Техникалық реттеудің жалпы заңы

Кіріспе

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы республикадағы жалпы өнімнің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді және осыған сай «стандарттау» термині: «өнімдерге, қызмет көрсетулерге және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы деңгейіне нақты іс жүзіндегі және әлеуетті мәселелерге қатысты жалпылама, бірнеше рет және өз еркімен пайдалануға арналған ережелерді белгілеу арқылы қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл» деп айқындалады.

Нарықтық экономика жағдайында басты тауар сапа болып табылады. Сапаны қамтамасыз ету, жетілдіру және оны басқару мақсатында біздің елімізде бір қатар заңдар әрекет етеді, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы», «Сәйкессіздік саласындағы аккредиттеу туралы», «Тұтынушы құқығын қорғау туралы». Дүние жүзі экономикасының талаптары, ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын кең ендіру өнім сапасын анықтайтын, өндіріс сапа жүйесін, қоршаған ортаны басқару мүмкіндіктері пәндерін оқыту көлемі мен деңгейін жоғарылату қажеттігін анықтады.

Стандарттаудың мақсаты – әр саладағы нақты да, нормаланған потенциалды міндеттерді шешу үшін белгіленген ұсыныстар, талаптар, ережелер, нормаларды кең әрі бірнеше рет қолдану арқылы ретке келтіруді жоғарғы сатыға жеткізу болып табылады. Сонымен қатар стандарттау мақсатына халық денсаулығын және жұмыс стейтіндердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады..

Техникалық реттеу жүйесі

Техникалық регламент өнімге, процестерге қатысатын техникалық талаптардың кешенді түрін не толық түрін белгілейді. Дәл нормаларды, көрсеткіштерді, терминологияның түрлерін, бақылау түрлерін жалпы түрде көрсетеді (тең сипатталған мінездемелерді көрсету арқылы және стандарттарға сілтемелер жасаумен). Негізгі стандарттар ерікті болып табылады, тек оларға сілтемелер жасалынған кезде ғана олар міндетті түрге ие болады. Сонымен қатар дәлелдеуші база қызметін атқарып, өнім мен қызметтің техникалық регламентін көрсетілген нормалар мен талаптарға сәйкестігін растайды.

Техникалық реттеудің жалпы заңы

Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан бақылау тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай - ол тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы. Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс, т.б.) белгіленген. Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген.

Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан, өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап отырады. Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған. Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар. Қазақстанның сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:

· жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;

· жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;

· техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;

· мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;

· сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;

· сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;

· мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;

· халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Наши рекомендации