Жоба табысының критерийі.

Лекция 3.

Жобаларды басқару. Анықтамалар және концепция. Жоба – инновация негізі.

Жобаның классикалық басқарылуы адам қызметінің екі түрлі ұйымдастырылуын ерекшелейді: Операциялық және жобалық.

Операциялық қызмет сыртқы жағдай белгілі және тұрақты, өндірістік операциялар жақсы зерттелген және бірнеше қайтара сыналған, ал орындаушылар йуекциясы анықталған және тұрақты болған кезде қолданылады. Бұл кездегі тиімділік негізіне нақты мамандыру және компентенцияны жоғарлаты жатады. «Егер трамвай жүргізушісі жаңа жол іздей бастаса, онда жақсылық күтпе». Қай жерде жаңа өнім өңделсе, сыртқы жағдай мен талаптар тұрақты түрде өзгерсе, өндірістік технологиялар алғаш рет қолданылатын тұрса, жаңа мүмкундіктер, интелектуалды күшейту және шығармашылық талап етілсе, сол жерлерге жоба қажет.

Жоба – ерекше өнім, қызмет немесе нәтиже жасауға арналған уақытша мекеме.

Операциялық және жобалық қызметтің бірқатар жалпы сипаттамалары бар: адамдар орындайды, қорларға қолжетімділік шектелген, жоспаланады, орындалады және басқарылады. Операциялық қызмет және жоба ерекшеленеді, бастысы, операциялық қызмет – уақыт бойынша жалғасатын және қайталанатын үрдіс, ал жоба уақытша және ерекше болады.

Жобадағы мерзім бойынша шектеу, оның басталуын және аяқталуын бідіреді. Жоба мақсатына жеткен кезде ол аяқталады, немесе жоба мақсатына жете алмай қалады; кейде жобаға қажеттілік болмай қалады да тоқтатылады.

Жобаның операциялық қызметтен маңызды ерекшелігі бар. Егер жоба нәтижелері ерекше сипат алмайтын болса, онда оның жұмысын күн тәртібіне жазып, өндірістік нормативтерді орнататын және операциялық қызмет жиегінде жүргізуге болар еді (конвейер).

Жоба есебі – нақты бизнес – мақсатқа жету. Операциялық қызмет есебі – бизнестің қалыпты жүруін қамтамасыз ету. Жоба – бұл стратегиялық даму құралы (5 – сурет).

Мақсат – жетуге қажет нәрсені сипаттау. Стратегия – осы мақсатқа қалай жетуді айқындау. Жобалара стратегияны әрекетке, ал мақсатты шындыққа айналдырады.

Сурет 5. Жоба – стратегиялық даму құралы.

Сонымен нақты қызметтер атқаратын әрбір жұмыс мекеменің стратегиялық мақсатына жетуге тіркеледі. Жобалар бағдарламаларға біріктіріледі. Бағдарлама – бірқатар бір – бірімен байланысқан жобалар, олар жетістікке жету үшін басқарылады.

Жобалар мен бағдарламалар портфелге бірітіріледі. Портфель – жобалара немесе бағдарламалар жиынтығы, стратгиялық мақсаттарға жетуге арналған жұмыстарды тиімді басқару мақсатында біріктіріледі.

Жаһандану. Жалпы өзара тәуелділік және өзара байланыстылық трансұлттық компаниялар. Бизнес қай жерде жұмысшы күші арзан сонда барады. Интернет. Шекарасыз бәсекелестік. Мысал. Google . бір түнде әрқайсысымыз көп миллионды компания құра аламыз. Интернет көмегімен 100 млн тұтынушысы бар нарыққа шығуға болады.

Жоба инновацияның негізі. Басқа компаниялар ойланбаған нәрсені тезірек ойлап, олардан бұрын жасауы тиіс. Тұтынушыға өте сапалы және қажетті өнім силау қажет.

Жоба табысының критерийі.

Жоба есебі – «темір үшбұрыш» шектеулерін сақтай отырып, нақты бизнес – мақсаттарға жету (6 – сурет). Мұнда үшбұрыштың әр бұрышы басқалардың әсерінсіз өзгермейді. Мысалы, уақытты кеміту үшін құнын арттыру қажет және/немесе мазмұнын қысқарту қажет.

Сурет 6. «Темір үшбұрыш» жоба шектеулері.

PMBOK [11] стандартының ағымдағы редакциясына сәйкес жоба табысты деп есептеледі, егер тапсырыс берушілер және жоба қатысушыларының барлық талаптары орындалатын болса. Сондықтан БЖ өңдеудің төрт табысты факторы бар.

1. Спецификацияға сәйкес орындалады.

2. Мерзімінде орындалады.

3. Бэджет шегінде орындалады.

4. Команданың әрбір қатысушысы жұмыстан 18:00 де табысты болу сезімімен қайтты.

Төртінші фактор кәсәпорын үшін өте тиімді болуы тиіс. Табысты жоба үшін оның қатысушыларының тұрақты түрде қанағаттану сезімі және өз жұмысының нәтижесі үшін мақтаныш сезімі болуыс тиіс. Жоба үшін ең қиыны немқұрайдылық немесе жабығулы сезімде болуы.

Тиімділік алынған нәтиженің жұмсалған шығындарға қатынасы. Тиімділікті нәтижемен қарастыруға болмайды: неғұрлым көп өндірсең , соғұрлым көп жасайсың, соғұрлым тиімділігің жоғары. Мұндай тәсілмен «кешкі асқа алтын жұмыртқа табатын тауықты сою» да ғажап емес. Шығындарды инвестициямен шатыстыруға болмайды. Жол ауысын, электрэнергиясын, коммуналдық төлем төлеушығындар. Тиімді команда құру және бекіту – бұл компанияның стратегиясы. Жоба қатысушыларын оқыту – инвестициялар. Адамдарға салу – тиімділік формуласының алымын ұлғайту. «Кез-келген бағамен» принципі бойынша орындаған профисияналдардың компаниядан кетуі – шығындар, олар толтырылмайды. Өсіп келе жатқан бәсекелестік әлемдік экономиканың трендінде нақты көресетіледі – персонал – бұл инвестиция түрі, актив, оны өсіріп, басқарып және сақтау қажет. Бүгінгі күні адамдар – капитал.

Заманауи кәсіпорындар өз қызметерлеріне ең күшті клиенттері ретінде қарау керек. Заманауи компанияның басты капиталы – білім. Бұл білімнің үлкен бөлігі оның тасығышынан бөлінбейді – ол адам. Соны түсінбеген кәсіпорын тиісді жұмыс істемейді. Бұл күндергі тиімді кәсіпорын – бұл сервис. Кәсіпорын бір жағынан аз клиенттеріне өнім және қызмет ұсынса, екінші жағынан – кәсіпқой персоналдарға жұмыс орнын ұсынады. «

Өмір бойы бір кәсіпорын», «өнімді еңбек ет, кәсіпорын бар жағдайыңды жасайды» принциптері – келмеске кетті. АТ нарығындағы жұмысшы күшіне қара – тәртіпті кәсіпқойлар орнатады.

Наши рекомендации