ТаҚырыптар бойынша сӨж орындауҒа Қойылатын

НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Студенттердің өзіндік жұмысы берілген тапсырмаға сәйкес қарастырылып отырған сұрақ бойынша теориялық, статистикалық материалдар мен аналитикалық деректердің негізінде орындалады.

Өзіндік жұмыстарды орындау «Сыртқы экономикалық қызметтің есебі» пәнінің барлық тақырыптары бойынша қарастырылады. СӨЖ орындау мерзімі, тапсыру уақыты, бақылау түрі Силлабуста көрсетілген. Әрбір СӨЖ студентпен жеке дара СОӨЖ сабағында қорғалады және оқытушымен баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті әдебиеттер тізімі әрбір СӨЖ тапсырмасының соңында беріледі.

СОӨЖ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Студенттердің оқытушының қатысуымен өзіндік жұмысы студенттің білімін тереңдетуге және бекітуге, оның аналитикалық дағдыларының дамуына бағытталады. Бұндай оқытушының қатысуымен өткізілетін аудиториялық сабақтарында студенттердің орындаған өзіндік жұмыстары қорғалады, қорытындыланады және нәтижелері бағаланады.

Бұл жұмыс түрінде алынған баллдар СОӨЖ бойынша бағаны қалыптастырады және курс бойынша қорытынды аттестация кезінде ескеріледі. Силлабуста әрбір СОӨЖ өткізудің формалары көрсетілген.

СӨЖ МЕН СОӨЖ ТҮРЛЕРІ

1. Глоссарий (лат. glossarium — сөздік) — қандай да бір саладағы арнайы терминдердің сөздігі. Глоссарий тақырып шегіндегі арнайы терминдерді таңдап, оларға түсінік беруді талап етеді. Осылайша, глоссарий арқылы пән бойынша жаңа терминдердің түсіндірме сөздігі құрастырылады.

2. Конспект (лат. conspectus — шолу) негізгі ақпарат көзінің мазмұны бейнеленетін жазбаша мәтін болып табылады. Конспектілеу – негізгі ақпарат көзінен алған мәліметтерді қысқаша мазмұндау әрі жүйелеу дегенді білдіреді. Конспект қандай да бір мәтін, цитаталар немесе кесте мен схемалар түрінде жасалуы мүмкін.

3. Текстпен жұмыс.Студенттер үшін маңыздысы – басқа адамнын текстіне қарап жұмыс жасай алуы, бірақ, тек оқып қана қоймай, материалға қысқаша талдау жасай алуы. Меңгерген материалының негізінде өзінің жеке текстін жасай алуға үйрену. Бұл жұмыс рефераттар, баяндамалар мен эсселер жазу арқылы орындалады. Негізгі әдебиет құралдарымен қоса, қосымша кітаптар ұсынылған дұрыс, ол талданушы материалды сауатты түрде ұсынумен қатар, дәлелдемелер жасауға, қарсы пікір білдіруге және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.

Студенттердің текстпен жасайтын жұмыстарының қатарына мыналарды да жатқызуға болады:

· Маркерлік белгілер қолдану;

· Текстте бұрыннан белгілі ақпараттар кездескен жағдайда, оларды «жалауша» белгісімен оқшаулау;

· «+» белгісімен жаңадан алынған ақпараттар, жаңалықтар белгіленеді. Белгілер текстпен танысқаннан соң, студент бұл текстпен алғашқы рет кездесіп тұрған жағдайда ғана қойылады.

4. Эссе жазу.Эссе дегеніміз тақырып бойынша оған қатысты еркін талқылама жасау. Жалпы көлемі 2-3 бет.

Бағалану критерийлері мыналар болып табылады: зерттелген материалдың онда көрініс таба алу дәрежесі, мәселеге тоқталғандағы өзіндік ерекшелігі, дәлелдемелері, өз көзқарасын, пікірін нақты және толық ұсына алу қабілеті.

Эссе құрылымы:

· Кіріспе. Белсенділігі, тақырыпқа байланысты пікірлер таласы және сөздер мен сөз тіркестерінің құрастырылу деңгейі. Тақырыпты қарастыру құрылымы. Негізгі бөлімге көшу дәрежесі.

· Негізгі бөлім. Талқылаулар, талқылау кезінде қолданылған негізгі түсініктерге автор (2-3) анықтама шығаруы қажет. Талқылауларды қолдайтын факттер немесе мысалдар – дәлелдемелер мен қолдаулар. Контраргументтер немесе қарама-қарсы талқылаулар қарастыру (неге олар әлсіз екендігі айқындалады, бірақ, автордың пікірі өз күшінде қалады)

· Қорытынды. Меңгерілген талқылауларды қайталау. Негізгі ұсынылып отырған талқыламаны қорғаушы дәлелдемелерді қорытындылайтын бір-екі ұсыныс. Ұсынылып отырған талқыламаны қабылдамаған жағдайдағы салдарлары туралы жалпы ескертпелер мен берілген ұсыныстардың пайдалылығы туралы жалпы қорытынды жасау.

Реферат.

Белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет құралдарына немесе бірнеше адамдардың көзқарасына шолу жасау. Қандай да бір құралға немесе классиктің теориялық мұрасына анализ жасау. Пәннің қолданылатын әдебиеттерінің негізінде тапсырылады.

Реферат мазмұны кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Рефераттың көлемі 10-15 бетті құрайды.

Жұмыс компьютерді қолдана отырып баспа әдісімен орындалуы қажет. Негізгі техникалық шарттар: А4 парағы, интервал 1, шрифт - кәдімгі, кегль 14, парақтың параметрлері: оң жағы - 10 мм, үсті - 20 мм, сол жағы - 30 мм және төменгі жағы - 20мм.

6. Презентация – бұл қандай да бір тақырып бойынша көлемді ақпараттарды қабылдауға жеңіл әрі қазықты түрде етіп дайындау. Презентацияның басты масаты – күрделі әрі көлемді ақпаратты жеңіл қабылдайтындай етіп жеткізу.

Жақсы презентация жасау үшін нақты тақырып бойынша ақпараттар жинап, оны жүйелеп, мәтін және кесте мен диаграмма түрінде ретке келтіру қажет. Содан кейін арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып жүйеленген ақпаратты түрлі суреттер, сызбалар қосып қызықты әрі көрікті түрде дайындау қажет.

Презентация Microsoft Power Point немесе өзге де компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып әзірленуі қажет. Дайын презентацияның көлемі 7 - 15 слайдтан тұруы қажет. Презентация дайындау алдында қажетті әдебиеттерден, интернет көздерден ақпараттар мен статистикалық және аналитикалық деректер жинап, оны терең зерттеу қажет.

Наши рекомендации