Жария етуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Салық органдарында мүлiктi жария ету жүргiзудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4288

  • Мәтін
  • Ресми жарияланым
  • Ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Сілтемелер
  • Екі тілде
  • Көшіру
  • Қағазға шығару

"Мүліктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық комитеттерінің (бұдан әрі - салық органдары) төрағалары ақша қаражаттарын қоспағанда мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде мынадай құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрсын:
салық органы төрағасының орынбасары (штат кестесінде төрағаның орынбасары лауазымы жоқ болғанда - бөлім бастығы) - комиссияның жетекшісі;
мынадай:
есеп және талдау;
салық тіркеуі;
өндірістік емес төлемдер;
құқықтық қамтамасыз ету;
мәжбүрлеп өндіріп алу;
ақпараттық технологиялар;
салық есептілігін қабылдау және өңдеу мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің өкілдері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.
3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияда салық органдары өкілінің қызметін қамтамасыз етеді деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ.Рахметовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі, 2007 жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады және ресми түрде жариялануға тиіс.
Ескерту. 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 , 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 118 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 11 шілдедегі
N 253 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Салық органдарында мүлікті жария етуді
жүргізу жөніндегі нұсқаулық

Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық "Мүліктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді және салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануды нақтылайды.

2. Заңның күші Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай тұлғаларға қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193 , 218 , 221 , 222-баптарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193 , 218 , 221 , 222-баптарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған;
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бірінші бөлігі), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205 - 209 , 237 , 239 , 253 , 357-2-баптарында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

3. Заңға сәйкес салық органдарында жария етуге мынадай:
1) жеке тұлғалар жария ететін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасы мен шетелдегі ақша;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мүлік пен бағалы қағаздар;
3) тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлік пен бағалы қағаздар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағандағы, басқа да мүлік жатады.
Азаматтық кодекстің 117-бабының 1 және 2-баптарына сәйкес жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жылжымайтын мүлік деп танылады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Азаматтық кодекстің 117-бабының 3-тармағына сәйкес қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

4. Жария етуге мынадай:
сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекеттің қауіпсiздiгіне, меншiкке, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы қылмыстардың нәтижесiнде алынған;
құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатқан;
соның ішінде кредит ретінде алынған ақша;
Қазақстан Республикасының заңдарында құқықтар беруге жол берілмейтін мүлік жатпайды.

5. Заңның 7-бабының 9-тармағына сәйкес жария етілетін мүлік бойынша ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін мүлiктi жария ету субъектілерi (бұдан әрі - өтініш берушілер) жауап береді.
Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде салық органдары өтініш берушіні Заңның 2 және 3-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қатысты тексермейді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

6. Мүлікті жария ету салық органдарында Қазақстан Республикасы азаматының тіркелген жері немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

7. Мүлікті жария ету мерзімі 2006 жылғы 3 маусымнан басталады және 2007 жылғы 1 тамызда аяқталады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 , 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 118 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

Жария етуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

8. Салық органы бірінші басшысының бұйрығымен жария етуді жүргізу үшін қажетті өтініш беруші тапсырған құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға (бұдан әрі - маман) тағайындалады.

9. Заңға сәйкес жария ету мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
1) заңды тұлғалардың ақшаны жария етуі үшін:
осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге өтініш (бұдан әрі - өтініш);
мүлікті жария ету үшін алымның (бұдан әрі - алым) төленгенін растайтын құжаттардың;
жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерінің;
жария етуге ұсынылған ақша сомасының барлығын растайтын екінші деңгейдегі банк немесе шетелдік банк берген құжаттың;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ орналасқан елінде мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті жария ету үшін:
Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;
алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесінің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан бағалы қағаздарды жария ету үшін:
Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;
алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
бағалы қағаздар бойынша тиісті есепке алу жүйесіндегі дербес шоттан көшірме жазбаның немесе бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын резидент мемлекетінің заңнамасында белгіленген аталған бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың;
4) тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікті жария ету үшін:
Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;
алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесінің;
тиісті емес тұлғаның мүлікті өтініш берушіге өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шарттың;
5) тиісті емес тұлғаға ресімделген бағалы қағаздарды жария ету үшін:
Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;
алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
бағалы қағаздар бойынша тиісті есепке алу жүйесіндегі дербес шоттан көшірме жазбаның немесе бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын резидент мемлекетінің заңнамасында белгіленген аталған бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың;
тиісті емес тұлғаның мүлікті өтініш берушіге өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шарттың;
6) басқа да жылжымалы мүлікті жария ету үшін:
Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш (бұдан әрі - өтініш);
алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасын Заңның 6-бабының 3-тармағына және "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы N 1519 қаулысына сәйкес жария еткен жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты жері және сәйкесінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 454 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.
Маман жеке басты куәландыратын құжаттың ксерокөшiрмесiн жасауы және аталған құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтаруы тиіс.

