Дерекқор басқару жүйесіндегі аспаптық жабдықтары

Барлық қазіргі дерекқор басқару жүйесінде объектті бағытталған қатынас қолданылады, бұл дерекқор және олардың қолданбаларын көзбен көріп жобалау технологиясын қолдануға мүмкіншілік береді. Бұл технология арнайы жабдықтардың – конструкторлардың, генераторлардың, жөндегіштердің, шеберлердің, құрылысшылардың және тағы басқалардың көмегімен іске асырылады.

Конструкторлар дерекқор сыңарларын және дерекқор пайдаланушылық қолданбаларының сыңарларын жобалау үшін қолданылады. Оларда арнайы жабдықтардың жиыны (аспаптар, батырмалар, функционалдық терезелер, меню командалары және тағы басқа) бар, олар әр бір объектінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеу үрдісін өте жеңіл және түсінікті етеді.

Қазіргі кездегі көптеген программалық жүйелерде қазақ тілдік әдебиеттерде Шеберлер деп, орыс тілдік әдебиеттерде Мастер деп, ал ағылшын тілінде – Wizards (сиқыршылар) деп атайтын процедуралар бар. Олар күрделі объектілерді әзірлеу үрдісін жеңілдетіу үшін арналған.

Шеберлер – бұл жобалаудың интерактивті визуалды жабдықтары, олар алдын-ала беріліп қойылған терезелер (қадамдар) тізбегінен кейін тапсырманы белгілейді және тапсырманы шешудің стандартты шешімін қолдана отырып қажетті сыңарды әзірлейді. Шеберде іске қосқаннан кейін ағымдағы терезедегі сұрақтарға жауап беру, содан кейін шебердің жұмысының келесі қадамына өту жеткілікті.

Құрастырушылар – бұл сол шеберлер немесе конструкторлар, бірақ бұлар әдетте негізгі конструкторлардан шақырылады және конструкторлардың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын қосымша тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

Реляциялық дерекқор басқару жүйесінде деректер кестелік түрде көрсетіледі. Деректерді не автономдық кестелерге, не дерекқордың кестелеріне ұйымдастыруға болады (белгілі бір дерекқор басқару жүйесінің талаптарына байланысты). Дерекқордың кестелері – бұл дерекқор басқару жүйесінің негізгі объектілері. Жалпы жағдайда дерекқорлар логикалық түрде байланысқан деректер кестелері болып келеді. Сондықтан кестелер арасындағы байланыстар да дерекқорда сақталады. Кестедегі деректерді іздеуді жеделдету үшін дерекқордың құрамына кіретін индекстер қолданылады. Көптеген дерекқор басқару жүйесінде триггерлер тетігі іске асырылған. Триггерлер дерекқорда сақталады және дерекқордағы кез-келген өзгерістер болған жағдайда пайда болатын оқиғаларды бір орталықтан өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса сақталатын процедуралар жасауға болады, олар дерекқордың бөлігі болып табылады және кестелерді сипаттаған кезде енгізілген деректерді тексеру үшін, үнсіздік бойынша мәнін анықтау және тағы басқалар үшін қолданылады.

Жүйенің сыңарларын жасау үшін Delphi 7 көптеген шеберлер (Wizards) бар, олардың қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген.

Дерекқорлардың шебері (Database Wizard) – стандартты типтік дерекқорларды қолдану арқасында дерекқорларды құруды жеңілдетеді.

Пішіндер шебері (Form Wizard) – бір кестенің деректерінің негізінде пішінін жасайды.

1:М пішіндер шебері (One-to-Many Form Wizard) – 1:М қатынасымен байланысқан екі кестелердің деректерімен пішін жасауға мүмкіндік береді және ішкі кестенің деректері Grid объектісі кесте ретінде орналасады. Екіден көп кестелердің деректерін бейнелейтін пішіндер шебері жоқ.

Есепшоттар шебері (Report Wizard) – ретке келтірілген деректері бар қарапайым есепшот жасайды.

Көптеген ДҚБЖ дерекқор қолданбаларын жасау кезінде жоба түсінігі қолданылады. Жоба – қолданбаның жеке бөлшектерін біріктіру құралы. Жобаны жасау үшін арнайы құралдар қолданылады. Жобалар шебері немесе қолданбалар жасау шебері (Application Wizard) – қолданбаның жобасын тұрғызуды қамтамасыз етеді.

Шеберлер жүйенің сыңарларын диалогтық режімде стандартты шаблондар бойынша тез және ықшамды түрде жасауды қамтамасыз етеді. Ал тапсырманың ерекше қасиеттерін ең көп ескеретін сыңарларды жасау үшін Delphi 7 құрушылар қолданылады: ДҚ құрушысы, кестелер құрушысы, қойылымдар құрушысы, сұраныстар құрушысы, пішіндер құрушысы, есепшоттар құрушысы, тамғалар құрушысы және сол сияқты тағы басқа құрушылар бар. Шебердің көмегімен жасалған Delphi 7 сыңарларын сәкес құрушыда ашып, қажетті функционалдылықты беру арқылы өзгертуге болады.

