Инфляцияның мәні және себептері
Инфляция- қазіргі нарықты экономикалық жүйенің дамуының ерекшелігін сипаттайтын экономикалық құбылыс болып табылады.
Инфляцияның әдеттегі жалпы анықтамасы – тауар айналысының қажеттілігінен ақша массасының артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақта инфляцияның бұл анықтамасын толық деп есептеуге болмайды. Себебі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап инфляцияны көп факторлы процесс ретінде қарастыра бастады. Қазіргі кезеңде инфляция теориясын экономистердің көпшілігі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға әсер ететін фокторлар, негізінде түсіндіреді. Мұндай тұрғыдан қарастыру сұраныс инфляциясының және ұсыныс инфляциясының концепсияларының негізін құрайды.
Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы- ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс. Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауарлардың барлық бағаларының жалпы деңгейін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың қайта төмендеуін дефляция деп атайды, ал кейбәр бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс және қарама-қарсы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды. Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы құн заңымен реттеліп отырады.
Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналысындағы келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:
1.Мемлекеттің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығының өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне әкеп соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз (мысалы, әскери шығындар) пайдалану негізінде пайда болуы мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оны нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі.
2.Инфляциялық процесстердің дамуына монополиялар мен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады (тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту негізінде). Бұл жағдайда олар бағалардыжоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады. Кәсәподақтарда осындай ұқсас жағдайларға әрекет етеді. Олар өз мүшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне суйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақтар бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді.
3.Дүние жүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшею жағдайында инфляцияның дүние жүзілік сауда бойынша арналының ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүние жүзілік бағасың өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданылатын шаралар шектеулі болады.
4.Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде, нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп даму процестері дами бастайды.
5.Инфляция «инфляцияны күту» нәтижесәнде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірінше, өндірушілермен халақтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның үнемі өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның ертең тағы да өсу мүмкіндігн ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы уақытта шикізаттардың, материалдардың қосалқы бөлшектердің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, өз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.
Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық сұраныстың тез-тез өсуі және жиынтық ұсыныстың баяу дамуы бағаның жалпы өсуіне әкеләп соғады.
Инфляция процесі барлық елдерге тән құбылыс, бірақ оны қоздыратын факторлардың түрлері жеке елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты болады.
Жоғарыда атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде, осы диспропорциялардың әсерінен, ең алдымен сұраныс жағынан тепе – теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың және шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары, тауар ұсынысына қарағанда тез – тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал – жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болкы мүмкін. Егер қоғам барлық ресурстарын өндірісте толық пайдаланыталтын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың жалпы өсуіне әкеп соғады.
Ұсыныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, энергия, отын бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер мен тауарларды өндіруді өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде, тауарлар (өндіруі) ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір – бірінен ажырату қиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясына немесе ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.