Табыстарды бөлудегі теңсіздік (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті).

Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:

1. Адамдардың ақыл-ойлық(интеллектуалдық),физикалық және эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен амтамасыз етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар, эстетикалық қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.

2. Адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп құюдың қажеттілігі туындайды.

3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында меншіктері көп болуы мүмкін: көлік, құрал-жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба алады.

Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.

Сурет 14.2 Лоренц қисығы

14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең бөлінуі ое биссектрисасымен берілген, мұнда 20%-отбасы табыстың 20%-н алады, 40%-отбасы табыстың 40%-н алады және солай кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, e нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардың теңсізігін көрсетеді: бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер де арта түседі.

Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (сурет 14.3).

Сурет 14.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері

Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде анықталады:

КДж = М ауданы / N ауданы

КДж шамасы шын мәнінде 0 мен 1-дің арасында болады, егер коэффи-циент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады деген сөз, алайда мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.

Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-н азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер байланысты: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жардема-қылар. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшіліктің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.

31. Натуралды шаруашылық – субъект өзінің жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өнідіретін ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды шаруашылықтың сипаттамалары:а) ұйымдық-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі; б) оқшаулан түрге бөлінбеген әмбебап қол еңбегі; в) өндіріс пен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. Ол «өндіру-тұтыну» қағидасымен жүзеге асады. Яғни шығарылған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді, айырбас пен сату қатынастарынсыз тікелей тұтынылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, құлиеленуші елдерде үстемдік еткен, сондай-ақ феодалды экономиканың басты белгілерін құраған. Қазіргі таңда индустрияға дейінгі өндірісті қамтыған, дәстүрлі экономикалы, даму дәрежесі артта қалған бірқатар елдерде кездеседі.

32. Негізгі және айнымалы капитал. Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне карай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Ол өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар,құрылғылар, машиналар, көлік және т.б жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді. 1-ші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған машиналардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды. 2ші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады. Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация– негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының ө-ндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капитал- өндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айнымалы капиталдың элементтеріне өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы

Наши рекомендации