Меншік құқығындағы коллизиялық мәселелері

Коллизиялық нормалар меншік құқығын реттеуде негізгі рөл атқарады. Меншік қатынастарында пайда болатын құқықтарды таңдау келесідей коллизиялық мәселелерді атап өтеді:

¾ дау пәнінің меншік құқығының жалпы немесе оның қандай да бір ғана нысанының объектісі болу “мүмкіндігін” белгілеуде ;

¾ мүлікті жылжитын және жылжымайтын етіп дифференциациялауда;

¾ өзге тұлғаның мүлкіне қатысты белгілі өкілеттіктерге ие меншік иесінің және басқа тұлғалардың құқықтарын анықтауда;

¾ меншік құқығының және өзге заттық құқықтардың мазмұнын белгілеуде;

¾ меншік құқығының пайда болу және тоқтату негіздерін анықтауда;

Меншік құқығындағы барлық мәселелерге қатысты қолданылатын құқықты анықтауда пайдаланылатын тарихи қалыптасқан принцип болып заттың орналасқан жеріңің заңы (Lex rei sitae) болып табылады. Бұл принцип көптеген мемлекеттердің заңнамаларында бекітілген. Алайда Lex rei sitae-ні пайдалану проблемасы - осы принципке сәйкес келетін құқықтық қатынастар шеңбері мен әрекет ету аясын әр түрлі құқықтық жүйеде әр түрлі болуында. Сонымен қатар, бұл принцип объективті себептер бойынша жеке құқықтық қатынастарды реттеу үшін қолданылмайды. Мәселен, бірнеше мемлекеттердің территориясында жүретін автокөлікке деген меншік құқығын анықтау үшін қолданылмайды.

Осындай казустардан айналып өту үшін көптеген мемлекеттердің заңнамаларында келесідей ереже бар: шетелде иемденген затқа деген меншік құқығы меншік иесінде өзге мемлекеттің территориясында да сақталады. Ал меншік иесі иемденетін құқықтарының мазмұнына келетін болсақ, ол оның территориясында алғаш рет иемденген елдің заңнамасымен емес, Lex rei sitae қағидасына сәйкес анықталады.

Lex rei sitae принципі меншік иесінің иемденетін құқықтардың көлемін, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемдену, тоқтата тұру және өткізу негіздерін белгілеу үшін қолданылады. Жылжитын мүлікке қатысты жиі өзге де коллизиялық принциптер қолданылады: меншік иесінің тұрғылықты жер заңы және азаматтық заңы. Мысалы, мұрагерлік қатынастарды реттеуде, яғни мұра ету тәртібінде иемденетін жылжитын мүлікке қатысты меншік құқығын анықтауда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің принципі қолданылады.

Дәстүрлі Lex rei sitae-ден басқа, әр түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесінде меншік қатынастарын реттеу үшін өзге де коллизиялық принциптер бекітілген. Оларға келесілер жатады:

¾ мәміле жасалған жер заңы;

¾ жылжитын мүлікті жеткізу орны,орналасқан мемлекет заңы;

¾ жылжитын мүлік жіберілген орын,орналасқан елдің заңы;

¾ мүлікті тіркеу орнының заңы;

¾ «ерік автономиясы» заңы;

¾ жолаушының жеке заңы;

¾ сот елінің заңы.

Егер зат орналасқан мемлекетінде сатып алынбаса, меншік құқығының өтуін қай заң реттейтініне байланысты халықаралық жеке құқықтық доктриналарда әр түрлі көзқарастарды пайдаланады. Бір елдердің доктриналары заттың орналасқан жерінің заңының қолданылуына бет бұрса, басқалары меншік иесінің жеке заңының қолданылуын қолдайды.

АҚШ пен Ұлыбританияда ұзақ уақыт аралығында жылжитын мүлікке деген құқық меншік иесінің жеке заңымен анықталады деген принцип қолданылған. Дайсидің курсында жеке заң принципінің заттың орналасқан жер принципіне өтуіне назар аударылған.

Францияның құқығында жылжитын мүлікке меншік құқығының өтуі заттың орналасқан жерінің заңымен анықталынады. Сонымен қатар мұрагерлік құқығында, мұрагерлік тәртібінде мүліктің өтуі мұрагердің жеке заңымен анықталынады. Бірақ жеке заң принципі қазіргі кездегі доктриналарда ортақ ережелерден ерекшеленеді. Бұл принцип тек Аргентина, Бразилия сияқты мемлекеттердің заңнамаларында сақталынған.Коллизиялық принципті таңдаудағы елеулі кедергі - «меншік құқығының ауысуы», «тауардың кездейсоқ өлім тәуекелі», «интеллектуалдық меншік», «жылжитын және жылжымайтын меншік», «бағалы қағаздар» деген заңи түсініктерді квалификациялау мәселелері. Мысалы, әр түрлі мемлекеттердің заңнамалары меншік құқығының ауысу сәтін бірдей белгілемейді: біреулері меншік құқығының ауысуын заттың фактілі өткізілу сәтімен байланыстырса; екіншілері керісінше меншік құқығының ауысу сәтін, заттың фактілі өткізілуінен тыс, контракт негізінде анықтайды. Тәжірибеде мынадай жағдай кездесуі мүмкін: сатушы мүлікті тасымалдаушыға өткізіп, өзін оған деген меншік құқығынан айырылғанын білсе де, өзінің емес мүлкімен келтірілген залалға жауап береді. Бұл жағдай, арбитр таңдаған құқыққа сәйкес, меншік құқығының ауысу сәті заттың фактілі тапсырылуымен байланысты еместігімен түсіндіріледі.

