Тақырып 12. ана мен баланы ҚорҒау

Мақсаты: Студенттер Қазақстанда ана мен баланы қорғау жүйесін білу керек.

Ана мен баланы қорғау деген – мемлекеттік, қоғамдық және медициналық мекемелер және медициналық шаралары, олар аналарды мадақтау, баланың дүниеге келуіне және тәрбиеленуіне жағдай жасау, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету, жанұяның нығайтуға жан-жақты қолдау жасау.

Қазақстанда әйелдер саны жалпы халық санының жартысынан көп (52 %), сондай –ақ еңбек жасындағылар мен және жұмыс істейтіндердің тең жартысын құрайды.

Дәрігерлік қаралуға барғандар ішінде әйелдер 60% құрағанмен, іс жүзінде ерлерде аурулар көбірек таралған. Қазақстанда қатерлі ісікпен ауырғандар арасында әйелдер 48,2% құрайды; әйелдерде қан қысымы көтерілуі жиі кездеседі, бірақ аурудан айығу және келешекткгі салыстырмалы болжам жақсырақ; адамның қорғаныс тапшылық белгісі (АҚТБ) аурулары әйелдер арасында ерлерге қарағанда аздау; өлім-жітімнің он себебінің ішінде ерлерге қарағанда әйелдерде екеуінде ғана жоғары екені белгілі.

Ана мен баланың денсаулығы болашақта мемлекетіміздің демографиялық, экономикалық, еңбектік, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс қуат- кушін қалыптыстырады. Осыған орай, ана мен баланы қорғау мәселелері денсаулық сақтау жүйесі үшін жұмысының басымды бағыты болып есептелінеді.

Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешу жүйелі түрде күрделі шараларды қоғамның барлық деңгейлерінде құрылымдық арқылы іске асыруды көздейді: мемлекеттік (ұлттық) деңгей, салалық, аймақтық, жеке өндіріс, мекемелер, ұжымдар, қоғамдық (топтастық).

Жанұя және балалар қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген (27 бап).

Қазақстанда әйелдердің және жанұялық - демографиялық саясатының Ұлттық және аудандық комиссиядан туратын гендерлік институтциональды жүйесі құрылды. Қазақстан балалар құқығы және әйелдер барлық жағынан кемсітуді жою бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының іске асыруына қол қойды. Республикада әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар және 2006-2012 жылдарға гендерлік теңдік Стратегиясы құрылды. Балалар құқығы бойынша, адамның репродукцияға байланысты құқығы, йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы, адамдарды сатуға қарсы әрекет мәселелері жөнінде заңдар қабылданды. Адамдарды тұрмыстық жағдайда жәбірлеуге қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша парламентке заңжобасы қарастырылуға берілді. Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» заңында жүкті әйелдердің және аналардың құқығы, балалардың денсаулығын қорғау жөнінде нақты айтылған (12,13 баптар). 2005 жылы 28 маусым айында Қазақстан Республикасының «Балалы жанұяларға мемлекеттік жәрдем ақы беру жөнінде» заңы қабылданды, онда әлеуметтік жәрдем ақы берілуі бекітілді.

Әйелдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсетудің ұйымдастырушылық ұстанымдары:

- бір педиатр дәрігер ұстанымы яғни бір дәрігер учаскеге тіркелген 0 ден 14 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды бақылауы керек.

- учаскелік ұстаным: учаскелік педиатр-дәрігер 800-1000 – ға дейін тіркелген аумақтағы учаскіге қызмет көрсетеді, акушер-гинеколог – жасы 15 –тен асқан 3-3,5 мың әйелдерге қызмет көрсетеді.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту және арудың алдын алу үшін педиатрия, терапия, акушерлік-гинекологиялық жүйелерінің бірегей қызметтестігі негізінде әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсету жүйесі жетілдірілуде бұл шара біріккен акушерлік-терапиялық- педиатриялық кешен (учаскесі) ұйымдастырылуымен қоса жүргізіледі.

- диспансерлік әдіс: барлық балалар жасына, денсаулық жағдайына, тұрақты жеріне, мектепке дейінгі және мектепке бару-бармасына қарамастан профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту керек, және егу арқылы аурудың алдын алу ақысыз өткізіледі.

- біріктіру ұстанымы: яғни әйелдер консультациясы мен емхана, біріккен балалар емханасы мен стационарлардың (ауруханалардың) бірктірілуі.

- медициналық қызмет көрсетудің кезектесу ұстанымы: үй жағдайында және емханада. Емханаға амбулаторлық қабылдауға тек дені сау балалар немесе аурудан айығудағы балалар, науқастанған балалар үйде қаралады.

- мирасқорлық принципі: әйелдерге кеңес беру орны, перзентхана, балалар емханасы арасында келесі түрде қолданылады: босануға дейінгі патронаж, перзентханадан шыққан жаңа тұған баланы үш күн аралығында қарау, учаскелік педиатр - дәрігер профилактикалық тексеруді бір жасқа дейін -12 рет (ай сайын), екіден үш жасқа дейін - 4 рет (квартал сайын), үштен төрт жасқа дейін - 2 рет, төрт жастан жетіге келгенше -1 рет жылына қаралады.

- әлеуметтік-құқықтық ұстанымы.

Аналарды қорғау мекемелер: біріктірілген перзентхана, әйелдерге кеңес беру жекеленген мекеме, жалпы ауруханалардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдері, көп салалы ауруханада қосалқы аурулары бар жүкті әйелдерге арналған арнайы бөлімшелер (палаталар), адамның репродукция орталығы, медициналық- генетикалық кеңес беру орны, «Неке және жанұя» кеңес беру орны, медициналық бөлімі, дәрігерлік амбулаториясы, санаторлық-курорттық мекемелер.

