Бап. осы заңның қолданылу аясы

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы

МАЗМҰНЫ

Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.

Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;

6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк есеп саласында қызмет көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;

7) жария мүдделi ұйымдар - қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;

8) кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;

9) кәсiби бухгалтер сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат;

10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;

11) қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;

12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық стандарттары (бұдан әрi - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;

13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (бұдан әрі – шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт) – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1.Осы Заңның күшi: дара кәсiпкерлерге; заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:
1) патент, оңайлатылған декларация негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімдерін қолданатын;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;
3) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген шарттардың біріне сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.

3-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.

4. Iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға мiндеттi.

5. Есептік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:

1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасауға құқылы;

2) осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Наши рекомендации