Дербес компьютердіҢ типтік толыҚ жинаҒы

Дербес компьютер- әмбебап (универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады.Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок,дисплей.пернетақта және (тышқан-тетік) қитұрқысы (манипулятор мышь)

Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасақан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:

Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор,оперативті есте сақтау,құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);

Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты тоқтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;

Икемді магниттік дискіге (дисктетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискінің жинақтаушысы (немесе дискжетек-дисковод);

Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.

Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін,шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрлығы,сонымен қатар,шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады.

Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпустың формасымен айрықшаланады.Дербес компьютердің корпусын деңгейлік (горизонталь) және сатылас (вертикал) етіп щығарады.Сатылас етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі,орта мөлшерлі және аз мөлшерлі.Деңгейлес етіп жасалған корпустардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.

Корпус үшін формалардан басқа факторлар пішіні (формфактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) корпустар пайдаланылады: АТ,АТХ. Корпустың факңторларық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақщасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімді) болуы керек.

Дисплей (манитор) –деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы.Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.

Оның негізгі тұтыну параметрлері- экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы,кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі,қорғаныс класы.

Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді.Өлшем бірлігі –дюйм.Қазіргі таңда 9дан 42 дюймге дейінгі (23 тен 107 см.ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.

Стандартты мөлшерлері 14,15,17,19,20,21.Бүгінгі таңда 15 және 17,19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап (универсальный) мониторлар болып табылады.

Монитор экрандағы кескін ваккумдық колбаға тығындалған,өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру,яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады.Түрлі-түрлі кескінді алу үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады.Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге тоғысып,кескін анық көрінуі үшін люминаформдық алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа-панельін қояды ( перед люминаформом ставят маску-панель с регулярно расположенными отверстиями или щелями).Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен (проволочек) жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық әрі жарық болуын күшейтеді.Саңылаулар (отверстия) арасындағы ( қалқа қадамы-шаг маски) қадам неғұрлым қысқа болса,кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады.Қолқа қадамы миллиметр үлгісімен өлшенеді.Қазіргі уақытта 0,25-0.27 мм.Қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.

Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) манитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті дем оны кадрлар жиілігі деп атайды)

Кескінді қайта өндіру жиілігі герцпен (гц) өлшенеді.Ол неғұрлым жоғары болса,кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып,көз аз талады.Ең аз шамадағы мән 75гц,қалыптысы-85гц,ал ең қолайлысы (жайлы тиетіні)-100 гц және одан көп мәндер.

Манитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына сәйкес келетін стандартымен анықталады.Қазіргі уақытта мына халықаралық стандарттар жалпыға бірдей,яғни баршасына ортақ саналады:МРR-11,TCO-92,TCO-95,TCO-99.MPR-11 стандарты адамға адамға қауіп төндірмейтін,яғни қатер тудырмайтын шеке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді.ТСО-92 стандартында бұл норма сақталған,ал ТСО-95 және ТСО-99 стандарты кескіннің сапасаын (жарықтығын,қанықтығын,жыпылықтауын,жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең қатқыл нормаларды белгіледі.

Пернетақта(клавиатура) .Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде,сондай-ақ оның (компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта (клавиатура) пайдаланылады.Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерге бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында немесе 108-пернелік (108-клавишных) пернетақтада орындалған (жасалған). Пернетақта бірнеше регистррежимдердің бірінде жұмыс істейді.Режимдерді былайыша бөліп көрсетуге болады:

Бас әріптерді (үлкен)/ жол әріптерін(кішкентай) енгізу;

Орыс/латын символдарын енгізу;

Қою/ ауыстыру;

Цифрлік енгізілім/ цифрлық пернетақтадан басқару.

Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады:алфавитті-цифрлық,цифрлық,функциялық және басқарушы.

Тышқан-тетік (мышь)- бұл информацияны компьютерге енгізудің манипуляторы.Тышқан-тетік – алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш пернелі щағын қорап.

Манипулятор компьютерге сым арқылы жалғасады.

Наши рекомендации