Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері

Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылғын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді. Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.

74 )Май­данға ерікті көмек кең құлаш жай­ды. Ха­лықтың пат­ри­от­тық үлес­терінен жи­налған қорғаныс қоры 1943 жы­лы қазанға дейін ақша­лай 185,5 млн. сомға және тап­сы­рылған об­ли­гаци­ялар­дың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жы­лы күзден бас­тап пат­ри­от­тардың қар­жы­сына танк­тер, ұшақтар, сүңгуір қайықта­рын са­тып алу науқаны бас­талды. Олар нақты жа­уын­герге ар­налды. Сон­дай-ақ бүтіндей ко­лон­на, эс­кадрилья са­тып алын­ды. Қазақстан­ның қару-жа­рақ жа­сауға өткізілген бар­лық соғыс за­ем­да­рының және ақша­лай-зат­тай ло­тере­ялар­дың құнын есеп­те­ген­де рес­публи­ка халқының май­дан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом бол­ды, бұл соғыс­тың екі жетілік тіке­лей әске­ри шығынын өте­уге же­тетін еді.

Әсіре­се соғыс­тың бірінші қысын­да жы­лы киім көмегі едәуір бол­ды. Рес­публи­када ха­лықтың 2,5 млн. жы­лы киім, оның ішінде 11,5мың шо­лақ тон, 312мың пар киіз бай­пақ түсті. Мұның үстіне май­дан­дағы сол­даттарға 1600 ва­гон же­ке және ұжым­дық сәлем-сауқат­тар жіберілді, кей­де олар­ды об­лыстың не­месе рес­публи­каның ар­на­улы өкілдері алып бар­ды. Отан қорғаушы­лар­дың олар­мен кез­де­суі, сол сияқты Қазақстан ар­тистерінің май­дан шебіндегі ор­мандар­да, жер ас­тындағы клуб­тарда не­месе ал­дыңғы шеп­тегі блин­даждар­да көрсет­кен 1216 кон­церт­тері май­дан мен тыл­дың бірлігінің айқын көрінісі бол­ды.

1943 жы­лы Қазақстан өз ре­сурс­та­рынан Ре­сейдің Крас­но­дар және Став­ро­поль өлке­леріне, Ук­ра­ина­ның шығыс об­лыста­рына 2700 трак­тор, 123 ком­байн, 880 се­ял­ка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осы­ның бәрін жеткізіп апарған­дардың ішінен 295 ком­бай­ншы, 636 трак­тор бри­гада­сының бри­гадирі, 115 ме­хани­затор, 115 аг­ро­ном, 65 МТС ди­рек­то­ры сон­да қалып, ша­ру­ашы­лықты қал­пы­на келтіру­ге көмек­тесті.

Ылым мен мәде­ни­ет

Соғыс жыл­да­рын­да эко­номи­каны соғысқа бейімдеу мақса­ты мен КСРО Ғылым ака­деми­ясы жа­нынан «Орал, Ба­тыс Сібір, Қазақстан ре­сурс­та­рын қорғаныс қажетіне жұмыл­ды­ру жөніндегі ко­мис­сия» құрыл­ды. Ко­мис­сия құра­мын­да А. А. Бай­ков, В. Л. Ко­маров, В. К. Об­ру­чев сияқты ғалым­дар бол­ды. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Берн­штейн, Н. Д. Зе­линс­кий, Л. И. Мен­дель­штам, А. Н. Бах т. б. ака­демик­тер жұмыс істеді.

Ака­демик А. С. Ор­лов соғыс жыл­да­рын­да орыс­ша-қазақша сөздік құрас­ты­рып, «Ба­тыр­лар жы­ры» ат­ты еңбек жаз­ды. Ал­ма­тыға май­дан өңірінен 20-ға жуық ғылы­ми-зерт­теу ме­кемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы да соғыс мұқта­жына жұмыс істеді. Май­дан қажетіне бай­ла­ныс­ты си­рек ме­тал­ды зерт­теу ісінде Қ. И. Сәтба­ев көп еңбек сіңірді. 1942 жы­лы Қ. И. Сәтба­евқа Жезқазған мыс кен орын­да­рын зерт­теу еңбегіне бай­ла­ныс­ты Мем­ле­кеттік сый­лық берілді. Қазақстан­да ор­на­ласқан Моск­ва ави­ация, ал­тын және түсті ме­тал­дар инс­ти­тут­та­ры, Ки­ев уни­вер­си­теті ерек­ше екпінді еңбек етті. Соғыс жыл­да­рын­да қазақстан­да ашылған жоғары оқу орын­да­ры: Ал­ма­ты шет тілдер инс­ти­туты, Шым­кент тех­но­логия инс­ти­туты, Де­не шы­нықты­ру инс­ти­туты т. б.

90-ға жуық ақын, жа­зушы май­дан­дағы жа­уын­герлер қата­рын­да бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да Ж. Жа­ба­ев «Ле­нинг­рад­тық өренімді», Ж. Са­ин өлеңдер жи­нағын, Қ. Аман­жо­лов «Ақын өлімі ту­ралы аңыз­дар», С. Мұқанов «Өмір мек­тебін», М. Әуезов «Абай» ро­ман эпо­пе­ясы­ның 1 кіта­бын жаз­ды. А. Толс­той «Қазақстан жерінде болған­да», «Иван Гроз­ный» кіта­бын жаз­ды.

Май­дан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жы­лы Қазақстанға «Мос­фильм», «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­яла­ры көшіріліп әкелінді. Бұл ки­нос­ту­ди­ялар Ал­ма­ты ки­нос­ту­ди­ясы­мен бірігіп, екі жыл ішінде 23 ки­нокар­ти­на түсірді. Олар­дың ішінде «Пар­ти­зан­дар», «Екі жа­уын­гер», «Ге­ор­гий Са­кад­зе» сияқты та­нымал ки­нокар­ти­налар бар.

Соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыда ак­терлерді да­яр­лай­тын бүкіло­дақтық мем­ле­кеттік ки­нема­тог­ра­фия инс­ти­туты жұмыс істеді. Ки­нос­ту­ди­ялар М. Әуезов, Ғ. Мүсіре­пов т. б. жа­зушы­лар­дың көмегімен «Абай әндері», «Жа­уын­гер ұлы», «Саған май­дан», «8-гвар­ди­ялық» сияқты кар­ти­налар­ды түсірді. Қазақстан­да құрылған 11 кон­церт бри­гада­сы май­дан­да өнер көрсетті. Соғыс жыл­да­рын­да ғылым мен мәде­ни­ет май­дан қажетіне осы­лай аян­бай қыз­мет етті.

Наши рекомендации