Құрушылардың сәйкес командалардың жиынын сақтайтын өздерінің менюлері, арнайыланған құралдар панелі, батырмалар және тағы да басқа бар, олар берілген функциялардың, қасиеттердің, әдістердің көмегімен сыңарлар жасауға мүмкіндік береді. Delphi 7 кейбір сыңарларын тек қана құрушыда жасауға болады. Delphi 7 жүйелік менюінде кез-келген құрушыны іске қосқан кезде сәйкес сыңармен жұмыс істеу үшін арналған командалары бар қосымша меню пунктісі қосылады.

SQL сұраныстар тілі

SQL – қазақ тіліне аударғанда құрылымдалған сұраныстар тілі деп аударылады. SQL сұраныстар көмегімен реляциялық мәліметтер қорын құруға және олармен жұмыс жасауға болады. Егер мәліметтер қорымен жұмыс жасағыңыз келсе, онда бұл стандарт тілдің қыр-сырын жақсы меңгеруіңіз керек.

SQL Америкалық Ұлттық Стандарттар Институты және Халықаралық стандарттау ұйымымен (ISO) анықталған. Соған қарамастан, кейбір мәліметтер қорын өндірушілер бұл тілге өзгерістер мен қосымшалар енгізуде. Бұл өзгерістер айтарлықтай көп емес, сондықтан тілдің құрылымы стандартқа сай болып қалуда.

SQL тілі келесі DML, DDL яғни кіру мүмкіндігін басқару,транзакция мен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен тұрады;

DML (Date Manipulation Language) мәліметтерді өзгертутілі;

SELECT – мәліметті оқуға сұраныс;

INSERT – мәліметтер қорында жаңа жазбаларды енгізу (қосу);

DELETE – мәліметтер қорында жазбаларды өшіру;

DDL (Date Definition Language) мәліметтерді анықтау тілі;

CREATE TABLE – жаңа кесте құру,оның құрылымын сипаттау;

DROP TABLE – кестені өшіру;

Кіру мүмкіндігін басқару

DROP INDEX – индексті жою;

GRANT – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру;

REVOKE – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алыптастау;

Транзакцияны басқару

COMMIT-транзакцияны аяқтау;

ROLLBACK-транзакцияны алыптастау;

SQL-тілі мәліметтер базасындағы кестелер мен және кестедегі мәліметтер мен жұмыс істейтін іс- әрекеттерді орындауға бағытталған. Бұл тілдің процедуралық программалау тілдерінен айырмашылығы,SQL-тілінде енгізу- шығаруқұралдарыжәнеесептеуүрдісінбасқару(цикл,көшу,тармақталу) нұсқаларыжоқ.Интерактивті интерфейсі бар мәліметтер қорын басқару жүйесінде Microsoft Access,Visual FoxPro немесе Paradox сияқты мәліметтер қорын басқару жүйелері SQL- ге сұранысты программалау мен байланысты іс-әрекеттерді өздері орындайды. Мысалы,Query By Example (QBE)- үлгі бойынша сұраныс.

SQL-тілінді толық функционалды программалау тілдерінің мүмкіншіліктері болмағандықтан,оны көбінесе программа өңдеу құралдары қатарына қосады. SQL- тілі Delphi жүйесіне енгізілген. SQL-командаларымен жұмыс істеу үшін арнайы Query,SQLQuery және ADOQuery сияқты компоненттер бар.

SQL-сұранысының екі түрі бар: Статикалық және динамикалық. Статикалық SQL- сұранысы өңдеу кезеңінде бастапқы кодқа қосылады және қосымшаның орындалу үрдісінде өзгермейді. өңдеуші текстінде басқа параметрлер болса,сол параметрлердің көмегімен ғана SQL- сұранысты өзгертуге болады. Динамикалық SQL- сұраныстың коды қосымшаның орындалу үрдісінде өзгереді немесе қалыптасады. Мұндай сұраныс қолданушының іс-әрекеттерін ескеру керек деген жағдайларда ғана қолданады. SQL- тілінің бірнеше стандарттары бар. Соның ішінде ең көп тараған стандарттар SQL -89 және SQL-92. Америка ұлттық стандарттар институты(ANSI,American National Standards Institute) және стандарттау бойынша Бүкіл әлемдік ұйымы (ISO,International Standards Organization) бірігіп қолданған SQL-92 стандартын,басқаша ANSI немесе ANSI/ISO деп те атайды. SQL-тілінде төмендегідей көптеген негізгі нұсқауларды көрсетуге болады:

- Мәліметтерді анықтау;

- Мәліметтерді өңдеу;

- Мәліметтерге қатынас құруды басқару;

- Транзакциямен басқару;

SQL- тілі нұсқасының негізгі мүмкіншіліктерін қарастырайық.

Наши рекомендации