Кедейлік пен теңсіздік

Американдықтар өздерінің экономикалық жүйесін мақтан түтады, сондай-ақ, ел азаматтарына жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді деп сенеді. Алайда елдің көптеген жерлерінде кедейлік проблемасы бар. Үкіметтің кедейлікті болдырмау шаралары жүмыс істегенімен мәселені толығымен шешкен жоқ. Осылайша тұрақты экономикалық өсу кезеңдерінде жұмыс орындары көбейіп, кедейлік деңгейі төмендегенімен оны жойыл жібере алмады. Федералдық үкімет төрт адамнан тұратын отбасына өмір сүру үшін ең төменгі кіріс мөлшерін есептейді. Әрине, ол сан отбасының орналасуы мен өмірдің құнына байланысты өзгеруі мүмкін. 1998 жылы осындай төрт адамнан тұратын отбасылардың жылдық кіріс мөлшері 16 530 доллардан кем болса, олар кедейлікте өмір сүреді деп саналатын.

Кедейлікте өмір сүріп жатқан американдықтардың саны 1959 жылы 22.4 пайыз қүраса, 1978 жылы 11.4 пайызға төмен- деп кетті, бірақ сол уақыттан бері өзгеріс шамалы болды. Мысалы, 1998 жылы көрсеткіш 12.7 пайыз құрады. Сонымен қатар, осы жалпы ңифрлар аясында естен тандырар деректер жасырынып тұр. Мысалы, 1998 жылы барлық афро-американдықтардың төрттен бірі (26.1 пайызы) кедейшілікте өмір сүрді. Осы қапа көрсеткіш сонда да 1979 жылғы жағдаймен салыстырғанда, белгілі бір ілгерілеуді көрсетеді. Ол кезде елдің қара нәсілді халқының 31 пайызы ресми түрде кедей категориясына енгізілді, және бұл 1959 жылдан бастап, кедейліктің ең төменгі деңгейі болды. Әсіресе кедей категориясына жиі жалғыз басты аналар, және осы себепке орай 1997 жылы барлық балалардың бестен бірі дерлік (18.9 пайызы) кедейлікте тұрды. Қара нәсілді балалардың арасындағы кедейліктің деңгейі 36.7 пайыз, ал испан тілінде сөйлеушілер арасында бұл - 34.4 пайызын құрады. Кейбір сараптаушылардың пікірінше, кедейліктің ресми мәліметі, кедейшіліктің шын, нақты деңгейінен асады, өйткені ол азық-түлік талондары, медициналық қызмет көрсету және мемлекеттік баспана беру сияқты мемлекеттік көмек көрсету бағдарламаларына назар аудармай, тек қана ақша шығындарын есепке алады. Бірақ басқалардың пікірінше, көрсетілген бағдарламалар шеңберінде отбасылардың азық-түлік және денсаулық сақтау қызметіндегі барлық қажеттіліктерін сирек орындады, ал мемлекеттік баспана барлық мұқтаж адамдарға жетпейді. Кедейліктің ресми деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, баспана мен денсаулық сақтау қызметі немесе киім-кешек сатып алу үшін ақшаны азық-түлік алуда үнемдеп, кейде аштықта болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдар кейде табысты ақшалай формала кездейсоқ жұмыстан немесе экономиканың «жасырын» секторындағы жұмыс нәтижесінде алады, және ол ешқашан ресми мәліметтерде көрсетілмейді.

Кез-келген жағдайда, американдық экономикалық жүйеде игілік тең емес екендігі айқын. Вашингтондағы экономикалық саясат институтының мәліметтер! бойынша, 1997 жылы ең ауқатты Америка отбасыларының 20 пайыз үлесі, ұлттық табыстың 47.2 пайызын құраған, ал тұрмысы нашар кедей жанүялардың 20 пайызы ұлттық табыстың тек 4.2 пайызын құрады, ал кедей отбасылардың 40 пайызына табыстың 14 пайызы жеткізілді.

Америка экономикасын тұтасымен алғанда сәтті болғанынша қарамастан, теңсіздік жайлы қобалжу 1980-ші және 1990-шы жылдары сақталынып отырды. Әлемдік деңгейде өсіп келе жатқан бәсеке, өндіруші кәсіпорынның көптеген дәстүрлі салаларындағы жұмыс атқарып жүрген жұмысшыларға қауіп төндірді, және олардың жалақысының өсуін тоқтатты. Сол кезде федералдық билік біртіндеп ауқатты адамдардың есебінен кедей жанұялар пайдасына шешілетін мәселелерге бағытталған салық саясатын жүргізуден бас тартты және сол кезде үлессіз қалғандарға көмек беретін ішкі әлеуметтік бағдарламалар тізбегіне шығындарды азайтты. Сол уақытта дәулетті американдықтар қосымша табыстың көп бөлігін қор нарығындағыакция құнының қарқынды өсу нәтижесінен алды. 1990-шы жылдардың соңында кері дамуының белгілі нышандары пайда болды: жалақының өсуі, әсіресе кедей жұмысшылардың еңбегін төлеу, тездетілді. Бірақ, онжылдықтың соңында да осы ағымның тұрақтылығы жайлы айту әлі ерте еді.

Әкімшілік құрылысы (штаттар)

Айдахо (ID)
Айова (IA)
Алабама (AL)
Аляска (AK)
Аризона (AZ)
Арканзас (AR)
Вайоминг (WY)
Вашингтон (WA)
Вермонт (VT)
Вирджиния (VA)
Висконсин (WI)
Гавай (HI)
Делавер (DE)
Джорджиа (GA)
Батыс Вирджиния (WV)
Иллинойс (IL)
Индиана (IN)
Калифорния (CA)
Канзас (KZ)
Кентукки (KY)
Колорадо (CO)
Коннектикут (CT)
Луизиана (LA)
Массачусетс (MA)
Миннесота (MN)
Миссисипи (MS)
Миссури (MD)
Мичиган (MI)
Монтана (MT)
Мэн (ME)
Мэрилэнд (MD)
Небраска (NE)
Невада (NV)
Нью-Гэмпшир (NH)
Нью-Джерси (NJ)
Нью-Йорк (NY)
Нью-Мексико (NM)
Огайо (OH)
Оклахома (OK)
Орегон (OR)
Пенсильвания (PA)
Род-Айленд (RI)
Солтүстік Дакота (ND)
Солтүстік Каролина (NC)
Теннесси (TN)
Техас (TX)
Флорида (FL)
Оңтүстік Дакота (SD)
Оңтүстік Каролина (SC)
Юта (UT)

Кедейлік пен теңсіздік - student2.ru

Наши рекомендации