Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.

Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.

Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.

Халықаралық құқықтың қызметі деген сөз- ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасында үнемі болатын қарым-қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге, оның дамуына болжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділіген арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.

Халықаралық құқықтың басты функциялары оның халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылармен өзара іс-қимылдарынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъелтілері әр түрлі амалдарды пайдаланады .

Халықаралық құқықтық қызмет атқару үшін, бір жағынан-халықаралық құқық және сыртқы саясат ара салмағының, екінші жағынан-хылықаралық құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейтесті болып есептеледі. Бұл мәселенің халықаралық жария құқық жөнінлегі монографиялық еңбектерде талай айтыс туғызатынын айта кету керек. Қаралып отырған проблема құқық және саясат ара салмағы туралы жалпы мәселенің бір болып табылады. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі саясатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы органдары бағыттап және белгілеп отырады. «Дипломатиялық сөздіктегі» дипломатияға қатысты анықтау мынадай: «Мемлекеттер, үкіметтер және сыртқы қатынастардың арнаулы органдары басшыларының мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ шет елдерде мемлекеттің құқықтары мен мүделерін қорғау жөніндегі ресми қызметі». Дипломатиялық сыртқы саясат құралы ьолып саналады.Дипломатиямен бірге экономикалық, мәдени, әскери және басқа да сыртқы байланыстардың осындай құралдар болып табылатыны даусыз.

Халықаралық жария құқықтың қызметі үшін, мыналар көкейтесті мәселелер болып есептеледі:

біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен принциптерді басшылыққа алуды міндеттей отырып, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектейді;

екіншіден, халықаралық құқықтың, сонымен бірге, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар;

үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысатын органдардың қызметін реттейді.

Мысал үшін халықаралық жария құқық өз жүйесінде дипломатиялық және консулдық құқық саласын зерттейді. Оған халықаралық та, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипаттағы жеткілікті нормативтік база бар- дипломатиялық қатынастар жөніндегі 1961 жылғы Вена Конфенциясы, консулдық қатынастар туралы 1963 жылы Вена конференциясы, Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» 1997 жылғы Заңы. Сыртқы қатынастар органдарының ерекшеліктерін зерттеу, құқықтық мәселелер мен зардаптары, сенім және кері шақыру грамоталарын тапсыру, дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі және т.б. осы саланың мазмұны болып саналады. Қауіпсіздік құқығын зерттеген кезде халықаралық құқық мемлекеттің сыртқы саясатының басты элементтерін негізге алады мәселен, ұжымдық, аймақтық қаупсіздікті аиықтаған кезде, халықаралық қаупсіздіктің халықаралық-қүқықтық жолдарын қамтамасыз ету үшін.

Халықаралық құқық Халықаралық қатынастарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.

Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.

Наши рекомендации