11. Заңға сәйкес шет тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

Жаттарды қарау

12. Маман мүлікті жария ету үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігі мәніне тексеру жүргізуі тиіс.
Бұдан өзге, маман деректемелерді көрсету дұрыстығына және төлем құжатын толтыру тәртібіне назар аударуы қажет.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алу кезінде маман осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі - Журнал) толтырады. Журнал нөмірленген (беттері), тігілген және салық органының мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі Журналда 1-23 жолдарды толтырумен тіркеледі.
Бұдан кейін маман өтініш берушіге осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізімдемесін (бұдан әрі - тізімдеме) береді. Бұл ретте өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс. Тізімдеме екі данада ресімделеді, бірінші данасы өтініш берушіге беріледі; екінші данасы өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тіркеледі.

13. Ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында маман құжаттар тізімдемесін тексеруден кейін, дербес құрамын салық органының төрағасы бекітетін Комиссия шақырады. Комиссия мүшелерінің саны тақ және бес адамнан кем болмауы тиіс. Маман Комиссияның хатшысы болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

14. Комиссияның шешімдері Комиссия құрамының 2/3 бар болғанда Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия жетекшісінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің пікірін жазбаша түрде білдіре алады, ол хаттамаға қоса тіркеледі.

15. Комиссияның шешімі, Комиссияның жетекшісі мен Комиссияның қатысқан мүшелері қол қоятын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

16. Комиссия құжаттарды қарау нәтижесі бойынша төмендегі екі ұсыныстың бірін қабылдайды:
1) өтінішті қабылдау туралы;
2) өтінішті қайтару туралы.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

16-1. Ақша қаражаттарын қоспағанда мүлікті жария ету жағдайында маман құжаттарды қарау нәтижесі бойынша төмендегі екі ұсыныстың бірін қабылдайды:
1) өтінішті қабылдау туралы;
өтінішті қайтару туралы.
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

17. Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес құжаттарды қайтару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) құжаттардың толық емес пакеті ұсынылғанда;
2) ұсынылған құжаттарда өшірулер мен түзетулер бар болғанда;
3) алымның сомасын дұрыс емес есептеу;
4) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі.

18. Комиссия /маман (ақша қаражаттарын жария ету жағдайында) осы Нұсқаулықтың 16 және 16-1 тармақтарында көрсетілген ұсыныстың бірін қабылдаған соң, маман салық органының төрағасы үшін тиісті құжаттардың пакетін дайындайды:
1) әрбір өтініш беруші бойынша ресімделген Комиссия отырысының хаттамасы (ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында);
2) өтініш;
3) өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттар.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

19. Салық органының төрағасы ұсынылған материалдардың негізінде төмендегі екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) өтінішті қабылдау туралы;
2) өтінішті қайтару туралы.
20. Өтінішті қабылдау туралы шешім кезінде салық органының төрағасы мен маман өтініштің 2 данасына өтінішті қабылдау күнін көрсетумен және салық органының елтаңбалы мөрімен куәландырып қол қояды.
Өтінішке қол қойғаннан кейін маман Журналға және Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне (бұдан - Тізілім) тиісті өзгерістер енгізеді.
Көрсетілген жазулар Журнал мен Тізілімге енгізілгеннен кейін өтініш берушіге Тізілімге қол қою қажет, содан соң маман қабылданған өтініштің екінші данасын өтініш берушіге береді.

21. Өтінішті қайтару туралы шешім кезінде маман қайтарудың себебін көрсетумен салық органының басшысы қолын қоятын хат дайындайды. Бұл ретте хатта жария етуге ұсынылған мүліктің түрі туралы мәліметтер болмауы тиіс.
Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қайтару кезінде маманға түпнұсқаларды қайтару жүргізу қажет, бұл ретте аталған түпнұсқалардың ксерокөшірмелері өтініш берушінің ісіне тігілуі тиіс.
Хатқа қол қойылған соң маман Журналға тиісті өзгерістер енгізеді.
Құжаттарды қайтару туралы хатты өтініш берушіге табыс еткен кезде маман өтініш берушіден аталған хатты алғаны туралы белгісін алуы қажет. Хатта жария етуге ұсынылған құжаттардың саны және тізімдемеде көрсетілген құжаттардағы парақтардың саны көрсетіледі.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

21-1. Салық органдарында мүлікті жария ету туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі жария етуге ұсынылған құжаттардың салық органына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы керек.
Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығымен.

22. Мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептерді жойған кезде, өтініш беруші жария етудің белгіленген мерзімі ішінде мүлікті жария ету бойынша өтінішті қайтадан беруге құқылы.

Наши рекомендации