Сынып. Қазақстан тарихы. V Оқушыларды XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: §12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы
Сабақтың мақсаты:
v Оқушыларды XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін, оған қоса сауданың отаршылдық сипатын, базардағы тауардың сапасын және ірі сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.
v Логикалық ойлау машығын дамыту, деректерді салыстыруды, мысалы XVIII ғасырдағы сауда қатынастары мен қазіргі елдер арасындағы сауданы салыстыра отырып, өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;
v Бірін-бірі түсінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: коммерция, тауар-ақша қатынастары айырбас сауда, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңке, өсімқор, пайда, сауда.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
· Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сендер қазақ әдебиеті пәні бойынша Исатай мен Махамбеттің өмірбаяны жөнінде не білесіңдер?
Оқиғалар барысы.
Көтерілістер кезінде көзге түскен мына тұлғалардың қызметіне қысқаша баға беріңдер.
№ | Қызметі | Көтеріліс кезіндегі рөлі | |
Исатай Тайманұлы | |||
Махамбет Өтемісұлы | |||
Нұралы | |||
О.Игельстром | |||
Г.А.Потемкин | |||
Колпаков, Смирнов | |||
Айшуақ, Жантөре | |||
Ералы, Есім |
ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақтардың Жоңғариямен саудасы.
Қазақ-орыс саудасы
Ірі сауда орталықтары
Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасы
Қазақ-қытай саудасы
Қазақстардың Орта Азия мемлекеттерімен саудасы
Тақырып оқушыларға таныс, сондықтан сабақты еркін тәсілдермен өткізіледі. Сабақта жәрмеңке ұйымдастыру. Алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.
Мына терминдердің (карточка) мәнін түсіндіріңдер:
тұтынушыға арналған айырбас сауда; ақша сарайы, өсімқор, пайда, көпестік гильдия, өндіруші, тауар-ақша қатынасы, жәрмеңке.
Сабақ кезінде оқушыларды сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушылардың жауабына сүйеніп, төмендегі кестені толтырамыз:
Қазақстар тауар ретінде не сатты?
.......................................................
Қайда, кіммен сауда жасады?
.......................................................
Не сатып алды (қандай тауарларға қажеттілік болды?)
Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, қазақтардың көпестерден не сатып алғаны жөніндегі кестені толтырыңдар
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сауда қатынастарының дамуы |
Ресей империясы
Қытай
Орта Азия мемлекеттері
Сабақ өткізу үшін алдан ала базардың, тауарлардың макетін, т.б. тірі сауда жасау үшін қажет атрибуттарды дайындап алу. Сабақ жәрмеңке оқушылардың сауарды сату, тиімді сатып алу секілді практикалық машықтарын қалыптастыру керек (экономикалық білім негіздері). Ірі сауда орталықтары.
IV.Сабақты бекіту:
Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?
Негізгі сауда орталықтарын атап, картадан көрсетіңдер.
Абылай Орта жүз қазақстарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарады?
Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Тақыпрыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Мемлекеттер | Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі | Қазщақстаннан шығарылған тауарлар тізімі | Сауданың маңызы мен ерекшелігі |
Жоңғария Ресей Қытай Орта Азия мемлекеттері |
Сендер қазіргі ТМД елдері арасындағы сауда қатынастарының сипаты жөнінде не айта аласыңдар?