Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.

Жергілікті бюджеттерге еептелетін алымдарды төлеу көбінесе каржылық аспектілерді де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдерді және тіркеулерді, объектінің, қызметтің және т.б. белгілі бір халін белгілеуді ресімдеумен байланыстыларды да қоса, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Тіркеу алымдары - уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс- әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті төлемдері. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (тіркеу органдары) жүзеге асырады. Олар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдын 20 сынан кешіктірмей өзінің орналасқан орны бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеу іс- әрекеттерін олардың мүдделеріне жүргізетін жеке және заңи тұлғалар алым төлеушілері болып табылады.

Тіркеу алымдары мынадай іс-әрекетерді: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ак қайта тіркегені; дара кәсіпкерлерді; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды; жылжымалы мүлік кепілін және кеменін немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын; радиоэлектрондыққұралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды; көлік құралдарын, сондай-ак оларды қайта тіркегені; дәрілік заттарды,сондай-ақ оларды қайта тіркегені; туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық келісімшарттарды, сондай-ак оларды қайта тіркегені; мерзімді баспа басылымын және акпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені және тіркеу іс-эрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған операциялар каржылық қатынастардан кәдуілгі тауар-ақшалай қатынастарға түрленіп отырған рыноктық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің фискалдық және тарифтік-бағалық сипатының үйлесуі өте-мөте өрістеді. Мұндай ақылы қызметтердің шеңбері, мысалы Жол полициясының алымдарын, өлшем мен өлшеуіш приборларды тексергені және таңбалағаны үшін алымдарды, баска біркатарларын кіріктіреді.

Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып есептеледі. Қаралып отырған төлемдердің катарында ресурстар үшін төлем ақылар бөлініп көрсетіледі: жер учаскелерін пайдаланғаны; қоршаған ортаға эмиссия; жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны; орманды пайдаланғаны;жануарлар ниесін пайдаланғаны; ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайданганы үшін төлемақылар.

Мысалы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жер салығына қарағанда) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады (жер учаскелерін бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға беруді шығарып тастағанда). Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж -уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-эрекеттер жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік баж төленетін кьгзметтердің тізбесі тым кең және ол Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлемелер бойынша мыналардан: сотка берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан (шағымдардан), сот бұйрғын шығару туралы және бірқатар басқа арыздардан, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін (дубликаттарын) қайтадан беру туралы арыздардан; азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға оларды тіркеу туралы анықтамалар мен куәліктер бергені және азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруга және калпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін; Қазақстан Республикаеының азаматтығын алуга, азаматтықты қалпына келтіруге немесе оны тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін; нотариаттық іс-эрекеттер жасағаны үшін, сондай-ак нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін; тұрғылықты жерін тіркегені үшін; жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін; Қазақстан Республикасына келүге немесе шетелге шығуга байланысты іс-эрекеттер жасағаны үшін; зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңдық мәні бар іс-әрекеттер және басқа іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері қолданылады,олар айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алына отырып есептеледі.

Мысалы, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін баска міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді, ол:азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерін құрайды.Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы гиісті жергілікті бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлемдік құжаттар беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкімет төлем шлюз» арқылы берілген төлем туралы чек).Мемлекеттік баж банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді және уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) қркаттарды берген жері бойынша есепке жазылады. Төленген мемлекеттік баж салық заңнамасында белгіленген жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады. Қазақстан Республикасының шеқарасынан тысқары жерде және оның аумағында атқарылғанконсулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін мемлекеттік баж түрі консулдыц алым алынады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін консулдық алымның ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлерін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізге алына отырып белгіленеді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігі консулдық алымдардың базалық мөлшерлемелері шегінде шетелдік мекемелер үшін нақты мөлшерлеменін. мөлшерін белгілеуге құқылы.

Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы аумағында төлеу Ұлттық банк алымды төлеу сәтіне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі. Заңи және жеке тұлғалардың алымдары,баждары және өзге төлемдері бойынша төлеушілердің жеке санаттарына да,сонымен бірге белгілі бір іс-әрекет жасалған кезде де әр алуан жеңілдіктер белгіленген. Жеңілдіктер бұл төлемдерді төлеуден ішінара немесе толық босату түрінде белгіленеді.

Наши рекомендации