Осылайша, меншік құқығының ауысу мәселелерін шешетін ұлттық және шетел құқықтары тараптардың мінез-құлық тактикасын дұрыс таңдауы үшін елеулі қиындықтар тудырулары мүмкін. Бұл мәселені шешудегі практикалық ұсыныс: біріншіден, контрактінің мәтініне қолданылатын материалдық құқық туралы ережені қосу; екіншіден, меншік құқығының ауысуын анықтау мәселелері бойынша тек ұлттық қана емес, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің қоллизиялық нормаларын қарастыру.

Мүлікті жылжитын және жылжымайтын етіп квалификациялау проблемасы біршама мәселелердің жиынтығын қамтиды. Мүліктің жылжитын немесе жылжымайтындардың категориясына жататындығы коллизиялық норманы таңдауға әсер етеді. Заңнамаға сәйкес, мүлікті жоғарыда аталған категорияға жатқызу осы мүлік орналасқан елдің заңы бойынша анықталады. ХЖҚ классиктері Дж. Чешир мен П. Норттың зерттеулеріне сәйкес, мүлікті квалификациялау мәселелерін шешуде келесідей принцип қолданылады: квалификациялау жалпы осы құқықтық қатынасты оның құқықтық жүйесі реттейтін елдің заңымен жүзеге асырылады. Англосаксондық құқықтық жүйеде сияқты ұғымдар кездеседі. Реалды меншік – материалдық заттар, персоналды - әр түрлі талап етудің түрлері. Яғни бұл дегеніміз, мүлікті квалификациялау үшін оны тек жылжымайтын немесе жылжитындардың қатарына жатқызу емес, сондай-ақ оның “реалды” немесе “персоналды” екенін нұсқауды қосымша талап етуі.

Халықаралық жеке құқықта меншік қатынастарын және өзге заттық құқықтарды реттеудің негізгі әдісі ­­- коллизиялық-құқықтық әдіс. Бұл меншік құқығы бойынша құрамында екі не одан да көп мемлекеттердің субъектілері арасындағы қатынастардың әмбебап реттеушісі бола алатын, унификацияланған материалдық-құқықтық нормалары бар конвенциялардың болмауымен байланысты. Осы негізде ұлттық нысандағы коллизиялық әдіс жиі қолданылады.

Басқа мемлекеттердегі меншік қатынастарын ұлттық-құқықтық реттеудің мысалы ретінде 1979 жылғы «Халықаралық жеке құқық туралы» Венгрия Президиумының Жарлығын және 1995 жылғы Вьетнамның Азаматтық кодексін атауға болады.[7] Аталған нормативтік актілерде заттың орналасқан жерінің заңы принципі бекітілген. Сонымен қатар оның қолдану ерекшелігін ескере отырып әр мемлекет осы принципті «жекелендіреді».

Венгрия Президиумының Жарлығына сәйкес заттық құқықтарды реттеуде әрекет ететін бірнеше ережелер бар. Lex rei sitae-ден басқа:

¾ жеткізілу орны орналасқан елдің заңы (жылжитын мүліктің орнын ауыстыруына қатысты құқықты таңдау кезінде);

¾ жолаушының жеке заңы (жолаушыны өзімен бірге алып жүрген жеке қолданыстағы заттарға деген заттық құқықтарды реттейтін құқықты анықтау кезінде);

¾ шешім шығарған соттың заңы немесе атқару өндірісіне қатысқан сәйкесінше мемлекеттің билік органының заңы (соттың шешімі бойынша немесе атқару өндірісі тәртібінде иеленген затқа қатысты заттық құқықтарды реттейтін құқықты таңдау кезінде) қолданылады.

Вьетнамның Азаматтық кодексінің «Меншік құқығы» деп аталған арнайы бабында үш норма бекітілген:

1. мүлікке деген меншік құқығының пайда болуын, тоқтатылуын және мазмұнын анықтау үшін мүліктің орналасқан жерінің заңы туралы (СРВ заңнамасымен өзге коллизиялық принциптерін бекітуге мүмкіндік беріледі);

2. жол үстіндегі жылжитын мүлікке қатысты заттық құқытарды реттеу кезінде құқықты таңдауды белгілеу туралы (екі коллизиялық байлам қарастырылған – жылжитын мүлікті жіберу орны орналасқан елдің құқығы және тараптардың «ерік автономияларына» сәйкес көрсетілген елдің құқығы);

3. мүлікті жылжитын немесе жылжымайтын деп классификациялау кезінде құқықты таңдау туралы (бұл мәселе мүлік орналасқан жердің заңымен шешіледі).

Наши рекомендации