Әйелдерге кеңес беру мекемесі. Қызмет көрсетеді: ауданға бекітілген барлық әйелдерге, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, гинекологиялық аурулары бар әйелдерге. Міндеттері: жүктілік кезіндегі асқынулар және босану және босанудан кейінгі кезеңде аурудың алдын алу, антенатальды кезеңдегі баланың денсаулығын қорғау, әйелдерге медициналық тексеру жүргізу, жүкті әйелдерді және созылмалы гинекологиялық аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау және диспансерлік тіркеуге алу, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс, санитарлық – гигиеналық тәрбие жұмысын және салауатты өмір салтын насихаттау. Әйелдерге кеңес беру мекемесінің құрылымы: басқару (бас дәрігер, меңгеруші), тіркеу орны, күту залы, акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеттері, басқа мамандар кабинеті (терапевт, онколог, тіс дәрігері және т.б.), балалар гинекологиясы кабинеті, бедеуліктің және етеккір тоқтаған кезеңіндегі ақаулар кабинеті, жүктіліктен сақтану кабинеті, жүкті әйелдерге арналған психотерапиялық дайындау кабинеті, әлеуметтік-құқықтық кабинеті, «Ана мен баланың мектебі» атты кабинеті, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері: рентгенологиялық, физиотерапиялық, емдеу-егу кабинеті, функционалды диагностика, ультрадыбысты зерттеу, эндоскопиялық бөлімдері, зертханалар, шаруашылық бөлмелері.

Перзентхана – босанатын және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған стационарлық мекеме. Ол жеке және әйелдерге кеңес беру орнымен біріккен болады. Перзентхананың құрылымы: қабылдау-өткізу орны, ол санитарлық өткізу орны ретінде жұмыс істейді, физиологиялық акушерлік бөлімі, обсервациялық - акушерлік бөлімі, жүкті әйелдердің патология бөлімі, нәрестелерге арналған бөлім (палаталар), гинекология бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері.

Перзентхана мен әйелдерге кеңес беру орнының тіркеу құжаттары: жүкті және босанған әйелдердің жеке картасы (111/у), нақты диагнозды тіркеудің статистикалық талоны (025-2/у), перзентхананың алмасу картасы (113/у), жүкті әйелдерді, босанатын және бала туған әйелдерді тіркеу журналы (002/у), жүктілікті тоқтатудың медициналық картасы (003-1/у), туу тарихы (096/у), нәрестенің даму тарихы (097/у), стационардағы туу туралы жазу журналы (010/у), стационардан шығу статистикалық картасы (066/у), стационардың төсек қоры және науқастарды қабылдау мен шығаруын есепке алу парағы (007/у), туу туралы куәлігі (105/у), өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106/у), перинатальды өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106-2/у).

Бұл жүктілікке байланысты (баланың біткен жеріне және ұзақтығына қарамастан), жүктілік кезінде немесе одан кейін 42 күн өткеннен кейін, сәтсіз оқиғадан немесе кездейсоқ жағдайлардан тыс жүктілікке байланысты асқынулардан болған - аналар өлімі, ол денсаулық сақтау жүйесінің және туушылдық жасындағы әйелдердің денсаулығының интегральды көрсеткіші ретінде аналар өлімі көрсеткіші алынады. Аналар өлімі екі топқа бөлінеді: 1) тікелей акушерлік себептеріне байланысты; 2) жанама акушерлік себептеріне байланысты (әйелдердің жүктілік кезінде болған аурулары акушерлік себептеріне байланыссыз, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен болған асқыну). Аналар өлімінің себептері кешенді түрде қаралады. Қазақстанда аналар өлімінің ең маңызды себебтері: экстрагенитальды аурулар, акушерлік қан кету, гестоздар, түсік тастау.

Балаларды қорғау мекемелері: амбулаторлық-емханалық (балалар емханасы, балаларға арналған тіс емдеу емханасы, балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, ересектерге арналған жалпы аурухананың құрамындағы балалар бөлімшесі, перинаталды және неонаталды орталықтар), мамандандырылған мекемелер (балалар үйі, балалар санаторийлері, балалар яслиі, физикалық дамуы тежелген балаларға сүт дайындайтын мекеме).

Балалар емханасының құрылымы: басқару, ауруларды және сау балаларды екі топқа бөлетін сүзгі (мейірбике орны), тіркеу орны, егу кабинеті, учаскелік педиатр дәрігерлерінің кабинеттері, дені сау баланы күту кабинеті, аналарды балаларды күтіге ұйретуге арналған кабинеті, мамандар кабинеттері: хирург, невропатолог, оториноларинголог, окулист, отоларинголог, логопед, дерматолог және т.б., бір немесе бірнеше бокстар, әлеуметтік - құқықтық кабинеті, қосалқы емдеу-диагностикалық бөлімшелері (кабинеттері): рентгенологиялық, зертхана, физиотерапиялық, ЭКГ, емдік дене шынықтыру, логопед кабинеті және т.б. Жұмыстың негізгі әдісі – балаларға диспансерлік бақылау жүргізу.

Үйлестіру материалы: “Power Point” бағдарламасында жасалған 10 слайд.

Әдебиет:

1. Белова А.П. Организация медицинской помощи детям в условиях крупного города. – Л.: Медицина, 1988. - 288 с.

2. Гребешева И.И. Организация лечебно-профилактической помощи детям. - М.: Медицина, 1977. - 200 с.

3. Девятко В.Н., Исав Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с.

4. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Ана мен баланы қорғау жөнінде анықтамасы.

2. Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешудің жүйелі әдісі.

3. Әйелдерге және балаларға медициналық көмек ұйымдастыру ұстанымдары.

4. Ана мен баланы қорғау мекемелері.

5. Аналар өлімінің себептері.

Наши рекомендации