Ене тәрбиесі – дәрісіз ем.

Адамның басты байлығы – денсаулық. Оны сақтайтын қимыл, қозғалыс. Олай болса, спорт өмірге өте қажет. Денеңді шынықтырсаң, өзіңді еркін сезінесің. Спортпен айналыссаң, ауырмайсың.

Спорт өмірді сүюге, уақытты қадірлеуге, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

Денсаулығың болса кітапты көп оқуға, мұражайға баруға, бос уақытыңды тиімді пайдалануға мүмкіндігің болады. Олай болса спортты өзіңе серік ет.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орысшаға аударыңыздар.

2. Зат есімдердің септік жалғауын анықтаңыздар.

3. «Спорт менің өмірімде» тақырыбына әңгімелесіңіздер.

апсырма. Составьте диалоги «на приеме у врача», используя данные ниже фразы.

I. Аяқ-қолымның буындары, тісім у меня болят суставы ног и рук, зубы

Жүрегім ауырады у меня сердцебиение

Жүрегім айниды, құстым меня тошнит, меня вырвало

Тұмаураттым, жөтелем, түшкірем у меня насморк, кашляю, чихаю

Өкпем қабынған болу керек наверное у меня воспаление легких

Тіліңізді көрсетіңіз, жөтеліңіз, покажите язык, кашляните,

Еркін дем алыңыз, тұрыңыз дышите свободно встаньте

Мына жерім ауырады у меня болит здесь

Жиі ауырасыз ба? часто болеете?

Денсаулығым нашар я был слаб здоровьем

Денсаулығым жақсы еді я был всегда здоров

Ауру емделіп, жазылды больной вылечился м выздоровел

II. Тәбетіңіз қалай? какой у вас аппетит?

Шөлдейсіз бе? вы чувствуете жажду?

Денеңіз қыза ма? у вас повышается температура?

Қызыуыңыз бар ма? у вас есть температура?

Бысыңыз ауырады ма? у вас болит голова?

Қалай ұйықтайсыз? как вы спите?

Немен ауырдыңыз? чем вы болели?

Қайда емделдіңіз? где вы лечились?

Қалай емделдіңіз? как лечились?

Қалай ауырады? как болит?

Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар

1) - Талғат, кешке кешкісін қайда болдың?

- Опера және балет театрына бардым.

- Балет көрдің бе, әлде опера тыңдадың ба?

- «Қыз - Жібек» операсын тыңдадым.

- Кеше кім дирижер болды?

- Республиканың еңбек сіңірген әртісі Г. Әбдірашев.

- Қай жерде отырдың?

- Екінші ярустағы ложада отырдым. Үзілісте төменге түсіп, фойеге бардым.

- Келесі демалыста драма театрына немесе симфониялық концертке барайық.

- Өте жақсы.

2) - Алло, тыңдап тұрмын.

- Асхатсың ба?

- Иә. Асхатпын. Менімен сөйлесіп тұрған кім?

- Тілекпін ғой. Асхат, қазір не істеп жатырсың? Қолың бос емес пе?

- Қазір араб тілінен үйге берілген тапсырманы орындап отырмын.

- Бүгін театрға барасың ба?

- Жоқ, ертең барайық. «Ер Тарғын» операсы болады. Кеше қарындасым барған, өте ұнапты.

3) - Кіруге бола ма (рұқсат па)?

- Мархабат, төрлет, Ләззат.

- Әсия, сен боссың ба?

- Жоқ, қолым тимейді, уақыт аз, жұмыс көп.

- Өте өкінішті, киноға барсақ деп едім. Бүгін қандай фильм болады?

- Махаббат туралы жақсы фильм бар екен.

- Қашан басталады?

- Кешкі сағат жетіде. Касса сағат бесте ашылады. Барамыз ба?

- Мақұл. Барайық. Екі билет сатып алайын.

- Жарайды, тек кешікпе.

ақыт. Мезгіл.

Оқыңыз, әңгімелеңіз, өз күн тәртібіңіз туралы айтыңыз

н тәртібі. Бір күнім. – Режим дня. Мой день.

Мамандығым – инженер. Құрылыста істеймін. Сағат алтыда оянамын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Сонан соң жуынамын, қырынамын, таранамын, Әйелім ас әзірлейді. Бірге тамақтанамыз. Жеті жарымда киініп, шығамын, автобус аялдамасына барамын. Сағат сегізде жұмыста боламын. Түскі үзіліс сағат он екіден бірге дейін. Сағат төртте жұмыс бітеді. Дүкенге барып, азық-түлік аламын. Сағат бес жарымда үйде боламын. Әйелім екеуміз бір сағаттай таза ауада қыдырамыз. Сағат сегізде кешкі асты ішеміз. Теледидар көріп, радио тыңдап, газет оқимыз. Сағат он бірде ұйықтауға жатамыз.

