Тіркеу алымдары: төлеушілері, төлену тәртібі

Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) жоғарыда аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып есептеледі.

Алымдарды төлеуден мыналар:

1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:

шаруа немесе фермер қожалықтары;

І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

бөлек тұратын зейнеткерлер;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;

3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде – мемлекеттік мекемелер;

5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

кәмелетке толмағандар босатылады.

Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

25.Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.

Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Салық Кодексінiң 459-бабында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 20 еселенген мөлшері;

4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:

автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді

26.Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткі-зу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсін бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.

Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.

27.Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.

Наши рекомендации