвестііцияларымен кәсіпорындардың құрылу жолдары.ҚР территориясында кәсіпкерлікпен айналысам деген эрбір тұлғаға ҚР заңнамасы түрлі мүмкіндіктер береді, ал кәсіпті тіркеу күрделі іс емес.
ҚР заңнамасы шетел инвестициясының қандай да бір формасымен негізделген, ҚР заңнамасымен рұқсат етілетін қызметті жүзеге асыру Қазақстан территориясында негізделген жеке немесе заңды тұлгалар қызметі сияқты жагдай жасалғанына кепілдік береді (кейбір шетелдік инвестициялар үшін шектелген немесе жабық салалардан басқа).ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес шетелдік немесе жергілікті инвестициялар айырмашылығы жоқтың қасы. Шетелдік инвесторлар үшін кәсіпкерлікті жүзеге асырудың келесі жолдары бар:
Шетелдік кәсіпорын - бұл Қазақстан заңнамасына сәйкес Қазақстан территориясында құрылган , толыгымен шетелдік инвестордың үлесінде болатын (құрылтайшы немесе құрылтайшылары шетел азаматтары жэне шетелдік заңды тұлғалар) заңды тұлға.
Біріккен кәсіпорын - бұл Қазақстан заңнамасына сәйкес Қазақстан территориясында құрылған үлесінің (акция) бір бөлігі шетелдік азаматқа (азаматтарға) немесе шетелдік заңды тұлгаға тиесілі, ал бір бөлігі қазақстандық азаматқа (азаматтарға) немесе заңды тұлғага тиесілі болатын заңды тұлға.
Заңды тұлғаның филиалы немесе өкілеттілігі - бұл Қазақстан территориясында орналасқан шетелдік ұйымның жеке құрылымдық бөлімі , жеке кэсіпкер.Басқа елдің территориясында тіркелген кэсіпорындарға да Қазақстан территориясында кэсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынбайды. Мұндай жағдайда кәсіпорын қызмет жасау орнында тіркелуге міндетті, салықтық заңнамалар резиденты жэне “резидент емес” сияқты ұғымдар арқылы операцияларды жүзеге асырады.
Резидент дегеніміз - Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын немесе өмірлік мүдделердің орталығы Қазақстанда болатын жеке тұлға.
ҚР Резидент заңды тұлғалар деп ҚР заңнамасына сәйкес құрылған жэне олардың тиімді басқару органы ҚР территориясында орналасқан заңды тұлғаны айтады. Бұл сипатқа сэйкес емес жеке жэне заңды тұлғалар резидент емес деп танылады.
*
2. Кәсіпорынды тіркеу.Шетелдік кэсіпорын жэне біріккен кәсіпорын шетел қатысуымен болатын екі түрлі кәсіпорын. Шетел қатысуымен қүрылған кәсіпорынды, филиал мен өкілеттілікті тіркеу Қазақстандық заңды тұлғаларды тіркеудің мемлекеттік тэртібімен өтеді. Одан бөлек Әділет органдарына келесі құжаттарды өткізуі тиіс:
- шетелдік заңды тұлғаларға - заңнамаға сәйкес атаулы субъекттің өз елінің заңды тұлға екенін растайтын құжат, қазақша жэне орысшага аударылған нотариалды расталған көшірме.(эдетте, мемлекеттік тіркеу жөнінде куәлік жэне устав)
-шетелдік азамат үшін - төлқұжат көшірмесі, қазақша және орысшаға аударылған нотариалды расталған көшірме .
Сондай-ақ, шетелдік азаматтарға Қазақстанға кірмей-ақ өкілеттілік аркылы кэсіпорынды тіркеуге болады.
Қатысушысы шетелдік заңды тұлға болатын заңды тұлғаны тіркеу кезінде келеңсіз жағдайлар туындауы мүмкін.Мұндай жағдайда ҚР «Мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы әделет органдарына салык комитетінен берілетін қазақстандық бюджетке төленуі тиіс қарыздардың барлығы немесе жоқтығы жөнінде анықтама қағаз сұратады.
Шетелдік заңджы тұлғаның филиалын немесе өкілеттілігін тіркеу үшін жоғарыдағы анықтама қағаздардың қажеті жоқ. Филиалды ашып жатқан заңды тұлғаның барлық құжаттары қазақша жэне орысша тілдерге аударылуы тиіс. Кэсіпорын қатысушылары болып табылатын шетел азаматтарына да салық комитетіне тіркеліп, салық төлеуші куэлігін алуы қажет.
ҚР салық комитетінің пайымдауынша, жеке кәсіпкер - бұл заңды тұлғаны қалыптастырмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, резидент немесе резидент емес болуы мүмкін. Салық кодексі эрбір кэсіпкерлікті жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғаны салық органына келіп, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаннан бастап, 10 жұмыс күні ішінде тіркеуге тұруына міндетті етеді. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі болып кэсіпкерлікпен қызметін жүзеге асырумен байланысты өндіріс, сауда, кеңсе, офис орындарын түсінеміз. Алайда, салык салу тұрғысынан алғанда, шетел қатысумен кәсіпорынды ҚР резиденті етіп тіркеу оңайлау болып табылады. Бұл жағдайда , кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде салық салудағы барлық нормалар қолданылады.
Орытынды
ҚР заңнамасы шетел инвестициясының қандай да бір формасымен негізделген, ҚР заңнамасымен рұқсат етілетін қызметті жүзеге асыру Қазақстан территориясында негізделген жеке немесе заңды тұлғалар қызметі сияқты жағдай жасалғанына кепілдік береді. Шетел қатысуымен құрылған кэсіпорынды, филиал мен өкілеттілікті тіркеу Қазақстандық заңды тұлғаларды тіркеудің мемлекеттік тәртібімен өтеді.