Семинарлар: 15 сағат

СРСП: 23 сағат

СРС: 67 сағат

Енбек сыйымдылығы: 135 сағат

АСТАНА – 2014 ж.

Оку бағдарламасы «Заңтану» мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі 11.05.2006ж. № 289 - бұйрығымен бекіткен және күшіне енгізген типтік бағдарлама негізінде жасалған.

Оку бағдарламасын аға оқытушы Сыздыкова Гулбаршин Алипкызы дайындады

Оку бағдарламасы азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының отырысында бекітілді

Хаттама № __ _____________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________________________ з.ғ.д., профессор Т.Е. Каудыров

Оқытушы (office-hour):

Лектор: аға оқытушы Сыздыкова Гулбаршин Алипкызы

Оқытушының ғылыми қызығушылығы: еңбек құқығы мәселелері

Тілдерді игеруі: қазақша, орысша

Кафедра туралы мәлімет: «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы, № 218 каб., тел: 70-28-41

Курстың пререквизиттері: Студент «ҚР еңбек құқығы» курсын оқып-үйрену үшін ЖОО бағдарламасы көлемінде келесі пәндер курсын білу қажет: Мемлекет және күкық теориясы, азаматтық құқық (жалпы және ерекше бөлімдер), әкімшілік құқық, салық құқығы.

Курстың постреквизиттері: Берілген курсты игергеннен кейін оқытылуы мүмкін пәндерге мына пәндер жатады: азаматтық іс жүргізу құқығы, кәсіпкерлік құқық, еңбек даулары.

Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негізгі құқық салаларының бірі, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша заңи жоғарғы оқу орындары мен факультеттердің студенттерін оқытуға арналған. Аталған оқу сабағын оқытудың пәні ретінде қызметкерлердің еңбегін қолдану үрдісінде жалпы еңбектік қатынастарды реттейтін құқық нормалары және еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатынастарды, сонымен қатар еңбек құқығының ғылымына тән теориялық концепцияларды оқыту болып табылады. Еңбек құқығы ғылыми пән ретінде заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады.

Пәннің мақсаты студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдылығын зертттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.

Міндеттері студенттердің аталған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студентер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы бөлімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- құқық жүйесіндегі қаржы құқығының орыны мен маңызы туралы түсінігі;

- пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның өзге оқу пәндерімен арақатынасын, заңгерлерді дайындаудағы маңызын, қаржы саласындағы заңнамалық қызметтерде қолданылатын негізгі құжаттарды дайындау ережесін;

- қаржы құқығының түсінігін мен анықтамасын, негізгі категорияларын;

- қаржылық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістерін;

- қаржы жүйесі элементтерінің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

-мемлекет қызметтінің бір бағыты ретіндегі қаржылық бақылаудың түсінігі мен мәнін;

- қазақстанның қаржы жүйесінің қазіргі даму үрдісін;

- қаржы қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- қаржылық құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- қаржы құқығын оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық және экономикалық мәселелермен байланыстыра білу;

- қаржылық – құқықтық зерттеулерді құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу (қаржы құқығы нормаларын дұрыс қолдану мен талқылай білу, заңдық айғақтар талдау, зерттеу үшін сұрақтарды дұрыс қоя білу, нормативтік актілерге сараптама жүргізе білу);

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:

- қаржылық-құқықтың зерттеу объектісі болып табылатын түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- өзбетінше жұмыс жасай білу тәжірибесі арқылы салық салу саласындағы ұқсастықтар мен құқықтық мәселелерді шешуде пікір-сайыс және ғылыми шығармашылықта бола білу;

- салық құқығы нормаларын жүзеге асыра білу.

Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:

-мемлекеттің қаржы қызметі барысында туындайтын шешімін таппайтын сұрақтар бойынша нақты салықтық дауларды шеше білетін болуы, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне қарай оны қолдану мен сұрақтар бойынша қорытынды беруде жетік болуы тиіс.

Наши рекомендации