Антициклондық инверсия

Антициклондағы температура инверсиясы. Жер бетіндегі радиациялық инверсия және бос атмосферадағы шөгу инверсиясы деп екіге бөлінеді. Атмосферадағы температура инверсиясының басым бөлігі нақ осы антициклондық инверсия болып табылады.

Антициклондық құйын

Солтүстік жарты шарда сағат тілі жүрісінің бағытымен, Оңтүстік жарты шарда оғап қарсы бағытта айналатын мұхиттағы тік немесе көлбеу өсті су құйыны.

Антициклондық циркуляция

Антициклондағы ауа қозғалысының жүйесі; яғни антициклон орталығының төңірегінде ауаның Солтүстік жарты шарда сағат тілі жүрісінің бағыты бойынша, Оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта айналатын қозғалысы

Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.

Дауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.

Құйын, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса күшті дауылға айналатын кездер болады. Шағын құйындар Қазақстанның шөлейтті құмды өңірлерінде жиірек байқалады.

Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғары кысымның төменгі қысымға карай ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, түйін ігемесе (шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Жел жоғары карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар градиенттерінің өзгеруіне байланысты озгеріп отырады

Наши рекомендации