Экономика негіздері" пәнінің зерттеу нысанына сипаттама беріңіз.

Quot;Экономика негіздері" пәнінің зерттеу нысанына сипаттама беріңіз.

Quot;Экономика негіздері" пәнінің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтаңыз.

Экономикалық теорияның даму кезеңіндегі мектептердің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Экономикалық категориялар мен заңдардың қолдану аясын түсіндіріңіз.

Азақстандағы өндіріс факторларының дамуын сипаттаңыз.

Меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәнін түсіндіріңіз.

Экономикалық жүйе түсінігі мен типтерін талдаңыз.

Ресурстардың сиректігі мәселесін түсіндіріңіз.

Ндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесін талдау.

Оғамдық шаруашылықтың формаларын сипаттаңыз.

Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Тауар өндірісінің пайда болу себептерінің өзіндік белгілерін атап беріңіз.

Тауар және оның қасиеттерін талдаңыз.

Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтерін қарастырыңыз.

Н теорияларын жіктеп сипаттама беріңіз.

Рыноктың мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетіңіз

Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымын түсіндіріңіз

Нарықтық инфрақұрылымдары мәнін, түрлерін сипаттаңыз

Рынок механизмдері, элементеріне салыстырмалы талдау

Сұраныс, сұраныс заңы, сұрастың өзгеруне әсер ететін факторларды сипаттаңыз.

Сыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторларды сипаттаңыз

Бәске рыноктың қозғаушы күші ретіндегі мәнін көрсетіңіз.

Бәске, оның типтерін талдаңыз.

Азақстандағы бәскекеге қабілетті компанияларды талдаңыз.

Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.

Жеке кәсіпкерлік, оның тиімділігін көрсетіңіз

Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формаларын талдаңыз.

Нарықтық экономикадағы шағын, орта, ірі фирмалардың рөлін сипаттаңыз.

Фирма шығындары, оның түсінігін беріңіз.

Ндірістік шығындар жіктемесі және оның талдауы.

Табыс: мәні және оның түрлерін сипатта

Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда сипатамасын бер.

Бухгалтерлік және экономикалық пайда бойынша сараптаңыз.

Бухгалтерлік шығындар теориясына сипатама беріңіз.

Капитал нарығы, пайыздық табыс сипатта.

Азақстандағы еңбек биржасының ерекшеліктері.

Дайы өндіріс, оның өсу факторларын талдаңыз.

Лттық экономика, мәні және нәтижелерін дәлелдеңіз

Лттық есеп жүйесі бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді сарапттаңыз.

Лттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер беріңіз.

Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс мәнін талдаңыз.

Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігін сипаттаңыз.

Экономикалық өсу типтері мен факторларын талдаңыз.

Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлеріне сипатама беріңіз.

Инфляция, оның түрлерін жіктеп сипаттаңыз.

Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жазыңыз.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясатты сипаттаңыз

Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілерін ашып жазыңыз.

Нарықтық экономиканың әр түрлі модельдерін салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.

Оғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтерін сипатта

Салық, салық салудың қағидалары және түрлерін жазыңыз

Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығынын талдаңыз.

Ақша жүйесі мен оның элементтерін сипаттаңыз.

Банк жүйесі мен оның қызметтерін сипаттаңыз.

Азақстандағы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Р Президентінің "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" халыққа жолдауының маңызын түсіндіріңіз 11 қараша 2014ж.

Р индустриалдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатын талдаңыз.

Лттық экономиканың негізгі секторларына тоқталып, сараптама жасаңыз.

Р шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіріңіз

Лттық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәнін түсіндіріңіз.

Экономика негіздері" пәнінің зерттеу нысанына сипаттама беріңіз.

«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді.
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.
Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтін-дігін түсіндіреді. Кез-келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:
1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.
3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбы-лысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.
Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады:
1. Экономикалық-математикалық үлгілеу.
2. Шекті талдау.
3. Функционалдық талдау.
4. Баланстық әдіс.
5. Экстрополяция.

Наши рекомендации