Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері.

Шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері мен негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы. Мемлекеттің экономикаға араласуының объективті қажеттілігі. Мемлекеттік реттеудің түрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық модельдері. Нарықтық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеудің заманауи неоконсервативтік концепциясы. «Мемлекеттік реттеу» ұғымына анықтама. ЭМР субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.

ЭМР әдіснамасы түсінігі мен оның негізгі элементтері

Мемлекеттік реттеу концепциясын әзірлеу. Бәсекелес және қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге құрал таңдау.

Экономиканы қаржылық-экономикалық реттеу әдістері

Қаржылық-бюджеттік реттеудің негізі ретінде фискалдық саясат: мақсаты мен негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет – мемлекет экономикасын қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: мөлдірлік, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің функциялары. Салық жүйесі – мемлекеттік экономикалық саясатының әдісі ретінде. Салық жүйесін құру қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз – экономиканы реттеу құралдары ретінде. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері.

Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекет шаралары

Экономикалық өсудің типтері, мақсаттары мен факторлары. Экономикалық өсу мен оны қоршаған орта. Тұрақты экономикалық өсу мен тұрақты экономикалық даму концепциясы. Экономикалық өсу модельдері. Заманауи жағдайларда экономикалық даму факторы ретіндегі адам капиталының рөлінің артуы. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.

Ылыми-техникалық прогресс бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі

Ғылыми-техникалық прогресс заманауи дамудың факторы ретінде. Ақпараттық-телекоммуникациялық революция жағдайында ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялардың экономикадағы адам факторына әсері. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы. Постиндустриалды типтегі қоғамның қалыптасуындағы негізгі және қолданбалы ғылымдардың рөлі.

Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатын жүзеге асырудың механизмі мен қалыптасуы.

Постиндустриалды типтегі экономика құрылымы. Мемлекеттің құрылымдық саясаты мен оның негізгі параметрлері: өндірістің пропорцияларын реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құруды жүзеге асырудағы мемлекеттік реттеу шаралары. Белсенді өнеркәсіптік саясат қалыптастыру қажеттілігі. Ұзақмерзімді келешекке бағытталған өнеркәсіптік саясаттың қағидалары, мақсаты мен негізгі міндеттері. Өнеркәсіптік саясат түрлері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және таңдамалы шаралары.

Ұлттық экономика құрылымын өзгерту қажеттілігі – Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекет қатарына кірудің маңызды шарты ретінде.

Аграрлық саланы мемлекеттік реттеу.

Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшелігі. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саланың рөлі. Агроөнеркәсіптік кешендегі орнықты өндірісті қамтамасыз етудегі мемлекеттің негізгі функциялары. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі формалары: ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ету. Мемлекеттік аграрлық саясаттың шаралары. Агробизнестің қалыптасуы.

Қазақстан Республикасындағы аграрлық өндірісті қалыптастыруды ынталандырушы ұлттық бағдарламалар. Аграрлық кластерлер.

Наши рекомендации