сте сақтаңыздар !

Мереке күндері:

30 тамыз Ата заң күні - День Конституции

25 қазан Республика күні - День Республики

1 қаңтар Еуропаша жаңа жыл - Новый год по европейски

22 Наурыз Наурыз мейрамы - Праздник Наурыз

9 мамыр Жеңіс күні - День Победы

Оқыңыз, есте сақтаңыз

...тығыз жұмыспен Көкшетауға кетті - ...уехал в Кокшетау со срочной работой

...жауапты қызметкер – ответственный работник

басшы қызметкер – руководящий работник

қатардағы қызметкер – рядовой работник

адал әрі тәжірибелі қызметкер – добросовестный и опытный работник

Өткен аптада жұмысқа орналастым. – Я устроился на работу на прошлой неделе.

Жұмысқа тұрдыңыз ба? – Вы поступили на работу?

Жұмыс жағдайыңыз қалай? – Каковы у вас условия работы?

Жұмыстан өз еркімен босаттық. – Мы уволили его с работы по собственному желанию.

Еңбек жағдайымыз ауыр. – Условия работы у нас трудные.

Берілген сөздермен сөйлем құраңыз

жұмыс істейміз ұнатамыз

біз { демаламыз біз { қатысамыз

ойнаймыз жауап береміз

1. Мекемеміз қандай?

2. Онда кімдер бар?

3. Қанша бөлім бар?

4. Қай күндері жұмыс істейміз?

5.Қай күндері демаламыз?

Оқыңыз, мәтін бойынша сұрақ қойыңыз

Демалыс

Бүгін күн демалыс. Кешке біз концертке барамыз. Концерт консерватория залында болады екен. Ол сағат жетіде басталады. Бір, не бір жарым сағатқа созылатын шығар. Мен қазақтың халық әндерін жақсы көремін. Маған олар қатты ұнайды.

Халық әндерін, әсіресе жас әншілер жақсы айтады. Мен де қазақша бір әнді үйренгім келіп жүр. Қазақ ән-би ансамблінің концертін әлі көре алмадым. Бұл ансамбль – халықаралық конкурстың лауреаты. Ансамбльдің репертуарында қазақ, орыс, украин және басқа ұлт композиторларының да әндері бар.

Сан есім

Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.

Түрлері Мысалдар
I. Тұлғасына қарай 1. Негізгі екі, төрт, елу, қырық
  2. Туынды бірінші, екеу, елудей
II. Құрамына қарай 1. Дара бір, он, жүз, мың
  2. Күрделі он бес, бес жүз, елу мың
III. Мағынасына қарай 1. Есептік бір, екі, жүз, мың
    2. Реттік бірінші, жүзінші
3. Жинақтық біреу, екеу, бесеу
4. Топтау оннан, мыңнан, екіден
5. Болжалдық бірер, елудей, жүздеп
6. Бөлшектік үштен бір, оннан екі

Сан есімнің мағыналық түрлері

Түрлері Сұрақтары Жасалу жолдары Мысалдар
1. Есептік қанша? неше?   бір, екі, үш, төрт, бес, он, жиырма, отыз, елу, жүз, жүз мың, бес мың
2. Реттік нешінші? қаншасыншы? -ыншы, -інші, -ншы, -нші бірінші, оныншы, жүзінші, мыңыншы
3. Жинақтық нешеу? -ау, -еу біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
4. Топтау нешеден? қаншадан? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен бестен, оннан, жүзден, отыз бестен, екі-екіден, бір литрден
5. Болжалдық қанша? неше? қаншадай? нешеге жуық? -дай,-дей, -тай, -тей, -даған,-деген, -таған,-теген -ер -лап, -леп, -дап, -деп, -лар+септік жалғ. есептік+есептік елудей, отыздай, жетпістей, ондаған, жүздеген, мыңдаған бірер ондап, елулеп, жүздеп ондарда, елулерде екі-үш, елу-алпыс
6. Бөлшектік қанша? неше? есептік+шығыс септік жарты, жарым, ширек оннан бір, бір бүтін бестен үш, мың жарым, жүздің жартысы

Мақал – мәтелдерді жаттаңыз

1. Ана сүті бой өсіреді

Ана тілі ой өсіреді

2. Адам аласынан сөз аласы жаман,

Оттың шаласынан сөз таласы жаман.

3. Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

4. Білімдімен сөйлессең,

Тілің сенің түрленер.

Білімсізбен сөйлессең,

Тілің сенің күрмелер.

