Бюджеттік бағдарламаларды жэне олардың әкімшіліктерін анықтау.

Бюджеттік бағдарламалардың түрлері.

Нәтижесі ашықтан-ашың шекті түрде болатын, айқын, шынайы және қол жететін мақсаты бар бюджеттік бағдарлама маңында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру жөніндегі бюджет шығындары карастырылады. Олар шығындар бағыттарын нақтылау мақсатымен бюджеттік ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар елдің заңдары мен басқа да нормативтік актілерімен қарастырылған мем-лекеттік функцияларды ғана іске асырмайды, оған мемлекетгік, салалық және аймақдық бағдарламалармен анықталған әлеуметті-экономикалык даму максаттарын аткаруды қосады.

Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге байланысты ағымдағы немесе даму бюджеттік бағдарламалар болуы мүмкін. Ағымдағы бюджетгік бағдарламалар өз алды мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндетгемелерін аткару-ды камтамасыз етуге арналған бюджеттің тұрақты шығындарын көрсетеді. Бюджеттік даму бағдарламалар негізінде іргелі сипаттағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар болып табылады,

Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару мен бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша бекітуіне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Өз алдына жергілікті бюджеттік бағдарламалар облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналык, аудандық бюджеттік бағдарлама-ларға бөлінеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып оларды жос-парлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты және соларға жүктелген функциялар мен өкілдік арқылы аиықталған мем-лекеттік органдар табылады. Олар бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес өздігінен пайдаланады және сол қаражаттарды нысанды және тиімді пайдалануына жауапты болады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде орталық мемлекеттік атқарушы органдар тағайындалады, бірақ олардың кұрылымдық және аумақтық болімдері әкімші бола алмайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардын әкімгері ретінде ҚР Үкіметі бекіткен жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымына сәйкес анықталатын атқарушы органдар болады.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бюджеттік жіктелудің мәні неде?

2.Бюджеттік жіктелудіің рөлі қандай?

3.Түсімдерді жіктеу дегеніміз не?

4.Бюджеттің іргелі шығындары дегеніміз не?

5.Бюджеттік шығындарының жіктелуінің белгілерін көрсетініз

Әдебиеттер тізімі:

1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар

Дәріс материалдарын ұғыну үшін дәріс тақырыбын қарастырғанда ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп, олардың мәнін түсінуге тырысу қажет.

Наши рекомендации