Ақпарат іздеу жүйесіне шолу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
Ақпарат іздеу жүйесіне шолу | ||
1.1 | Интернет іздеу жүйесі | |
1.1.1 | Ақпаратты іздеу әдістері | |
1.1.2 | Google іздеу жүйесі | |
1.1.3 | Yahoo іздеу жүйесі | |
1.1.4 | Alta Vista іздеу жүйесі | |
1.1.5 | Сұраныс түрлері | |
1.2 | Файл іздеу жүйесі | |
1.3 | Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар | |
1.4 | Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы | |
1.5 | Есептің қойылымы | |
Ақпараттық жүйені құрудағы бағдарламалық құралдар | ||
2.1 | Программалау тілін таңдауды негіздеу | |
2.1.1 | Дерекқор басқару жүйесін объектті бағытталған программалау | |
2.1.2 | Дерекқор басқару жүйесіндегі аспаптық жабдықтары | |
2.1.3 | Дерекқор басқару жүйесінің сәулеті | |
2.2 | Delphi ортасында жұмыс жасау | |
2.2.1 | SQL сұраныстар тілі | |
2.3 | Қосымша қолдану бағдарламалары | |
2.3.1 | HTML тілі сипаттамалары | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | ||
А қосымшасы |
КІРІСПЕ
Соңғы кезде көптеген адамдар ақпараттың бәрін компьютердің деректерқорында сақтауды дұрыс деп шешті. Оның көптеген себептері бар. Дүние жүзін айналып жатқан ақпараттар өте көп. Олар уақыттың өтуімен әрдайым ұлғайып отырады. Сол себепті, кез-келген үлкен немесе шағын мекемелерде деректерді басқару күрделі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін кейбір мекемелер сөрелерді қолданады. Бірақ бұл сөрелерден керекті мәліметті табуға көп уақыт керек, әрі ондай сөрелерде маңызды қағаздарды сақтау қауіпті болғандықтан, соңғы кезде көптеген мекемелердің қызметкерлері деректерқордың қолданылуы сөрелерге қарағанда бір шама тиімді деп тапты. Ол сапалы сақтайды, үлкен көлемді деректерді құрайды, белгілі бір жүйеге келтіреді, әрі іздестіру уақытын азайтады. Бүгінгі күннің өзінде деректер қорынсыз қаржы, сауда және сол сияқты көптеген мекемелер жұмысын елестету мүмкін емес. Компьютердегі деректерқор өте тиімді болып табылады.
Ақпараттық технологияның қарқындап дамуына байланысты іздеу жүйесін пайдалану сұранысы күннен күнге дамып келеді.Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік,қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды. Сонымен қатар іздеу жүйесі – кең таралуы және оны пайдаланудың ыңғайлылығымен ерекшелінеді.
Егер есептеуіш техника машинасы қуатты болса және іздеу тілі дұрыс таңдалмаса, жүйе тиімді жұмыс атқармайды. Ақпараттық іздеу тілін жақсарту үшін көбінесе ақпараттық семантика теориясына және лингвистикаға сүйенеді. Соның арқасында ақпараттық іздеу жүйесін автоматтандыруға әкеп соқты. Бұл идеясының негізі текстердегі ең керекті сөйлемдерді белгілеу болып табылады. Сол сөйлемдерден құжатқа реферат жасалады. Іздеу жүйесі тиімді істеу үшін келесі талаптарды орындауы тиіс:
- қолдану қарапайымдылығы;
- дәл ұйымдастырылған индекс;
- дерекқордан тез іздеу;
- іздеу нәтижесінің дәлдігі мен беріктігі.
Ақпараттық жүйені қолдану арқылы қажетті ақпаратты санаулы секундтарда алуға болатын әр түрлі ақпараттарды өзінде сақтайды. Бүгінгі таңда ақпарттық жүйелерді кез-келген салада кездестіруге болады. Бұл дегеніміз ақпараттық жүйелерді қолданудың тиімді екендігін көрсетеді.
Ақпарат іздеу жүйесіне шолу
Есептеу техникасы даму кезеңінде ақпаратты іздеуге адамдарды қолдануға тиімді болса, онда әр сайын оған адамдар көбірек керек болды. Осындай жағдай арқасында ақпарат мамандары есептеу машинасына көз салды. Сонымен ақпараттық іздеуде автоматтандыру эрасы басталады.
Дегенмен, есептеуіш құрылғыларда ақпарат іздеуде кең таралуы тез арада болмады. Өйткені бірінші ақпарат іздеу жүйесінің жұмыстары тиімділігі төмен және бағасы жоғары болатын. Бірақ есептеуіш техника дамуымен бұл көрсеткіштер өзгерді.
60-жылдары шет елдерде автоматтандырылған ақпарат іздеу жүйесі пайда болды. Кейінерек 1961 жылы жер шарының әр түрлі жерлерінде 121 автоматтандырылған ақпарат іздеу жүйесі құрылды, олардың ішінде 16 электронды есептеуіш құрылғыларда жасалған.