5. Жаттанды білімнен,

Өмірден тоқыған артық.

6. Келешегіңе жол салған,

Ұстазыңды ардақтай біл.

Ұлағатты сөздерді жаттайық

1. Көш бастау қиын емес,

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерде жау бар.

Бәрінен шаршы топта сөз бастау қиын-

Шешімін адам таппас дау бар.

(Бұхар жырау)

2. Су түбінде асыл тас

Жел толқыса шығады

Ой түбінде асыл сөз

Шер толқыса шығады.

(Асан қайғы)

3. Тәрбие басы – тіл,

Өнер алды – тіл.

(Махмуд Қашқари)

4. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

(Ғ. Мұстафин)

5. Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты...

(Ғ. Мұстафин)

6. Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

(Б. Сарноғаев, қырғыз ақыны)

Үстеу

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін лексика-грамматикалық топ үстеудеп аталады.

Түрлері Мысалдар
І.Тұлғасына қарай 1.Негізгі әрең, азар, әрі, бері, дәл, сәл
2.Туынды ескіше, күздей, мұнша, жаяулап, тысқары, астыртын
ІІ. Құрамына қарай 1.Дара ерте, тым, кеш, ерекше, басқаша, қыстай, кешке
2.Күрделі а) биыл, бүгін, бірталай, біраз ә) бірте-бірте, анда-санда, қысы- жазы б) алдын-ала, құлан таза, күні кешке
ІІІ. Мағынасына қарай 1. Мезгіл қашан? қашаннан? кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ерте-сіне, таңертең,түнеугүні, бүрсігүні, жаздыгүні, қыстыгүні, биыл, күні-түні
2. Мекен қайда? қайдан? әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ішкері, ілгері, мұнда, сонда
3.Мөлшер қанша? қаншалық? қаншадан? Нешелеп? Сонша, онша, оншалық, соншалық, мұндайлық, мұнша, сондайлық, бі-раз, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті
4.Сын-бейне қалай? қалайша? қайтіп? әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, өзгеше, осылай, көйлекшең, тікелей, бірге, зорға, аздап
5. Күшейту қалай? қайтіп? қандай? аса, нағыз, ең, өте, тым, тіпті, айрықша, барын-ша, кілең, небір, өңкей, әбден
6. Мақсат не үшін? неге? не мақсатпен? әдейі, жорта, қасақана, көре, біле тұра, әдейілеп
7. Себеп-салдар неліктен? не себепті? қалай? бекерге, амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, құр босқа, амалсыздан, әншейін
8.Топтау қалай? қаншалап? екеулеп, үшеулеп, бір-бірлеп, рет-ретімен, он-ондап, аз-аздан, көп-көптен, бас-басына, жұп-жұбымен

Туған жер – алтын бесік

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

(М.Мақатаев)

Сұрақ:

- Бұл өлең не туралы?

- Отан деген не?

- Сіз қай жерде тудыңыз?

- Туған жер деп қай жерді атайсыздар?

- Туған жер туралы қандай өлең жолдарын білесіздер?

Туған ел

Туған жер қандай көркем мөлдіреген

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзеңдерің,

Саяңда сайрап өскен өреңдерің.

Мен едім соның бірі – қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегім.

Қашанда қарыздармын, елім саған

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған

Жүректің арнап ыстық махабаттың,

Туған ел, берерім көп менің саған.

Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,

Қазақстаным - өзім туған босағам.

Қазақстанның шекарасы

Қазақстанның шекарасы Астрахан далалары мен Каспий теңізінен басталады. Ал шығысқа қарай алтай тауларына, қытай шекарасына дейін 3000 шақырым. Солтүстік батыс Сібір ойпатынан басталады.

Оңтүстік Тянь-Шань тауларынан Орта Азия республикаларына дейін 1900 шақырымға созылып жатыр. Республиканың барлық шекарасы 15 000 шақырымнан астам. Оның 12000 шақырымы құрлық, 3300 шақырымы Каспий мен Арал теңіздері арқылы өтеді.

(Н. Баяндин)

Сұхбат

- Қазақстанның батыс жақ шекарасы қайдан басталады?

- Қазақстанның батыс шекарасы Астрахан далалары мен Каспий теңізінен басталады.

- Шығыс шекарасы қандай?

- Шығыста Алтай таулары мен қытай шекарасына дейін үш мың шақырым.

– Солтүстік шекарасы қайдан басталады?

– Солтүстік шекарасы Батыс Сібір ойпатынан басталады

– Оңтүстік шекарасы қандай?

–Оңтүстік шекарасы Тянь-Шань таулары мен Орта Азия республикаларына дейін бір мың сегіз жүз шақырымға созылады.

Наши рекомендации